МАЗМҰНЫ
Кіріспе.  . . 3 бет

I тарау. Туристік қызметтер нарығы қалыптасуының теориялық негізі. 6
1.1. Туризмнің әлеуметтік — экономикалық негізі .  . 6
1.2. Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтер нарығының қазіргі жағдайы . . . .11
1.3.Туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері . . 21

IIтарау. «Нур-ай» туристік агенттігінің экономикалық қызметін талдау.. . .29
2.1 «Нур-ай» туристік агенттігінің жалпы сипаттамасы . . 29
2.2 2001-2003 жылдар арасындағы туристік агенттігінің экономикалық қызметін талдау . . 36

IIIтарау. «Нур-ай» турагенттігінің маркетингтік қызметін жетілдіру . . .46
3.1 Туристік – экскурсиондық қызметте маркетинг кешенін қолдану . . . . 46
3.2 «Нур-ай» турагенттігінің туристік қызметтерін жылжыту стратегиясын қалыптастыру . . . .51

Қорытынды . .. . . 58
Пайдаланған әдебиеттер .  . .61

Кіріспе

         Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа ұйымдастырушылық – құқықтық формаларға тез бейімделетін және қысқа уақыт мерзімінде ұлттық экономиканың катализаторы бола алатын жаңа салаларды дамыту қажеттілігі туындады. Осындай салалардың бірі – туризм саласы болып табылады.

Туризм ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша туризм жиынтық ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда республикамызда туризмнің әр түрімен айналысатын 600 астам туристік фирмалар қызмет етеді. Туризм алғашында жоғары табысты экономика саласы ретінде қарастырылмай, туристік қызметтің тек әлеуметтік аспектілері ғана ескеріліп келген болатын. Нарық экономикасымен байланысты жаңа механизм тұсында туризмнің экономикалық және мәдени, саяси негізі жаңа мәнге ие бола бастады.

Туризм индустриясы мемлекетке экономикалық және әлеуметтік пайда әкелетін сала, қаржы салудың берік сферасы ретінде көпшілікке мәлім. Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, бұл саланың дамуы елдің валюталық жағдайын, халықты жұмыспен қамтуын жоғарлатуға өз әсерін тигізіп, әлеуметтік – мәдени жағдайдың жақсаруына және халықтың денсаулығының жақсаруына әсер ететіндігін көрсетті.

Туризмнің тиімді дамуы маркетинг жүйесін ендіру арқылы ғана мүмкін. Соңғы жылдары Қазақстанда туристік қызметте маркетинг элементтерін қолдану кең өріс алуда. Алайда, туристік маркетингті ендіру жүйелілік және мақсаттылық сипатқа ие болмай, туристік фирма басшысының эпизодты инициативасы ғана болып табылады.

Сондықтан туристік қызметтің экономикалық тиімділігі мен бәсекеқабілеттілігін жоғарлату үшін, туризмде маркетингтің бүтіндей концепциясын қолдану қажеттілігі туындап тұр. Туристік фирмалар бәсекелестік артықшылықтарға ғана жету мақсатын көздеп қоймай, сонымен қатар қызметінің әрбір кезеңінде маркетингтік орта өзгерістеріне бейімделуге және нарықта жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Туризмде бәсекелестік артықшылыққа жету оңай емес, бірақ бірнеше артықшылықтарды иемденіп, белгілі бір уақыт мерзімінде нарықтың үлесін алу мүмкіндігі бар. Бәсекеқабілеттігін жоғарлату Қазақстанның туристік фирмаларының даму стратегиясына айналуы керек, сонда ғана туристік фирмалар нарықта қызмет етіп қана қоймай, өз қызметтерін кеңейтуге, нарықтағы үлесін арттыруға мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда бұл сұрақ өте актуалды болып табылады, сондықтан берілген дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалынып алынған.

Туристік маркетингтің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер туристік сала спецификасымен және бұл саланың аз зерттелгендігімен сипатталады. Қазақстанда туризмнің әр түрінің дамуына қолайлы табиғи – рекреациондық ресурстар мен қалыптасқан тарихи жағдайлар баршылық. Туристік маркетингті қолдану туризмнің алдыңғы қатарлы салалардың біріне айналуына және Қазақстан экономикасының катализаторы болуына өз септігін тигізеді.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты  туристік қызметте маркетингті қолданудың мәні мен рөлін анықтап, «Нур-ай» туристік агенттігі қызметінде маркетинг элементтерін қолдану, туристік қызметтерін жылжыту стратегиясы бойынша ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.

Осыған орай, дипломдық жұмыста келесідей міндеттер қойылып, шешілді:

—         туризмнің әлеуметтік – экономикалық мазмұнын ашып көрсету;

—         Қазақстандағы туристік қызметтер нарығының қазіргі жағдайын сипаттау;

—         туристік қызметтердің мәні мен ерекшеліктерін анықтау;

—         туристік қызметтер нарығы мен маркетингісінің ерекшеліктерін анықтау;

—         «Нур-ай» туристік агенттігіне жалпы сипаттама беру және турагенттік қызметіне экономикалық талдау жүргізу;

—         «Нур-ай» туристік агенттігінің қаржы – экономикалық және маркетингтік қызметіне талдау жүргізу;

—         «Нур-ай» туристік агенттігінің туристік қызметтерін жылжыту бойынша ұсыныстар қалыптастыру;

—         «Нур-ай» туристік агенттігінің қызметінде маркетингтік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Берілген дипломдық жұмыстың объектісі — «Нур-ай» турагенттігі болып табылады.

«Нур-ай» туристік агенттігінің маркетингтік қызметінің мақсаты  турагенттіктің шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарлату болып табылады.

Талдау «Нур-ай» турагенттігінің бухгалтерлік және қорытынды есеп беру құжаттарын зерттеу негізінде жасалынады.

Берілген дипломдық жұмыста алдыға қойған міндеттерді шешудің негізгі зерттеу әдістері, яғни экономикалық талдау, маркетингтік және әлеуметтік әдістер қолданған.

Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» заңы, туризм саласындағы белгілі ғалымдар мен практиктердің: Квартальнов В.А., Зорина И.В., Сапрунова В.Б., Гуляев В.Г.,  Алтынбаев Б.А. сияқты автолардың еңбектері қолданған.

Экономикалық және шаруашылық механизмнің жаңа түрлері, туристік салада қолданылатын әлеуметтік – экономикалық кешенді басқару формаларының әртүрлілігі белгілі бір механизмді қалыптастыруды қажет етеді және осындай механизм маркетинг болуы мүмкін.

 Дипломдық жұмыс / 62 бет


You must be logged in to leave a reply.