Жоспар
І кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Фосфор…….3
2.2 Фосфордың өттектің қосылыстары…..4
2.3 Табиғатта таралуы…..6
2.4 Фосфордың алынуы мен қолданылуы……9
2.5 Фосфордың қасиеттері….10
2.6 Фосфордың оксидтері және қышқылдары…..12
2.7 Фосфор тыңайтқыштары……18
2.8 Фосфордың сапалық анализі…..22
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

 Кіріспе

Қоршаған табиғи ортада зиянды қалдықтардың түзілуінің негізгі көздерінің бірі – химия өнеркәсібі екендігі белгілі. Соның ішінде фосфор өндірісінің қалдықтарының табиғи ортаға, адам мен жануарлар ағзаларына және өсімдіктер дүниесіне зиянды әсерін тигізіп отырғанын айтпай кетуге болмайды. Фосфоритті шикізатты өндіру және өңдеу жұмыстары қоршаған ортаға кері әсер ете отырып, онда қалыптасқан экологиялық байланыстарды бұзады. Бұл өзгерістер әртүрлі жағдайда қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерін тигізеді. Соның ішінде, ең маңыздысы жер асты және жер үсті суларының ластануы. Су нысандарына үлкен қауіп төндіретін минералданған ағызынды сулар және олардың құрамындағы фосфорлы және фторлы қосылыстар мен жер асты суларының ластануы берілген нормадан 3-4 есе артып отыр.  Жер қорларының жағдайына әсер етуі бойынша жерді рекультивациялау мүмкін болмайды, себебі, ашылған жыныстардың құрамында уранның, фосфордың радиоактивті қосылыстардың болуы, топырақты тек ластап қана қоймай, биосферадағы тірі заттар жүйесінің алмасу механизмін де бұзады. Фосфатты  шикізатты өңдеудің негізгі мәселелерінің бірі – фтордың зиянды әсері. Бұл фтордың аз ерігіш түрде болатындығын растайды және эндемикалық флюороздың дамуына мүмкіндік жасайды. Фосфаттарды өндіру барысында фтор, әдетте, тез ерігіш және ұшқыш түрге түзіледі. Минералды тыңайтқыштар алу мақсатында фосфатты кендерді өңдеуде фтордың дайын өнім мен қалдыққа (сұйық, қатты, газ түріндегі) бөлінуі жүреді. Жаңатас аймағында үлкен жылдамдықтағы  желдердің болып отыратындығын ескерсек, ондағы атмосфераның әртүрлі құрамды шаң-тозаңмен бірге фосформен ластануы едәуір жоғарылайды.

Фосфор және фосфор өнімдерін шығаратын өндіріс орындарынан атмосфераға тасталынатын зиянды заттардың өндірістің санитарлық қорғау белдемі шекарасындағы концентрациялары ШРК талаптарынан аспайтындығын мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған. Бірақ, сол мониторинг құжатында аса ұнтақ дисперсті болып табылатын фосфогипс сақтау  қоймасынан желді күндері атмосфераға көтерілетін фосфогипс  шаңы мен оның құрамындағы қоспалардың атмосфераға сапалық көрсеткіштеріне қосатын үлесі анықталмаған.

 Курстық жұмыс / 25 бет


You must be logged in to leave a reply.