МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ….5
1.1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік ерекшелігі………5
1.2Тарихы мен мәдениеті………….9
1.3Маңызды туристік аудандары…………10

2 ТҮРКИЯ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ БІРІ…..14
2.1Туристерді тартатын ірі қалалары……..14
2.2Туризмнің жақсы дамыған түрлері…….20
2.3Туристік инфрақұрылымы………….22

3 ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ……….25
3.1Түрік- қазақ туристік байланыстарын нығайту және дамыту жолдары……….25
3.2Түркия Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына өз үлесін қоса алады……..30
3.3Қазақстан мен Түркияның мамандары туризм саласында өзара тәжірибе алмасуы………31

ҚОРЫТЫНДЫ…….32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….34

 КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта туристік жолмен дүниежүзінің бірқатар мемлекеттері жақсы дамып, мемлекеттік бюджетке көптеген кіріс кіргізуде. Олардың қатарында туристік жолмен көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан Түркия мемлекеті де бар.  Бұл мемлекетте туризм  мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономикалық саласы болып табылады.

Осы тұрғыда таңдап алынған курстық жұмыс «Түркияның халықаралық туризмі». Тақырыбымның аясы кең, әрі ауқымды мәселелерді қамтиды.   Оның ішінде жалпы туризм саласының өзіндік ерекшеліктері, оны шешудегі қойылатын талаптардың орындалуы және Түркиядағы туризмнің ел экономикасындағы алатын рөлін анықтау болып табылады.

Түркияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани, сонымен қатар діни құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Түркия аса танымал.

Түркия дүние жүзінде туристерді ең көп тартатын мемлекеттердің бірі. Туристерді ең көп қабылдайдын елдер арасында Түркия үшінші орынды алады. Жыл сайын бұл мемлекетке әлем туристердің 46% келеді.

Түрік Республикасы Кіші Азия мен Шығыс Фракия жерінде Еуропа мен Азия аралығында Дарданелла, Мәрмәр теңізінің және Босфор сулары екі құрлықты бөлетін жерде орналасқан мемлекет. Елдің мәдениеті уникалды, ал тарихы ежелгі Византия тарихы сияқты бай мемлекет. Түркия жағалаулары Клеопатра, Ескендір Зұлқарнайын сияқты ұлы тұлғалар есімдерімен байланысты. Түркия дегенде Апостол Павел мен оның «Ефесеняндарға жолдауы», Гай Юлий Цезарьдің «Veni. Vedi. Vici.» сөздері, яғни «Келдің. Көрдің. Жеңдің» деген сөздері Зела деген жерде  Анкараның қасында пайда болған сөздері еске түседі.

Түркия шоп-турларымен белгілі. Сондай-ақ мемлекет отельдері дүние жүзінде комфортты отельдердің бірі болып келеді. Бірақ ең бастысы тарих және архитектура ескерткіштері көп шоғырланған мемлекет болып табылады.

Түркия – мозайкалы ел. Ол құрлықтық және аралдық бөліктерден тұрады. Ауылдары мен жағалаулары бір-бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие. Бір-біріне жақын орналасқан тарихи қалалардың өздері де айырымашылықтарға толы: біреуі шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен саты‑көшелер арқылы көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме-клубына айналған.

Қазіргі таңда, Түркиядағы туризмнің   дамығаны соншалықты, тiптi қалталы туристерден бастап қалтасы жұтаңдау қонақтардың көңiлiнен шығудың амалдары барынша жақсы жолға қойылған. Жалпылама туризм жайлы айтсақ, бiр туристiк турдың пакетi 1000 долларға шамалас. Бiрақ жыл сайын ел бюджетiне түсетiн пайданың өзi 20 миллиард долларға дейiн жетiп қалады. Бұл Түркияның туризм министрлiгi туристердiң жас ерекшелiктерiмен де санасып, қызмет көрсетудiң түр-түрiн ұсынады. Мұстафа Мұтлының айтуынша, егде жастағы адамдар көбiне Стамбұл мен Кониядағы тарихи сарайлар мен ескерткiштердi көруге ұмтылса, жастар мәдени ескерткiштерден гөрi теңiз суының бойында шомылып, қайықта жүзудi ұнатады екен. Өз кезегiнде елдiң туризм саласы шетелдiктерге барлық демалыс түрлерiн ұсынады: қысқы туризм – шаңғы тебу, жазғы туризм – теңiз бойында шомылу, мәдени-архитектуралық туризм – тарихи сарайларға серуен жасау, тағысын тағылары… Мұның бәрi де туристiң жақсы демалып, келесi жылы елге қайта келуi үшiн жасалынған сияқты.

Осыған байланысты, бұл жұмыста Түркияның турістік жағдайын және оның халыққа маңыздылығы ашып көрсетіледі.

Жұмыстың мақсаты: Бұл тақырыпта: «Түркиның  халықаралық туризмі» қалам тартып зерттеулер жасауымдағы басты мақсат:  Түркияның туризм дамуы үшін қандай туристік-рекреациялық ресурстары бар екенін анықтау және қазіргі туризм индустрия жағдайын анықтау болып табылады.

Сонымен қоса курстық жұмысты жазу барысында нақты деректерге сүйене отыра жаңалық енгізу және курстық жұмысты қазіргі ғылыми зерттеу саласындағы стандартқа сай жазылуын қадағалау.

Жұмыстың міндеті:

1.  Түркияның табиғи рекреациялық және туристік ресурстарын анықтау.

2. Түркия туризмінің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.

3. Туризмнің ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.

4. Түркияның қазіргі туризм индустриясын талдау.

5. Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы туризмнің деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы туристік байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың  болашағына талдау жасау.

Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі әдебиет көздері пайдаланылды: ағымдағы басылымдар, энцеклопедиялық басылымдар, жол сілтеуіштер, анықтама басылымдары мен интернет көздері қолданылған болатын.

Курстық жұмыста Түркияның туризмі дамуының табиғи, тарихи-мәдени алғышарттары қарастырылып, туристік орталықтарына, туризмінің жағдайына талдау жасалады.

Алға қойылып отырған басты нысан Түркия туризміндегі жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау.

 Курстық жұмыс / 34 бет


You must be logged in to leave a reply.