Питирим Сорокин (1889-1969) Ресейде қарапайым отбасында дүниеге келген, оңшыл әсерлер партиясының жетекшісі болған. 1919 жылдан Петроград университетінің профессоры, абақтыға қамалған, өміріне қауіп төндірген соң 1922 жылы Ресейді тастап, Америкаға көшуге мәжбүр болды. Онда Гарвард университетінің профессоры атағын алды, алуан түрлі тақырыпқа отыздан астам кітап жариялады. Өзінің еңбектерінде тарихи процесті мәдениеттің негізгі тұрпаттарының толқулары деп білді, осы заманғы мәдениет дағдарысқа ұшырап отыр деп санап, мұны материализм мен ғылымның дамуынан көрді, одан шығудың жолы діни идеалистік мәдениетті дамыту деген қорытынды жасады. Ол әлеуметтанудағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік белсенділік теорияларының негізін қалаушылардың бірі. Оксфорд «Әлеуметтану» сөздігінің авторлары «кейінгі ұрпақ оның еңбектеріне оншалық ықыласты емес» деп санайды.

Адамдар ықпалдастығы құбылысы адамдардың біреуінің (бірнешеуінің):

а) психикалық ахуалы немесе; в) сыртқы актылар, яки; с) бұлардың екеуінің де басқа бір немесе бірнеше индивидтің тіршілік етуінің және жай-күйінің (психикалық немесе физикалық) қызметін көрсеткен кезде пайда болады. Басқаша айтқанда, бір индивидтің психикалық ахуалындағы немесе сыртқы актысынан туындайтын кезде, олардың екеуінің арасында қызметтік байланыс орын алған кезде, біз сол индивидтер ықпалдасады дейміз.

реферат / 9 бет


You must be logged in to leave a reply.