МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1- ТАРАУ. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
2 — ТАРАУ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТТІ ТҮБІРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ
3 – ТАРАУ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ СИНКРЕТТІ ТҮБІРЛЕРДІ АНЫҚТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР

К І Р І С П Е

Түркі тілдерінің тарихы бойынша жүргізілген зерттеулер көптеген мәселелердің оң шешім табуына мүмкіндік бергені белгілі. Әсіресе, тілдің қалыптасуы, дамуы, өзара әсеріне қатысты жайттарды анықтауға  тілдік фактілерге негізделіп жүргізілген зерттеулер арқылы ғана қол жеткізілді. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілерге бұл орайда тарихи-салыстырмалы әдістің  көп көмегі тиді. Бұл әдіс түркітануда қалыптасқан, дәстүрлі зерттеу әдістерінің бірі болып табылады.

Түркі тілдері өзінің дамуы барысында көптеген тарихи дәуірлерді басынан өткергені белгілі. Солардың алғашқысы ретінде шартты түрде аталып жүрген түркі тілі дамуындағы алтай дәуірі деп аталады. Алтай тілдері негізінен Азияда, аздап Шығыс Еуропада таралған. Алтай тілдеріне түркі, монғол, тұңғыс-снчжур, сондай-ақ жапон және корей тілдері жатады. Алтай қоғамдастығынқұрайтын тілдердің генетикалық байланысы толық мойындалған емес. бірақ олардың типологиялық және ареалдық жақындығы дау тудырмайды. Генетикалық жағынан Алтай тілдері екі топқа бөлінеді: біріншісіне – түркі, монғол, тұңғыс-манчжур тілдері жатады (оларды нағыз алтай тілдері деп атайды): екіншісіне корей және жапон тілдері жатады. Осы алтай тілдері жататын әр топтың ішінде топтастырулар бар. Бүгінде олардың қазіргі және ескі тілдермен генетикалық және типологиялық байланыстары анықталған. Ұқсастықтарыныңкөбі қазіргі тілдерден байқалады. Ондай тілдердің қатарына орал тілдерін жатқызуға болады.Алғашқы кезде орал-алтай тілдерінің қоғамдастығы деген термин қалыптасқан болатын. Бұл теорияның негізін қалаған Ф.И.Старленберг (1730) болды. Ол ең алдымен орал-алтай тілдерінің типологиялық ұқсастықтарына көңіл аударып, оларды орал (угро-фин және самодий) және алтай (түркі, монғол, тұңғыс) тілдері деп бөлді. Алғашында алтай және орал тілдері туыстас деп саналған еді. Қазіргі кезде ғалымдар бұл көзқарастан қайтты. Диплом жұмысының тақырыбына қатысты мәселе нақты болуы үшін бұл екі тілдің туыстығынан гөрі түркі тілдері алтай дәуіріннің өз басына жеке тоқталар болсақ, алтай тілдері туыстығы туралы да ғалымдар екіұдай пікірде. Мсыалы, Г.И.Рамстедтің пікірін қолдаушы В.В.Владимирцов, Е.Д.Поливанов, Н.Н.Поппе, Н.А.Баскаков, О.П.Суник, І.Кеңесбаев, Ш.Ш.Сарыбаев т.б. секілді ғалымдар алтай тобына енетін түркі-монғол, тұңғыс-манчжур, корей-жапон тілдері бір негізден тараған, сондықтанда олар ортақ негізді мойындауға мүмкіндік береді дейді. Ал екінші бір топ Л.Лигетти, Г.Д.Санжеев, Т.А.Бертагаев т.б. ғалымдар алтай тіліндегі ұқсастық туыстық негізе емес, кірме материалдар негізінде деп есептейді. Олар В.А.Котвичтің пікіріне сүйеніп, о баста өзара көрші орналасқан тілдер генеологиялық жағынан болмаса да, талай ғасыр бойы араласуы негізінде жаңа қасиетке ие болған дейді. Дегенмен де түркі-монғол тілдерінде кездесетін жүздеген, мыңдаған ортақ қасиеттедің бәрін де кірме материалдар деп қарауға болмайтын сияқты. Біріншіден, мұндай ортақ қасиеттердің саны өте көп, екіншіден, ортақ элементтердің бәрі де белгілі бір заңдылықтар бойынша қайталанып отырады. Үшіншіден, ортақ ұқсастықтар тілдің барлық ярусында әсіресенегізгі түбір құрамында көптеп кездеседі. Егер оған диалектілердегі ұқсас белгілерді  қоссақ, ортақ дүниенің едәуір көбейетіндігінде сөз жоқ. Ортақ ұқсастықтарға нақты тоқталар болсақ, типологиялық жағынан алғанда алтай тілдеріне тән ұқсастықтар мынандай болып келеді: сингармонизм (дауыстылар мен дауыссыздардыңүйлесімділіг), сөз басында дауыссыздардың қатар келмеуі, көп жағдайда түбірдің өзгеріссіз қалуы, сингармониялық жарыспа нұсқалардың болуы, сөз тудыру және сөз түрлендіру кезінде жалғамалылық тәсілдің тән болуы, атау септіктің көп мағыналылыққасиеті, род категориясы айқын көрсеткіштерінің болмауы, тәуелдік категориясының болуы, септелу парадигмасының аксиалды сипаты, көптік (жинақтау) мағынасын жекеше тұлға арқылы беру, сұраулық, септеулік шылаулардың болуы, бағыныңқы элементтердің негізгі сөздің алдында тұруы, табыс септігіндегі белгілі объектінің тұлғалануы, анықтауышқызметінде сын есім, сан есімдер келгенде қиысудың болмауы, есім, есімше, көсемше  құрылымдары арқылы сабақтасқан сөйлемдердің бағыныңқы түрлерінің болуы. Бұл ұқсастықтар тілдің негізгі жүйесіні құрайды, сондықтан осы ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, біз де алтай тобындағы тілдерінің қандық туыстығын мойындаймыз.

Осы аталған ерекшеліктердің барлығы тілдік фактілер негізінде жасалған болжамдар бойынша анықталып отыр. Демек, бұл тілдің пайда болу, қалыптасу, даму үдерісінің көрсеткіші болып табылады. Өзара ажырап, жаңаша топтың құрылуында тарихи факторлар жатқанмен, жеке тіл ретінде қалыптасып, жаңаша сипатқа ие болуы да тарихи дамудың нәтижелері екені сөзсіз.

Тарихи факторлардың негізінде белгілі бір халықтың басында алуан түрлі оқиғаладың болуы мүмкін. Диалектілердің шығу мен пайда болуы жөнінде Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев еңбегінде «Тайпа өз ішіндегі адамдардың көбеюіне байланысты бөлшектеніп, одан енді бірнеше тайпа бөлініп шығады. Бөлініп шыққан туыс тайпалар бірінен-бірі территоря жағынан қашықтап, олардың әрқайсысының тұрмысында, сондай-ақ тілінде өзіндік ерекшелік пайда болады. Осылайша бастапқы біртұтас тайпа тілінен туыстас бірнеше тайпа тілі (диалектілер) жасалады» — деген тұжырым жасайды [1.8]. Алтай тілдері өз ішінде осындай жолмен бөлшектеніп, жаңа тілдер  жасалған секілді.

Тілдердің құрнамындағы ерекшеліктер адам санасының дамуымен бірге  жаңаша сипатқа ие болып отырады. Қоғамдық қатынастар өмірге әкелген тұрмыстық заттардың жаңа түрі пайда болып, бұрынғыдан нақтылана түскен ұғымдар жалпылықтан жалқылыққа ауысқан сайын жаңа атауларға деген сұраныс өсе түседі. Әрине, мұндайда олардың әрқайсысы үнемі жаңа  атауға ие бола бермей, тілдің ішкі заңдары бойынша жасалған туынды сөздермен немесе жаңаша мағынаға ие болған тілде бар сөздермен аталуы да мүмкін.  Осылайша ата тілдің даму жүйесі негізінде   уақыт өткен сайын жаңа сипаттар пайда бола бастайды. Бұл туыстас тілдердің  бір-бірінен алшақтай түсуінің бірден-бір көрінісі болып табылады.

Осы аталғандарды жинақтай келгенде, қазіргі тілдік белгілерді тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы зерттеулер өткен дәуірлерде аталған тілдердің (түркі, монғол, тұңғыс-манчжур, корей және жапон тілдері) бір негізден тарағандығын, біртұтас  болғандығына  дәлел бола алатын секілді.

О бастағы тұтастық ұғымы ғылымда синкретизм терминімен белгіленеді. 1954 жылы жарық көрген Н.Сауранбаевтың «Орысша – қазақша» сөздігінде    «Синкретизм м.только ед. 1. синкретизм (бір құбылыстардың о баста тұтастығы); синкретизм первобытного искусства алғашқы искусствоның синкертизмі» — деген түсінік береді [2.737]. Ал әдебиеттану терминдерінің сөздігінде «Синкретизм (грекше, Sqnkretismos қосылу) – кең мағынасында, мәдени шығармашылық түрлерінің яғни өнердегі тек пен түр, жанрлардың және олардың жанрлық түрлерінің әу баста бөліндей, бірлікте болғанын білдіреді.

Қоғамның дамуы, ондағы күрделі өзгерістер, қоғамдық сананың ықпалынан синкретизм өзінің универсалды характерін жоғалтты. Өнердің әр түрі жеке тармақталып, сала-салаға бөлініп, дами бастады. Тек қана фольклор ұзақ уақыт өзінің синкреттік қасиетін жаңа форма таба отырып сақтады» — деген түсінік береді.

Демек, жұмысымыздың арқауы болғалы отырған түркі тілдеріндегі синкретизм құбылысына талдаулар жасау бүгінгі тіліміздің фактілеріне сүйене отырып, өткен күндерге яғни баба тіліне – тіліміздің ғасырлар қойнауында жатқан қайнар көзіне қарай қадам жасау болмақ. Тілші ғалымда Алтай тілі туыстығын дәлелдейтін фактілерді  лексика, фонетика, грамматика салаларынан іздестіріп, көптеген материалдарды анықтады. Лексика саласы бойынша алғанда – лексика тілдің өзгеріске ең бейім саласы. Сондықтан да тіл мен тіл арасындағы ауыс-түйістер басқа элементтерге қарағанда көбірек кездеседі. Сондықтан да тіл мен тіл арасындағы лексикалық ауыс-түйістер басқа элементтерге қарағанда көбірек кездеседі, осы қасиетіне байланысты генетикалық туыстықты анықтауды лексикалық сәйкестік қажетті бір көрсеткіш болса да, шешуші түйін болып саналмайды. Дегенмен тілдік зерттеулер тілдің сөздік құрамында өзгергіштерімен қатар, өзгеріске көп түсе бермейтін единицалардың барлығын анықтап отыр. Сондай біршама тұрақты лексика тақырыптық топқа туысқандық атаулар, дене-мүше атаулары, күнделікті тіршілікке байланысты тұрмыстық атаулар т.б. жатады екен. Ал етістік болса, зат есімдерге  қарағанда әлдеқайда тұрақты, тіпті, ол бір тілден екінші тілге мүлдем ауыспайтын категория. Сондықтан да түркі-монғол тілдеріндегі туыстықты, ортақтықты, паралельдікті анықтау үшін ғалымдар, әдетте, лексика тақырыптық топтарды көбірек салыстыра зерттейді.

 Курстық жұмыс / 25 бет


You must be logged in to leave a reply.