Жоспар:
1. Кіріспе……………………………………………………………………………………….3
2. Негізгі бөлім:
2.1. Экологиялық сана және экологиялық мәдениет…………………..5
2.2. Қазақстандағы экологиялық жағдай…………………………………….7
2.3. Экология – жаһандық мәселе………………………………………………10
3. Қорытынды………………………………………………………………………………..14
4. Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………….15

Кіріспе:

Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені белгілі. Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноктық қатынасқа байланысты адамдардың қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және осы сияқты басқа көптеген талаптарды өткір қойып отыр.
Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп, әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – неосфера дәуірінің басталуы.
Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік. Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксіз, оны сақтап, қорғау туралы кең бағдарламалық шараларды тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті.
Қорыта айтқанда, ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табиғи, обьективті процесс.
Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді

реферат / 15 бет


You must be logged in to leave a reply.