Мазмұны

Кіріспе

1 Негізгі бөлім
1.1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ
1.1.1 Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық – педагогикалық мүмкіндіктері мен негізгі бағыттары
1.1.2 Электрондық оқулық түсінігі
1.1.3 Электрондық оқулықтар, құрылымы
1.1.4 Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың тиімді-тиімсіз жақтары
1.2 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
1.2.1 Химия сабағында динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалану
1.2.2 Химияны оқытуда интернетті тиімді пайдалану
1.2.3 Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығуын арттыру, естесақтау, ізденушілік кабілеттерін дамыту
1.2.4 Компьютердің оқушы білімін тексерудегі ролі

2 Эксперименттік бөлім
2.1 Химия пәнінен ақпараттық технологияны қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштері
2.2 Химия пәнінен дәстүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштері
2.3 Химиядан өткізілген дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың саластыруына сараптама
2.4 Компьютерлік технологияның сабақты өткізу кезеңдеріндегі қолдану үлесіне талдау
2.5 Компьютерлік технологияны қолданудың оқушылардың танымдық-ізденушілік қабілеттерінің әсерін анықтау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Кіріспе

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттігі туады.[3]

ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс»-деп, атап көрсетті.[6]

Экономикасы күшті дамыған елдердің  тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кепілі  екендігін көрсетіп отыр. Олай болса  қазіргі заманның ақпараттық және  телекоммуникациялық технологиясын игеру әрбір мұғалімнің басты міндеті болып табылады.[2]

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы  дамыта  оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту  мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.[9]

Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет — талабы- таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару.[24]
Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды , жауапты міндеттің бірі- оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірбиесінде таңдап алуы керек.[17]
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді.[13]
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану- оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.[16]

Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген техологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Бүгін де неліктен білім технологиясы жайлы көп айтылуда? Жаңа заманымыздың білім жүйесі оқу- тәрбие үрдісінде технологиядағы түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға ерекше көңіл бөлудің себебі неде? Біріншіден, педагогикада іскерлік жүйесінің жаңа жолын табуға қажеттіліктің тууы. Екіншіден, оқытуда жеке белгілей оқыту, білім беру тиімділігін арттыру. Ең соңында технологияны жобалау — оқушы мен ұстаз арасындағы өзара қатынасты қалыптастырып, білімге қызғушылығын арттыруды бір жүйеге келтіру,әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізу. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт.[24,4,8]

Бұл жетістіктерге арнайы курс, тәжірбие алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді. Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту- бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.

Зертеу объектісі: Семей қаласының № 37 мектеп-гимназиясы 9 «Г» – 9 «А» сынып оқушыларының оқыту үрдісі (химия пәні бойынша).

Зерттеу мақсаты:  

Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік  қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.

Зерттеу міндеттері:

Болжамды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер шығады:

– Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.

– Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру,  іс шаралар кешенін әзірлеу.

– Компьютерлік және саралап – деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту үрдісіне енгізу негізінде:

а) химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.

б) Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.

в)  Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама.

Ғылыми болжам:

– Егер Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың  пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.

– Жаңа ақпараттық технологияны  қолданса әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады.

– Жаңа ақпараттық технологияны тиімсіз пайдаланғанда,  қажетті талаптарды сақтамаса оқушыныі білім сапасына танымды белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Зерттеу әдістері:

Бақылау алу, тестілеу, сауалнама алу, тәжірибе жасау, бағалау.

Эмпирикалық: Индукция, салыстыру, жіктеу тәсілдері.

Зерттеу іздену жолдарының кестесі: (Қосымша-А) көрсетілген

 Дипломдық жұмыс / 82 бет


You must be logged in to leave a reply.