МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
1.1 Географиялық орны
1.2 Көне Тараз тарихы

2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
2.1 Тарихи — мәдени
2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы

3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы
3.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және  орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған.

Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.

Жедел қанатын жайып келе жатқан туризм индустриясы әлемдік экономиканың дамуына өзінің қомақты үлесін қосып келуде. Еліміз экономикасының дамуында басымды бағыттардың бірі ретінде Қазақстанда туризмнің өріс алуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы саланы дамытуда мемлекеттің қолдауы нәтижесінде осы заманғы, тиімділігі жоғары және бәсекелестікке қабілетті туризм инфрақұрылымын жетілдірудің бүгінгі күнгі стратегиясы қалыптасуда.

Еліміздің туризмге тартымды өкілдерінің ішінде Тараз қаласы туристерді бірден-бір қызықтыра алатын, туристік көне ескерткіштері мол, туризмді дамытуда үлкен мүмкіншіліктері бар өлке екені сөзсіз.

Туристік өңір ретінде, ауа райының қолайлығымен, табиғаттың әсемдігімен, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сан түрлілігімен, таулы жерлердің ғажайып көркі мен тамылжыған табиғатымен біздің облысымыз туристік қызмет көрсетудің халықаралық нарығында оңды көрініс алып отыр.

Саяси тұрақтылық, демократиялық өзгерістер біздің өлкенің беделін арттыруға қолайлы жағдай жасауда.

Бай мәдени мұралар, ежелгі Тараз қаласын мекендеген түркі халықтарының аңыздары, тарихи ескерткіштар мен археологиялық қазбалар Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан учаскесінің мәдени-тарихи ресурстары мен туристік әуелетінің негізі болып таблады.

Тараз қаласы шғыс халықтарының меймандостығымен, аса бай ұлттық мәдениетімен, табиғаттың көрікті жерлерімен және ескіліктің ғазайып ескерткіштерімен тамсандырып, құшақ жая қарсы алатыны сөзсіз.

Жұмыстың мақсаты: Тараз қаласының  туристік мүмкіндіктерін анықтау.

курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.