МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

І Бөлім Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері 8
1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны 8
1.2 Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері 10
1.3 Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістері 19
1.4 Неологизмдерді аудару әдістері 30

ІІ Бөлім Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдер 37
2.1 Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясында авторлық неологизмдердің құрылу тәсілдері 37
2.2 Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясында авторлық неологизмдерді аудару әдістері 38
2.2.1. Функионалды алмастыру әдісі 38
2.2.2 Калькалау әдісі 45
2.2.3 Транслитерация әдісі 48
2.2.4 Аралас аудару әдісі 49
2.2.5 Аудармашылық окказионализмдер 51

Қорытынды 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59
Сөздіктер тізімі 60
Тәжірибелік материалдар әдебиетінің тізімі 61

Кіріспе

Аудару адамның рухани әрекетінің бір түрі ретінде, өтеерте заманнан келе жатыр. Ол сондай-ақ әлемдік мәдениет тарихында маңызды рөл атқарған. Мәдениет ғасырлар бойы дайындалып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Әрбір жаңа ғасыр өткен мәдениетке жаңа мән-мағына әкеледі. Адамдардың ғана емес, сонымен қатар, халықтардың да тарихи жады деректерді іріктеп, таңдауға бейім. Мәдениетте ешқашан бірыңғай ықпал етуші, бірыңғай қабылдаушы субъект бола алмайды. Мәдениеттегі байланыс қашанда көпжақты, көпқырлы, ең аз дегенде, екіжақты. Сол мәдени байланысты баянды ететін бірден бір тиімді құрал аударма екендігін көне тарих көптеп дәлелдейді. Аударма ісі өткен тарихта болсын, бүгінгі күнімізде болсын мәдениеттерді байланыстыру құралы ретінде қызмет етіп келеді. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік, кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін әрекет емес. Аударма – өз тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның әсерінен өз мәдениетіңнің көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы. Ендеше, аударма мәселесі мәдени ортақтасуды жүзеге асыратын мәдениеттер сұхбаты мәселесімен иық тіресе жүрері сөзсіз.

Аударма – мәдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол бір тілдік мәдениет айғағын екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мәдени қарым-қатынасқа көп түскен, яғни өзге мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен кеңінен таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның нәтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар.

Аударма-комплексті үдеріс. Түпнұсқаны дұрыс, әрі нақты жеткізу үшін, ауарма тілінде тек қажет сөздерді тауып қана қоймай, оларды сәйкес грамматикалық үлгіде жеткізе білу қажет. Оған қоса көп жағдайда еш есептен шығаруға болмайтын стилистикалық факторлар да араласады. Аудару- басқа тілде айтылған нәрсені, екінші бір тілде толық, әрі дұрыс  білдіру.

Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударманың теориясы. Бұл сала – қазақ тілтанымы үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Сондықтан бұл ғылымның негізгі бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым-түсініктердің даралана қоймау себептері де осыған тікелей байланысты. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А.М.Алдашева докторлық диссертациясында «…қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес»,– деп атап өткен. [1-45б] Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма практикасы да, аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып келе жатыр.

Зерттеудің өзектілігі отандық әдебиеттерде неологизмдерді аудару әдістерінің  аз зерттелуімен, оларды аударуда туындайтын қиындықтармен  тығыз байланысты. Атап айтқанда неологизм табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы аударма ғылымының жаңа бағыттарымен байланысты.

Дипломдық жұмыс  жаңадан пайда болған сөздерді, әдеби шығармада және публицистикада жазушылар мен журналистер енгізген авторлық неологизмдерді аудару мәселелеріне арналған. Ал енді авторлық неологизмдерге келетін болсақ, олар мәтінге жаңа идея, жаңа шабыт, эмоционалды мәнерлілік береді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты неологизмдерді теориялық тұрғыдан зерттеп, қазіргі ағылшын тілінде жаңа өзгерістер мен адам баласының жетістіктеріне байланысты жаңадан пайда болған неолгизмдерді аудару әдістерін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:

—  “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұнын анықтау;

—  Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістерін қарастыру;

— Неологизмдерді аудару әдістерін көрсету;

— Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдерге талдау жасау;

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Джон Рональд Руэл Толкиеннің «The Lord of the Kings» трилогиясындағы неолгизмдер қаралған.

Неолгизмдерді талдау барысында 43 мысал қарастырылған.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеуіміздің негізгі дереккөздеріне ең алдымен лингвистикалық деректемелерді жатқызамыз. Мәселен түсіндірме, тіл білімінің терминологиялық сөздіктері, анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мерзімді басылымдар, түрлі салалық терминологиялық сөздіктер (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Т. 1-10. – Алматы: Ғылым, 2002 [26]; Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (неологизмдер) / Алматы: «Рауан», 2000. [25]; Ағылшынша-қазақша, қазақша-ағылшынша терминдер мен атаулар сөздігі/Мемтерминком бекіткен терминдер мен атаулар сөздігі. Құрастырушылар Ш.Құрманбайұлы, С.Сапина) [27]; Longman. Dictionary of contemporary English. [28]

Зерттеу әдістері. Неологизмдердің табиғаты, заңдылықтары мен ерекшеліктерін, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу барысында А.А.Реформатский, В.П.Даниленко, А.В.Суперанская, Н.В.Васильева, Н.В.Подольская, Е.С.Кубрякова, А.А.Уфимцева, Г.О.Винокур, В.М.Лейчик, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, М.М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, К.Ш.Хұсайын, Н.Уәли, Ж.Манкеева, З.Қ.Ахметжанова, Л.Қ.Жаналина, Ш.Құрманбайұлы, Б.Момынова, М.Малбақов, Р.Шойбеков т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға сүйендік. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, ретроспективтік әдістер, сондай-ақ тілдік деректерді түрлі компонеттік, концептуалдық талдау және интерпретациялау, жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстыру, талдау, синтездеу тәсілдері қолданылды.

Зерттеудің теориялық құндылығы. Зерттеу жұмысының барысында неологизмдердің қазақ тіл білімі аталым теориясының үлкен арнасы ретінде танылып, өзінің ерекше зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары, түрлері мен үлгілері анықталды. Зерттеудің нәтижелері қазақ тіл білімінде аталым теориясын дамытады, уәжтану, терминжасам мен сөзжасам теориясына нақты үлес қосады. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер неологизм мәселелерінің дамуына, қалыптасуына септігін тигізеді.

Зерттеудің тәжірибелік құндылығы. Зерттеудің нәтижелері неологизмдер жөнінде жаңа пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында аударма теориясы салаласынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, арнайы семинар мен арнайы курстық, аудиториялық дәріс оқуда пайдалануға болады. Сонымен, өз шешімін күтіп тұрған басқа да ұқсас құбылыстардың аражігін ашуда септігін тигізіп, неологизмдік терминология салаларына қатысты болашақ зерттеулерге жол ашады. Ең бастысы, зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың бірқатары неологизмдік аталым үдерісінің ғылыми принциптерін белгілеуге негіз болады.

Дипломдық жұмыстың теориялық негіздемесі болып қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, неолгизмдердің ағылшынша — қазақша сөздігі, отандық ғалымдардың және шетел ғалымдарының еңбектері қарастырылды..

Диломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кріспеде диломдық жұмыстың мақсаты, өзектілігі, міндеттер қарастырылған. Бірінші бөлімде неоогизмдердің және оларды аударудың теориялық негіздері қарастырылған, Екінші бөлімде Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдері зерттелген. Қорытындыда жалпы дипломдық жұмысты талдау бойынша қысқаша түйіндер жасалған.

 Дипломдық жұмыс / 61 бет


You must be logged in to leave a reply.