27. декабря 2011 · Комментарии к записи Медициналық құралдарды стерилизациялау отключены · Categories: Биология, анатомия, валеология

Жоспар

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Стерилизациялаудың түрлері
2.2 Медициналық құралдарды стерильдеу тәртібі
2.3 Стерилизаторлар
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Стерилизация  дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.

Біздің елімізде « Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және стерилизациялау  тараулық стандарты енгізілді. Осы стандартпен дезинфекциялау мен стерилизациялаудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді. Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелері ( ОЗБ )  ұйымдастырылды. Олардың негізгі мақсаты медициналық құралдарды залалсыздандырып, алдын –ала тазарту. ОЗБ-ның құрылымы  2 блоктан тұрады. Біріншісі залалсызданған, екіншісі залалсызданбаған блок. Залалсызданбаған блокта  залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға арналған материалдарды қораптау және бу стерилизаторларын, құрғақ ауа-шкафтарын дайындау жүргізіледі. Ал залалсызданған блокқа стерильденген материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерді залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғақ ауа шкафында залалсыздандыруға болады.

Мысалы вирусты гепатитпен ауырған науқастарға процедуралық кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала залалсыздандырылған шприцтер мен инелер беріледі. Процедуралық кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болуы керек.

Майлы шприцтер мен инелерге крафт-пакеттер немесе екі қабатты бөз орағыштар арналады. Майлы ерітінділерді енгізуге арналған шприцтерді басқа шприцтермен араластырмайды.ОЗБ-ға залалсыздандыруға тапсырғанда процедуралық мейірбике майлы шприцтері бар орағыштарды белгілейді, себебі олар бөлек салынады.

Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады:

  1. Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий олеатының ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа салу керек.
  2. Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шайады.
  3. « Биолот» жуғыш затына 15 минутқа батырады.
  4. 0,5 минут сумен жуады.
  5. Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шайады.
  6. Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді.

Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды.

Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді.

Азопириндік сынама – азопирам реактиві мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қанды даққа 2-3 тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды.

Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі.

Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады.

 Реферат / 12 бет


Comments closed.