МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨРБУ ЖОЛДАРЫ
2 ЖЕТІСУ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
3 ЖЕТІСУ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДАМУ, ӨРКЕНДЕУ СИПАТЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Ежелгі замандардан бастау алатын әдебиет нұсқалары әр елдің салт-дәстүрлерінен, түсінік-танымынан, мақсат-мүддесінен хабар береді. Әдебиет тек халық тарихының тұтастай шежіресі ғана емес, белгілі бір дәуірдің айнасы да болып есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда біз қазақ тарихында айрықша орны бар ХIХ ғасырды зерттеу нысанасы ретінде белгіледік. Зерттеудің уақыттық мерзімі ХIХ ғасыр болса, әдебиеттік мән-мазмұны тұрғысынан Жетісу ақындық мектебінің даму, қалыптасу кезеңдері қарастырылады.

ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындары өзінің жаңа идеяларын поэзияның бұрынғы дәстүрлі үлгі формаларында жырлады. Табан астынан өлең құрап, сөз қағысуға даяр тұратын суырыпсалма ақындар әдебиетті айтарлықтай дамытты.  Жетісу ақындарының айтыстарында қазақ елінің тағдыр-тауқыметі, салт-санасы, дәстүр-дағдысы көрініс тапты. Сондықтан бұл тақырып та арнайы зерттеудің өзегі ретінде таңдап алынды.

Қазір тәуелсіз еліміз өзінің даму жолының жаңа кезеңіне бет бұрды. Соңғы он бес жылдағы белестер негізінен елдің экономикалық ахуалын көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналса, енді мемлекеттің рухани әлеуметін қалыптастыру мәселесі басты мақсат ретінде қойыла бастады. «Мәдени мұра» бағдарламасы әдебиет тарихының да көптеген мәселелерінің жан-жақты зерттелуіне ықпал етті. Бұрын белгісіз болып келген деректер мен жәдігерлер қатарға қосылды. Танымдық дүниелер мен тарихи мәліметтер ғылыми айналымға енді. Осы құнды құжат арқылы бекітілген жоспарға сәйкес төл әдебиетіміздің де жоқ-жітігі біраз түгенделіп қалды.

Әдебиетіміздің арғы бастаулары ғана емес, осы күнге дейін жеткен сабақтастық мысалдары Жетісу ақындарының ежелден түбі бір, тілегі ортақ екенін дәлелдейді. Тамыры терең қазақ әдебиетінің өте бай тарихында маңызды орын алатын ХIХ ғасырдағы Жетісу ақындарының арасындағы дәнекерлік көпірінің берік болуы маңызды  дей аламыз. Диплом жұмысының өзектілігі осынысымен де айқындалмақ.

Зерттеу нысаны. ХIХ ғасырда өмір сүрген Жетісу ақындық мектебінің  шығармалары, олар туралы зерттеу еңбектер мүмкіндігінше қамтылды.  «Бес ғасыр жырлайды», «Үш ғасыр жырлайды», «Ай, заман-ай, заман-ай» антологиялық жинақтары, ақындардың жеке шығарма жинақтары зерттеуге нысан болды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиетін жан-жақты зерттеп, Жетісу ақындарының ежелден қалыптасқан шығармашылық қарым-қатынасына әдеби процестің қаншалықты ықпалы болғандығын айқындау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді шешу мәселесі алға қойылды.

– Жетісу ақындық мектебінің ХIХ ғасырдағы кезеңіне ықпал еткен қоғамдық-саяси оқиғаларды саралау. Ол саяси оқиғалардың халық поэзиясында көрініс беруі заңдылық екенін ескеру. Негізгі- мақсат ақындар шығармашылығының  осы тұрғыдағы ұқсастығы мен ерекшелігін ашу, олардың әдебиеттегі көрінісінің ортақтығын зерделеу;
– Жетісу ақындық мектебінің әдебиетінде ақтаңдақ ретінде бағаланған тақырыптарды арқау еткен шығармаларға талдау жасау;
– Аталған кезеңдегі ақындар поэзиясының  ұқсастықтары мен өздеріне тән ерекшеліктерін салмақтап-саралау,бағалау.

Диплом жұмысының дереккөздері.
ХІХ ғасыр Жетісу ақындары өзінің жаңа идеяларын поэзияның бұрынғы дәстүрлі үлгі формаларында жырлады. Ертеден қалыптасып, қазақ поэзиясында берік орныққан поэтика, көркем түр, стиль, әдіс-тәсілдер әрбір ақынның үйреншікті, төселген, жатыққан бейнелеу, суреттеу құралдары болатын. Ең алдымен, халықтың поэтикалық шығармашылығын қалыптастырған өлең құрылысы, буын өлшемі, ырғақ-ұйқас жүйелері қаз-қалпында сақталды. Әсіресе, халықтың қара өлең, толғау, терме, жыр жүйелері кең пайдаланылады. Ақындар арнау, айтыс, өлең формасын жиі қолданады. Осылардың ішінде, ХІХ ғасыр поэзиясын кең өріске көтеріп, ілгері дамытқан жанрлары деп арнау, толғау, айтыс формаларын ерекше атап көрсеткен орынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл еңбекте ХIХ ғасырдағы  Жетісу ақындарының әдеби байланыстары тұтас күйінде қарастырылды. Еңбектің мынадай ғылыми жаңалықтарын атап көрсетуге болады:
– Жетісу ақындарының байланыстары ХIХ ғасырдағы қоғамдық-саяси ахуалмен тығыз бірлікте қарастырылды, дәуір оқиғаларының әдебиетке ықпал-әсеріне талдау жасалды;
– Қазақ ақындары айтыстары талданып, оған қатысты танымдық мәліметтер беріліп, әр түрлі ой- пікірлер сарапқа салынды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Еңбекті көмекші құрал ретінде жоғары оқу орындарында,орта мектептің сыныбында бағдарлама негізінде, сол сияқты қосымша сабақтар және арнаулы курстар мен семинарларда қарастырып, бұл зерттеуді осы бағытта ұйымдастырылатын жұмыстарға теориялық-практикалық материал ретінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын  тұжырымдар. Жұмыс негізінде келесі тұжырымдарды ұсынуға болады:
– Жетісу ақындық мектебінің дамуына біркелкі қоғамдық-саяси
факторлар ықпал етті, сондай-ақ белгілі бір дәрежеде әдебиеттің дамуына да әсерін тигізді;
– ХIХ ғасырдағы Жетісу ақындарының айтыстарында  халықтың қайғысы мен мұңы, ахуалы мен арман-мұраты негізгі тақырып арқауына айналған. Ақындар айтыстарына елдік мұрат пен бірлік идеясы, ынтымақтастық салты өзек болған;
– ХIХ ғасырдағы Жетісу ақындық мектебінің бір-біріне мол ықпалы болғаны анық байқалады. Мұндай ықпалдастық мысалдары ХІХ ғасырда өмір сүрген Сүйінбай, Майкөт, Жамбыл, Кенен сияқты ақындардың шығармашылығынан анық көрінді;
– Жетісу ақындық мектебінің өзара шығармашылық байланысы қабілет-қарымы мол, теңдесі жоқ ақындар мен жыршылардың тәрбиеленіп шығуына жағдай туғызды.

Зерттеу әдістері. Ғылыми еңбекті әзірлеу барысында тарихи-типологиялық,жинақтау, талдау  және салыстырмалы әдістер пайдаланылды. Жетісу ақындарының шығармашылығындағы ұқсастықтар мен өзіндік ерекшеліктер салыстырыла қарастырылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 65 бет


You must be logged in to leave a reply.