ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстардың түсінігі және жіктелуі

2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар құрамдарының түсінігі, ерекшелігі, және саралау маңызы
2.1 Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру түсінігі.

3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың бапқа бөлу ерекшеліктері
3.1 Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру “108 бап”
3.2 Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр дене жарақатын келтіру “110 бап”
3.3 Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру “111 бап”
3.4 Қорқыту“112 бап”
3.5 Соз ауруларын жұқтыру “115 бап”

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Денсаулық – адамнаң ең қымбат та, асыл да, ардақты  қазынасы. Яғни денсаулық адам үшін ең маңызды байлық деп есептелінеді. Сол байлыққа ешкімнің де қол сұғуына немесе зиян келтіруіне жол берілмейді.

Жалпы Қазақстан Республикасының заңнамасында адам денсаулығына байланысты тек Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы қабылданған Конституциясында емес, сонымен қатар қылмыстық құқықтың арнайы жүйелерінде де көруге болады.

Сонау ерте кезеңдегі мемлекеттерде денсаулыққа қарсы қылмыстар ең ауыр қылмыстар қатарына жатқызылған. Мысалыға алар болсақ қанға қан, жанға жан принціпі, немесе ақшамен сатып алу қарастырылған.

Осы жоғарыда айтылған негіздер бойынша мысалға алатын болсақ, құқықтық дамудағы ең ежелгі және көне хаммурапи кодексін алуға болады. (біздің эрамазға дейінгі 1792-1750жылдар).

Хаммурапи кодексіндегі 196-214 баптар денсаулыққа қарсы қылмыстар және медецина қызметі саласындағы денсаулыққа зиян келтіру де қамтылған.

Ал жазалауда талион принціпі бойынша жүзеге асырылған.

Ежелгі үнді халқында қоғамдық қатынас , жалпы айтқанда қоғам. Сасловян қалыптасқан ежелгі үнді мемлекетінде денсаулыққа қарсы қалмыстар да ең негізгі қылмыс ретінде қалыптасқан.

Сонымен қатар орта ғасырларда Руси (Русская правда), сонымен бірге батыс Еуропада (Салическое право(государства франков), Франция мемлекетінде (Кутюмы Бовези), Германияда (Саксонское зерцало), “Швабское зерцало”, “Пандектное право”, “Каролина”,  Англияда “Общее право”, “Право справедливости” денсаулыққа зиян келтіргені үшін осы жүйелерде ақша қаражатымен өтейтін болған[www. Tejilu. Em.@. ru].

Бертін келе денсаулыққа зиян келтіру қылмыстық әрекет болып саналды, және сол әрекет үшін қамауға, яғни түрмеге қалатын жүйе қалыптасты.

 курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.