Мазмұны

Кіріспе….3-5
І. Шәкәрім шығармалары тілінің лексикалық ерекшеліктері…..6-10
1.1. Антоним, синоним, омонимдердің эмоционалдық-экспрессивтік сипаты және қызметі….10-14
1.2. Көп мағыналы сөздерді құбылту, контекстік фразеологизмдерінің сипаты…..14-15
1.3. Мақал –мәтелдердің, кірме сөздердің шығармадағы қолданысы…….20-25
ІІ. Шәкәрім шығармаларының грамматикалық ерекшеліктері
2.1. Ақын шығармаларындағы зат есім, сын есім және етістіктердің стильдік қолданысы…..26-37
2.2.Ақынның шығармаларындағы көркемдегіш тәсілдердің қолдану шеберлігі……37-48
Қорытынды……48-51
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…52-54

КІРІСПЕ

  Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

… «Сөнген жанды, өлген тірілді» дейді бәрі…

Сөнбеген де, өлмеген де. Уақыт пен Халық деген ұлылықтың ажырамас бөлшегіндей, тіпті өлшеміндей оларға халық ғұмырындай талай ғасырлардың тарту етілгенін тарих талай дәлелдеген. Бұл да — соның бір айғағы. Бүтін бір кезеңнің өңін айналдырып, өзінің адал ұлдарын өзектен тептірген, еткен еңбектерін еш, тұзын сор қылған, тағдырдың ең ауыр теперішін қазақ тартты, тарихта сирек ұшырасар қияметті қазақ басынан өткерді. Ат төбеліндей топтың қолжаулығына айналған өмірі өлшеулі шындық емес, халық қастерлеп, сенетін, түпкілікті жеңетін шындықтан өзгенің бәрінің бекер екенін тағдыры талайға, аттары жалаға таңылған арыстардың жылдар жүзін жабырқатып, қайта оралуы әйгіледі. Уақыт пен тарих еш терістей алмас, мызғымас шындық енді тәркіленбегей, жерге қарап, жүзі сынбағай.

Халықтың қуанышын өз қуанышынан бөлмес көкірегі ояу, көзіқарақты қазақтың баласы Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан сынды арыстармен ұзақ жылдар көз жазған туған жалғыз бауырымен қайта қауышқандай тебіренген, шүкіршілік еткен. Тарих саласы туралы сөз өзінше, бұл алыптардың оралуы әдебиетке екпінді леппен еніп, төңкеріс әкелді. Қазір жүріп жатқан әдебиет тарихындағы өзгерістер, қайта қараулар бұл салада атқарылар істің молдығын байқағанымыздай. Соңғы кезде тіл білімінде жекелеген ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы тілдік ерекшеліктер зерттеле бастады. Жалпы бүгінгі күні көркем әдебиет тіліне тілші ғалымдарымыз көп көңіл бөлуде. Оған байланысты соңғы отыз-қырық жыл ішінде ғылыми зерттеу еңбектер, монографиялар, сын мақалалар жарық көрді. Мысалы, Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960), Р. Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» (1968), «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1970), «Сөз құдіреті» (1997), Е. Жанпейісовтің «Қазақ прозасының тілі» (1968), Т. Қоңыровтың «Қазақ теңеулері» (1978), М. Серғалиевтің «Көркем әдебиет тілі» (1995) т.б. еңбектерді атауға болады.

Осы тәрізді қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, адамзаттың ойлау жүйесі мен парасатына зор үлес қосқан Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының да тілдік ерекшелігін ғылыми зерделеп, бағасын берудің де қажеттілігі туды. Бұл ретте ірі ақын, үлкен ойшыл, ағартушы-ғалымның әсіресе діни-теологиялық, қоғамдық-философиялық тақырыпқа жиі қалам тербеуі, соған сәйкес аталған салада соны ұғымды бейнелейтін лексикалық топтың қалыптасуына ықпал етті. Ал бұл атаулар өз кезегінде қазақ әдеби тілінің қанатын жайып, өсіп-өркендеуінің бір көзі-лексикологияға зор үлес қосатыны анық. Сондықтан Шәкәрім шығармашылығының тілдік ерекшелігін зерттеу-қазақ әдеби тілінің нормалануы мен  ғылыми атаулардың жүйеленуі мен қалыптасуына қосқан оның сүбелі үлесін жан-жақты тани түсуге жол ашып, терминтаным саласындағы рөлін айқындауға көмектеседі.

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы филология ғылымында әдебиеттанушылар мен тілшілер тарапынан жан–жақты зеріттелгені белгілі. Бірақ, Шәкәрі Құдайбердіұлының шығармашылығындағы сөз және сөз тіркесінің семантикалық-грамматикалық жағы әлі жүйелі түрде қарастыруды қажет етеді.

Осыған байланысты, теориялық мәселелер нақты материалдар мен ұштастырыла отырып, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы сөз және сөз тіркестері семантикалық – грамматикалық жағынан жүйелі түрде алғаш рет осы жұмыста сипатталып отыр. Олардың лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы, тілдік бейнелегіш– көркемдегіш тәсілдердің түрлері, олардың стильдік қызметі сараланды және мәтін ішіндегі негізгі функциалары жалпы қарастырылды.

Әлі де болса Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің лексика– грамматикалық ерекшеліктерін қарастыру, олардың жасалу жолдарын, құрылымдық сипатын және бейнелеген амал– тәсілдерді анықтау қажет, міне осы мәселе   тақырыбымыздың өзектілігін білдіреді.

Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздердің және есім сөздердің, етістіктердің стильдік, көркемдік қолданысы, қолдану ерекшелігін анықтау және тарихи даму жолын айқындау болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты  мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары түрінің өзіндік ерекшелігі, құрылымдық сипатын анықтау болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттердің шешімін табу көзделеді:

– Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің лингвистикалық табиғатын ашу;

– қолданыстағы сөздердің семантикалық топтарын анықтау;

– құрылымдық ерекшеліктерін;

– стильдік қызметін көрсету;

– көркемдеу құралдарының қолдану мүмкіншілігін ашу;

 Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары тілінің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.  Яғни:

– эмоционалдық  – экспрессивтік сөздердің қызметі;

– мағыналы сөздердің қолданысы;

– есім сөздердің стильдік қолданысы;

– көркемдегіш тәсілдерді қолдану шеберлігі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  Дипломдық жұмыс / 55 бет


You must be logged in to leave a reply.