Түрі: Коммерциялық емес ақпарат агенттігі
Өнеркәсіп: Бұқаралық ақпарат құралдары
Орнаған жылы: Париж (1835)
Штаб-пәтер: Париж, Франция
Қызметкер: 2900

«Франс-пресс» агенттігі әлемдегі ең көне агенттіктердің бірі. Оның негізін 1835 жылы француз жазушысы, аудармашы Шарль Луи Гавас қалаған, ал 1944 жылы Франция нацистік оккупациядан азат етілген соң ол қазіргі атауға және тәуелсіз ақпараттық агенттік деген мәртебеге ие болған. Шарль-Луи Гавас (5.07.1783-21.05.1858) –  Руан қаласында дүниеге келген.

Наполеон кезінде Гавас банкир болған, үкіметке қомақты кредиттер берген. Император құлаған жылдары үкімет кредиттерін бере алмаған соң, Гавас өз ісін Еуропалық мерзімді басылымдарды аударумен, шет тілдерін үйренумен айналысты. Шетел баспасөзіндегі шолуларды Гавас париждік мерзімді басылымдарына ұсынған. Сөйтіп «Гавас» агенттігі пайда

болды. Агенттікте танымал париждік газеттер «Журналь де Деба», «Конститюсьонель», «Пресс», «Сьекль» жұмыс жасады. Кейіннен Гавас еуропалық тілшілердің ауқымды желісін құрып, әр елден ақпарат алу мақсатында өз тілшілерін жіберіп отырды.

 Реферат / 12 бет


You must be logged in to leave a reply.