МАЗМҰНЫ

Кіріспе……3

І Пунктуацияның теориялық негізі……..5
ІІ Романдағы ажыратушы тыныс белгілердің қолданысы
2.1 Ажыратушы үтір………10
2.2 Ажыратушы қос нүкте….14
2.3 Ажыратушы сызықша…..16
2.4 Ажыратушы нүктелі үтір……23
ІІІ Романдағы бөлуші тыныс белгілердің қолданысы
3.1 Оқшау сөзді сөйлем құрылымдарында қойылатын бөлуші тыныс белгілері…….24
3.2 Сөйлемдегі жалпылауыш сөздердің тыныс белгісі….28
3.3 Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері……31
3.4 Тыныс белгілерінің қабаттасып қолданылуы…….35

Қорытынды…..40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……42

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі.  Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы тыныс белгілерін дұрыс қолданудың негізгі жолдарын, сөйлемнің синтаксистік ерекшелігін және сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасын, сөйлемнің интонациясын ескере отырып, ойдың берілуін анықтау.  Тыныс белгілерінің түрлерін, олардың өзіндік қызметін анықтау.

Зерттеу нысаны.  Романдағы тыныс белгілерінің қолданысы, түрлері, сөйлемге қатысты жұмсалатын әрбіреуінің мағынасына, синтаксистік құрылысына және интонациясына негізделуі қаралады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты –   романда қолданылатын тыныс белгілердің түрлері мен қызметі, мағынасын анықтау.

Курстық жұмыстың мақсатын орындауда қойылған міндеттер:

—  Сөйлемнің немесе бүтіндей мәтіннің тыныс белгілерін дұрыс қою үшін негізгі үш белгіге сүйену қажет, соны ашу;

—  Сөйлемнің түрлерін анықтай білу;

— Тыныс белгілерін қызметіне қарай топтастыру;

—  Шығармадағы тыныс белгілерін жүйелі талдау;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.  Әр түрлі сөйлем құрылымдарында қойылатын кез-келген тыныс белгісі арқылы сол сөйлемнің мағынасы да, синтаксистік құрылым ерекшелігі де, интонациясы да бейнеленетіндігі үш белгіге негізделіп қойылатыны анықталды.

Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде,  Әуелбаева Ш., Мұсабекова Ф., Сыздық Р., Ғабдулина М.Ғ., Есматова М.Т  т.б тілші мамандардың еңбектерін атауға болады.  Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасынан жинақталған мысалдар жүйеленіп, сұрыпталды.

Зерттеу әдістері.  Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романында қолданылатын тыныс белгілерінің қызметін анықтау барысында, олардың мағыналық құрылымын қарастыруда сипаттама әдіс,   салыстырмалы әдіс, талдау,  т.б. әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмыстың нәтижелерін   “Қазіргі қазақ тілінің  пунктуациясы” арнайы курсында көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс, яғни   тыныс белгілерінің қолданысы, мағыналық және құрылымдық сипатын тану,  қазақ тіл біліміндегі  пунктуация мәселесіне, оны дұрыс қоя білуге бейімдеу осы саланың теориялық негізіне аз да болса үлес болып қосылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, қортындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

 Курстық жұмыс / 42 бет


You must be logged in to leave a reply.