Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Құжаттарды сақтау
2.1.1. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету
2.1.2. Құжаттардың көмескіленген, өшіп бара жатқан мәтіндерін қалпына келтіру
2.1.3. Құжаттарды сақтау құралдары және оларды орналастыру
2.1.4. Құжаттарды сақату режімі, шағынфильмдеу
2.1.5. Құжаттарды сақтауды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибелері
2.2. Құжаттардың есепке алуын қамтамасыз ету
2.2.1. Құжаттарды есепке алуға қойылатын талаптар және есептік құжаттар құрамы
2.2.2. Мұрағатық қорлардағы құжаттарды есепке алу ұғымы және негізгі ұстанымдары
2.2.3. Мұрағат материалдарын есепке алуды ұйымдастыру, есептік құжаттарды сақтау
2.3. Акционерлік қоғамда құжаттардың сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз ету
2.4.Құжаттардың бланкілерін, мөрлер мен мөртабандарды есепке алу және сақтауға құжаттарды оперативтік сақтауға байланысты ұстанымдар
ІІІ. Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде ақпараттарды сақтау үшін мұрағаттардың атқаратын рөлі қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп жатудың өзі артық. Мұрағаттық құжаттарда сақталған ақпарат жылдар бойы ғылыми, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени басқару ісі мақсаттарына пайдаланылады.

Мұрағаттардың міндеті – мемлекет пен оның институттарын ретроспективалық деректі ақпарттармен қамтамсыз ету, тарих үшін маңызды құжаттарды сақтау, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Құжаттарды сақтау мәселесі мұрағат қоймасынан басталады деп есептейміз. Шын мәнінде құжаттың сақталу ұзақтығы қағаз фабрикасынан, жазу құралдарын шығаратын зауыттардан, баспаханалардан басталады. Яғни, оның негізгі бастапқы материалдардың, атап айтқанда қағаздың, сияның, бояудың сапасында жатыр.

Екінші фактор құжаттардың қалай сақталуына: температуралық ылғалдылық режиміне, ауаны және бөлмені шщаңнан, эиянды микроогранизмдерден тазартып отыруға, қойманы өрттен, судан қорғауға байланысты.

Барлық сақтаулы құжаттар, соның ішінде істер тізімдемесіне енгізілмеген, бұл салаға жатпайтын құжаттар да, аса құнды құжаттардың сақтық көшірмелері мен пайдалану қорынан алынған көшірмелер де есепке алынуы керек.

Осы тақырыптарға байланысты маған берілген курстық жұмысымды кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлімді төрт бөлімге бөліп қарастрдым. Бірінші бөлімде құжаттардың сақталуы жайлы тақырыпты қозғадым, ал екінші бөлімде құжаттарды есепке алу мәселесіне көңіл аудардым. Үшінші бөлімде Акционерлік қоғамда құжаттардың сақталу мен есепке алынуын, ал төртінші бөлімде құжаттарға заңдылық күшін беретін деректемелерді есепке алу  мен сақтау мәселесі жөнінде қарастырдым.

Менің курстық жұмысымның мақсаты – мемлекеттік, ведомстволық және Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттардың дұрыс сақталуы мен есепке алынуы жағдайларын анықтау, қазіргі заман технологиясы бойынша пайдалануды қамтамасыз ету.

Курстық жұмысымды орындау барысында ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелері, Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының Заңы, «Мұрағат ісі» оқу-әдістемлік құралы, Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу журналы негізге алынды.

 Курстық жұмыс / 52 бет


You must be logged in to leave a reply.