Жоспар:
Кіріспе
1. Қонақ үйдің теориялық аспектілері
1.1 Қонақ үй түрлері және функциялары
1.2 Қонақ үй қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.3 Қонақ үй классификациясы мен типологиясы

2.Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспардың құрылымы
2.1 Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспардың мазмұны,ерекшелігі
2.2 Қонақ үй кәсіпкерлігінің бизнес жоспары

3. Қонақ үй дамуының қазіргі жағдайы
3.1 Қонақ үй индустриясының дамуына халықаралық және жергілікті туристік ұйымдардың тигізетін әсері
3.2 Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің қазіргі жағдайдағы даму деңгейі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша а
Қосымша ә
Қосымша б
Қосымша в

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қонақ үй- мемлекеттік стандарт бойынша адамның уақытша тоқтауына мүмкіндік жасаған барлық объектілер. 18-19ғасырларда экспедицияның дамуына байланысты қонақ үй шаруашылығы өте дамыды. Негізгі даму тарихы ежелгі Римде,Грецияда б.э.д. 1700жылы Вавилондық Хаммурапи ханның құжаттарында «таверна»- тамақтану туралы алғашқы мәліметтер беріледі. Жалпы қонақ үй сөзі – «хостпис»- ерекше қабылданатын  деген сөзден шыққан.

Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.

Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы уақытша өз үйі.Ал үй ішінде адам өзін жақты сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болу шарт.Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта – қайта келу тілегін қалыптастыру керек.

Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарастыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Қонақ үй түрлері мен функцияларын қарастыра келе, қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталып, бизнес жоспардың құрылымын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті. Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспардың құрылымын анықтау.

Курстық жұмыстың нысаны. Қонақ үй және қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспар.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Ғаламтор желісінің ақпараттары, зерттеушілер мен авторлардың еңбектері мен кітаптары, өз қорытындыларым мен ұсыныстарым.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімінде жалпы қонақ үй туралы, түрлері мен функциялары жөнінде қарастырамын, екінші бөлімінде қонақ үй кәсіпкерлігінің бизнес жоспарына толықтай тоқталамын, үшінші бөлімінде қонақ үй бизнесінің Қазақстандағы қазіргі жағдайын айтып, курстық жұмысымды қорытындылаймын.

 Курстық жұмыс / 46 бет


You must be logged in to leave a reply.