27. декабря 2011 · Комментарии к записи ТҮРКИЯДА ЖАРНАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ / ғылыми жұмыс отключены · Categories: Әдебиет, Қазақ тілі

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Жарнама тарихы
2. Туркияда жарнаманың балалар психологиясына әсері
3. Туркиядағы жарнама туралы заңдар

Қорытынды
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

         Туркияда нарықтық эканомиканың жедел қарқынмен дамуы жанраманың БАҚ арқылы таратудың әлемдік деңгейдегі бағытына байланысты. Әрбір қоғамның әлуметтік, экономикалық дамуы сол қоғамдағы нарықтың жедел қарқымен дамуында қызу бәсекелестік туғызады. Онда негізгі рөлді жарнама алады. Нарық экономикасына дейін біздің елде жарнама мәселесіне көп көңіл бөлінген жоқ. Ал қазір күнделікті өміріміздің бір бейнесіне айналды. Психолог- мамандар жарнама сауданың қозғаушы күші ғана емес, балдырғандардың психикасына кері әсер ететін құрал екенін айтып отыр. Сонда 2-3 минуттық жарнама соншалықты қауіпті ме?

Бұл ғылыми еңбегімізде Туркиядағы Туркияда жарнаманың  пайда болуы және дамуы, теледидардағы жалпы интернеттегі жарнаманың бала психологиясына әсері жөніндегі пікірлерге кеңінен назар аудардық, қарастырдық.

         Ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы:

БАҚ-тың  заман ағымына, уақыттың талабына, өмір сүріп отырған қоғамына қарай көтеріп отыратын мәселелері болады. Туркиялық  БАҚ жарнаманы -өмір сүрудің негізгі тірегі ретінде қарайды.

Қәзір қай жерге барсаң да әлем-жәлем жарнамаға көзің сүрінеді: үйде де, қоғамдық орында да, көшеде де, жұмыста да. Жарнамашылар өзінің тауарын өткізу үшін барлық тәсілді қолданады. Дегенмен, ең қымбат, әрі ең тиімді жарнама – теледидардағы жарнама екені ешкімге құпия емес.      Ғалымдардың айтуынша, жарнама есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді. Кейде жарнаманың ұзақтығы сонша, көрермен қандай кино көріп отырғанын да ұмытып қалады екен. Оған қоса, жарнама жастар арасында орынсыз бәсеке тудырады екен. Сондықтан-да, Туркиядағы  тележарнаманың бала тәрбиесіне  ықпалынғылымыи жұмысымыздың зерттеу обьектісі етіп алдық.

         Жұмыстының мақсаттары мен міндеттері:

Туркиядағы тележарнамаларға назар аударсақ, әсіресе, азық-түлік жарнамалары балалар арасында кең таралған. Олар – шоколад, газдалған сусын, түрлі-түсті, ащылы-тәттілі сағыздар, қуырылған картоп, т.б. Балалар ата-анасымен дүкенге бара қалса, осы заттарды әперуін сұрайды. «Болмайды» деп алып беруден бас тартқан жағдайда «шалқасынан түсетін» кішкентайлар да жоқ емес. Ал, кейбір жарнамалар балаларға арналса да, берер еш тәрбие-тағылымы жоқ. Керісінше, зиянды тауарды алып бермеген ананы жаман етіп көрсетеді. Осыдан кейін баланың алдында ата-ананың беделі түсетіні сөзсіз. Қандай жағдай болса да, анамен бала арасын алшақтатпау керек емес пе? Бұл – бала психикасына жасалған

шабуылдардың бірі ғана. Жарнама, сондай-ақ, жасөспірімдердің басы біріккен кезде айтатын әңгімелерінің бірі. Теледидар алдында көп отыру баланың шектен тыс салмақ қосуына, ақыл-ойының тежелуіне, ойын көркем тілмен нақты жеткізе алмауына, еске сақтау қаблиетіне кері әсері тигізеді. Тележарнамалар сипатына ерекше мән беру, маңызын түсінтіру, ғылымыи  жұмысымыздың міндетіне жатады.

Зерттеулер нысаны:

Біз өзіміздің шағын зерттеу жұмысымызда Туркиядағы тележарнамаларды талдауға әрекеттедік. Жалпы жарнамалар қазір күнделікті өміріміздің бір бейнесіне айналды. ХХ ғасырдың ортасында біздің өмірде жарнамасыз елестету қиын деген сұрақпен нақты зерттеу басталды. Біз жарнаманы кез-келген жерде кездестіреміз.

Жарнама іс-әрекеті қазіргі таңда енді зерттеліп келе жатқан тың зейін қоятын психологияның ерекше саласы. Жарнамалардың  психологик әсері туралы  пікірлерге назар аударып өттік. Оларға шама-шарқымыз жеткенше сараптама жасадық.

         Теориялық және әдістемелік негіздері:

Зерттеу барысында біз Туркияда жарнаманың  пайда болуы тарихын интернет арқылы біліп алдық. Сондай-ақ, жұмысымызға арқау болған мәліметтерді, Туркиядағы  ТРТ-1, ТРТ-2, Dream TV, Dream Türk TV сияқты телеканалдар да берілетін тележарнамаларды қарастыру арқылы жынадық.Жалпы алғанда ғылымыи жұмысты университетте алған біліміме сүйеніп жаздым.

Ғылымыи жұмыстың құрылымы:

Ғылымыи  жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«Жарнама»- терминінің шығу тегіне үңілсек, ол француз тілінде «Rehato»- айқайлаймын, деген мағнаны береді екен. Ал, қәзіргі жарнамалар шынымен-ақ, айқайлап тұратыны сөзсіз.

Көне Римның көшелері мен алаңдарында «альбумси» атты қабырға болған. Ол Қабырғаны әктеп, бірнеше шаршыға бөліп қойған. Сол қаладағы бай саудеагерлер өздерінің сауда-саттықтары туралы хабарландыруларын сол қабырғаға көмір немесе түрлі бояулар мен жазатын болған.

Х ғасырда алғаш рет Қытайда таңбалық жарнама пайда болған.

Алғашқы кезеңі жарнамалық іс сонау ғасырларда пайда болған.       Жарнаманың тарихы мен әлемдік дамуы жөнінде айтатын болсақ, оны екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: 1. Басталу кезеңі, 2. жетілдіру кезеңі.

Басталу кезеңі біздің дәурімізге дейін көп уақыттар бұрын пайда болған. Бізге бірінші болып жеткен жарнамалық мәтериал Египеттік папирустар болды. Онда бір құлдың сатылуы жөнінде хабарландыру жарияланған. Жалпы жарнама терминінің қалыптасуы туралы түрлі пікірлер бар. Мысалы: Reкламоре- латынның  жауап қату, және келіспеу деген мағнасын береді.

Теледидарда әрбір фирма өз жарнамасын бере отырып, көрермендер назарын өз өнімдеріне аударуға көңіл бөледі. Бұқаралық коммуникация жөніндегі мамандар жарнамаға бірден көңіл аударту әдістерін: біргейлік, іс-қимылдық, қайталама, өнімділік, қарама-қарсылық әрекеттерін эфирде жиі пайдалануда. Бұлардың жеке-жеке мәні мынада:

  1. «Бірегейлік – бәсекелестік кезеңінде жарнаманы жаңаша беру тәсілі. Көрермен әлі де ден қойып үлгермеген, жаңа ғана көрген затына бірден көңіл аударуы заңды.
  2. Іс-қимыл әдісі – жарнамада бейнелеуіш құралдарын пайдалану. Ол аса кескінді, айқын, ерекше жағдайда түсірілген ракурспен берілуі қажет. Ол көрермен көңіл-күйін өзіне бірден баурайды.
  3. Қайталанған түрі – бір жарнаманың теледидарда жиі-жиі қайталанып берілуі. Мысалы, бір фирма теледидардың бір апта не бір айында күн сайын не күн ара, белгілі бір уақытта осы жарнаманы беруге, жарнама бөлімінен келісім-шарт жасайды. Жарнаманың осы түрін «Бутя», «Астана-моторс», «Казкоммерцбанк» т.б. жиі пайдалануда. Олар бір-біріне бейне жағынан ұқсамайды, әрі әрбірінің өзіндік сипаты бар.
  4. Қарама-қарсылық (контраст) формасы» – бір фирманың бір жарнамасын басқа үлгіде, өзіндік сипатта ешкімге ұқсамайтындай етіп жасау. Бұл ертеңге ұмтылып, көш бастаушы ретінде көрінуге иқпал етеді. Жарнаманы теледидарда бір-бірін қайталамайтындай, өзіндік бетін таба, әр қырынан берудің жолын таба білуі керек.

Әрбір қоғамның әлуметтік, экономикалық дамуы сол қоғамдағы нарықтың жедел қарқымен дамуында қызу бәсекелестік туғызады. Онда негізгі рөлді жарнама алады. Нарық экономикасына дейін біздің елде жарнама мәселесіне көп көңіл бөлінген жоқ. Ал қазір күнделікті өміріміздің бір бейнесіне айналды.

Жарнама іс-әрекеті қазіргі таңда енді зерттеліп келе жатқан тың зейін қоятын ерекше сала.

 Ғылыми жұмыс / 15 бет


Comments closed.