Қабдеш Жұмаділов 24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998).

Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).

«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965-1967) «Жазушы» баспасында (1967 –1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 – 1981) қызмет істеген.

1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.

Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974-1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық «Қылкөпір» (2003) романдары.

Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде

реферат / 6 бет


You must be logged in to leave a reply.