Мазмұны:

I Кіріспе

1       Радиожурналистке қойылатын талаптар
1.1 Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
1.2 Шешен сөйлеу –дикторға тән қасиет

2 Сұхбат және репортаж жанрларының радиода көрініс табуы

III Қорытынды бөлім

                                    I Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Адамды адам еткен еңбек және сөйлеу машығы дейді ғалымдар. Сөзді тыңдарманына жеткізудің де қуатты құралы радио болмақ. Радио –журналистиканың саласы, бұқаралық ақпарат құралының бірі. Оның осы аталған қызметі арқылы маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. Қазіргі күні радиоэфир бір мезгілде көптеген тыңдармандарға жетіп, керек деген ақпараттардан хабардар ете алады. Сол арқылы қаншама адамның санасына ықпал етіп, пікір тудырып, ой қорыту жүйесіне өз әсерін тигізеді. Шындығы керек, радионы көшеде кетіп бара жатып та, көлікте отырыпта не болмаса үйде демалып отырған сәтте де тыңдауға болады. Бұл дегеніміз, радионы пайдаланудың артықшылығын көрсетсе керек.

Радионың  құдыреті сол, адам саныс сілкінтіп, көңілін шымырлататын қасиетінде, шынайы өнер туындысы секілді кісіні қанаттандырып, шабыттандырып, рухани жан – дүниесіне де әсер етеді.

Күн сайын эфирге шығатын бағдарламалырды маңызы тіптен зор. Оны тыңдау арқылы кез келген кісі өзінің рухани қажеттілігін өтейді. Ал бағдарламада айтылған әңгіме кімнің де болса көкейіне ой салады. Сол себептен диктор тікелей эфир уақытында өз сөзіне абай болып, ойланып шешім қабылдағыны дұрыс.

« Эфирге шыққан бағдарлама адамның көңілін көтеріп, демейді, оптимистік қуат беріп, жігерлендіреді» десек тікелей эфир арқылы тыңдарманға жол тартқан сол бағдарлама жүргізушісіне қойылар талап биік. Диктордың бір қате айтылған не болмаса мағынасыз пікірін миллиондаған тыңдарман естіп, сол қате пікірдің арқасында теріс бағыттағы көзқарас қалыптастыруы әбден мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды, радио тек ақпарат таратушы ғана емес, тәрбие құралы болмақ. Сондықтан, менің таңдап алған курстық жұмысымның тақырыбы өте –өте маңызды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Аталған курстық жұмысты жазу барысында бүгінгі жас мамандар ақыл –парасаты мол, талғамы биік, сауатты, сөзге шешен, тілі жатық, үні мақпалдай заманға сай диктор болып қалыптасса екен.  Және  тәрбиелік мәні зор хабарлардың санын артса  деген мақсатты алдыма қоя отырып төмендегідей міндеттерді белгілеймін:

—         Жас журналистерге нағыз радиожурналистің міндеттерін атап көрсету;

—         Мамандық майталманы болу үшін жасауға тиісті шаралар;

—         Тікелей эфирде тосылмай сөзйлеу техникасы.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Менің таңдап алған тақырыбым төңірегінде зерттеу жұмыстары баршылық. 80жылдан асатын тарихы бар Қазақ радиожурналистикасы жақсы зеріттілген деуге әбден болады. Әр жыл сайын осы тақырып төңірегінде көлемді еңбек жазғандардың қатарында М.Барманқұлов, С.Қозыбаев, Б.Кенжебаев, Т.Амандосов, Қ.Бекхожин, Т.Қожакеев сынды зиялы қауым өкілдері бар. Тәптіштеп айтар болсақ, Намазалы Омашевтың «Ұзын құлақтан Қазақ радиосына дейін», «Радио журналистика» деп аталатын оқулықтары қазақ даласындағы радиохабар тарату ісіннің тарихынын сыр шертеді.

Радио журналистка салысы туралы материалдардың басын қосқан  еңбектерді басшылыққа ала отырып менің жазып шыққан курстық жұмысым да болашақта үлкен мәнге ие болады деп сенемін. Бұл да болса менің «теңізге құйған тамшыдайын» Қазақ радиожурналистикасының дамуына қосқан үлесім дем білемін.

Курстық жұмыстың құрылымы:  Жұымстың құрылымына келсек, үш бөлімнен тұрады. Алдымен кіріспе және екі негізгі бөлім,соңы қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.

 Курстық жұмыс / 21 бет


You must be logged in to leave a reply.