30. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазіргі радиохабарлау түрлері отключены · Categories: Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Радиохабардың қоғамық мәні
1.1 Қазақ радиожурналистикасының қалыптасу кезеңдері

2. РАДИОХАБАР ТАРАТУДЫҢ ҚАЗІРГІ
2.1 «Алтын қор» бөлімі
2.2 Қазіргі Қазақ радиосы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Радио — өнер. Радио — ақпарат, шартараптан ең жедел хабар жеткізетін арна. Радио — бизнес көзі. Радио — мектеп. Радио — тарих, өмірдің өшпес шежірешісі. Оның үні сана сүзгісінен өтеді, мәнді хабарлар, ән мен саз қорда сақталып, кейін қайталана береді. Радио — өмірдің қиын сұрақтарына жауап беретін кеңесші, көмекші. Радио — ғұмыр, мыңдаған адамдардың тағдырына ықпал ететін күш-қуат. Радиода естігендіктен ізгілік пен жақындықты көбірек сезінеміз, адамның ең асыл қасиеттерінің бірі — сөйлесу мен жылы қарым-қатынас жасауға тартып тұрады, көңіліңді көтеріп, демейді, оптимистік қуат беріп, жігерлендіреді. Бүгінгі радиода кемшіліктер кетіп жатса, ол қоғамның да кемшілігі. Көп болып талап етуге, қажетінде қолдауға тиіспіз. Әуе толқынында еркін тарайтын ашық ақпарат ат төбеліндей азғантай топтың меншігі емес, ол қоғамдық өскелең талаптарға жауап беруге, онда қалыптасқан мәдени қатынастарды алға сүйреуге, жақсартуға міндетті.

Зерттелу деңдейі: Осы курстық жұмыс жазу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша туралы толық мәлімет жинадым. Осы екі қабілеттің басын біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған, миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де табиғаттан, жаратылыcтан, қоршаған ортадан бастау алады деген ойға тірелдім. Жапырақ сыбдыры, құстың сайрағаны, су сылдыры мен шолпылы, адам дауысы, доңғалақ сықыры, қоңырау үні, мотор шуы, музыка — мұның барлығы ауадағы табиғи тербелістердің адам құлағына жетуі. Дыбыс адамның өмір сүруін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қоса көңіл-күй сыйлайды, рухани байытады, сана-сезімін өсіреді, жаңа межелерге жігерлендіреді, күш-қуат береді, немесе жұбатады, демалдырады, бір күйден екіншісіне көшуге көмек береді. Адам өз еркінен тыс табиғи ырғақтар (биоритм) жетегінде өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен зейіні де құбылмалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыс жазу барысындағы ең басты мақсатым мен міндетім радионың біздің өміріміздегі атқаратын рөлі мол екендігін көрсету. Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жұмыс орнында болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды тез шешуіне тура келеді, соның қатарында стрестік жағдайларды  бастан өткізеді. Яғни, әр адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты да өзгеріп отырады. Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткенше, көлік тауқіметін, жол нашарлығын, қала жағдайындағы кептелмелерді, қызмет көрсету мәдениетінің төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін. Бір сәт көңілін аулау үшін, теледидар қараса, онда да тосын оқиғалар, бітпейтін тауқіметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен жүйкеге тиер жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті сериалдар. Мұндай жағдайда  адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі, көңіл хошы төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңсиді. Міне, осы көңіл ахуалын өзгерте алатын, эмоциялық тепе-теңдікке жеткізетін күштің бірі — радио. Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалыптастырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген жаманат хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.

Жұмыстың құрылымы: :  Курстық жұмыс құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

  Курстық жұмыс / 28 бет


Comments closed.