ЖОСПАРЫ

І КІРІСПЕ……..3-5
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту……6-9
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Тіл дыбыстарын сәбилер тобына дұрыс айтуға үйрету……10-12
2.2 Тіл дыбыстарын естиярлар тобына дұрыс айтуға үйрету…..13-14
2.3 Тіл дыбыстарын ересектер тобына дұрыс айтуға үйрету……15-17
ІІІ ІС –ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ…..18-30
ІV ҚОРЫТЫНДЫ……….31-33
V Пайдаланған әдебиеттер…….34

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені тіл – адамдардың  бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы  еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған. Бұл жөнінде К. Маркс пен Ф. Энгельс: «Тіл де сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе, тіл практикалық сана…., Тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау  мұқтаждығынан және  қажеттілігінен келіп туады», —  деп көрсете келіп, тіл мен ойлауды тығыз бірлікте қарастырады. Тіл мен ойлаудың диалектикалық бірлікте үздіксіз дамып отыратынын айтады. [4]

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіл дыбыстарын дұрыс, анық айтуға үйрету, балаларды өз ойларын, сөздерін түсінікті жеткізе білуіне дағдыландыру.

Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілерін бейнелейді.

Тілдің қоғамдық, тарихи құбылыс, халықпен бірге жасасқан қымбат қазына екенін академик-жазушы С. Мұқанов «Сөз советтік Армия» деген өлеңінде былай сипаттайды.

Сөз халықтың қымбаттан, қымбат кені,

Жүректің шахтасынан халық оны,

Мыңдаған жылдар қазып кен тасына,

Тереңнен әрең барып жетті қолы.

Жеткен соң қолы сөздің кен тасына,

Кен күйінде қазына болмасына,

Түсініп, қорытуға әкеп төкті,

Мидың мың градустық домнасына.

Тілдің адам қоғамының, әдебиет пен мәдениеттің өркен жайып дамуымен бірге дамып, көркейіп, қазіргі толысқан дәрежесіне жеткені бұл өлеңде осылай әсерлі суреттелген.

Ендеше, тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан  іске асатын, келекеле біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», —  делінеді.

Курстық жұмыстың міндеті: тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», — деген болатын. Сондықтан бұл еңбекте халық ауыз әдебиеті нұсқаларын пайдалану арқылы тілге үйреті әдістемесіне елеулі орын берілгені табиғи.

Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Сәбилер тобынан бастап, балалар сөздерді түрлі грамматикалық категорияларда қолдана бастайды. Бұл мәселе соңғы кездегі зерттеу —  бақылау жұмыстарында анықтала түсті. Сондықтан тәрбиеші-педгогтар  бұл жұмысқа ерекше көңіл бөліп, баланың қате айтқанын түзете отырып, сөзді грамматикалық формада дұрыс айтуға үйретеді. Бағдарлама осыны талап етеді.

Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту-үйрету ісінде неге көңіл бөлуге  болатыны айқындалады.

Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізеледі.

 Курстық жұмыс / 35 бет


You must be logged in to leave a reply.