Жоспар

Кіріспе……3
2.1 Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты…..6
2.2 Морфологиялық ерекшеліктері…….21
2.3 Синтаксистік қызметі….23
Қорытынды……25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..27

Кіріспе

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі – есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады.

Есімдіктер белгілі белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мысалы: Ол Прутковтың барлық афоризмін білетін (С. Ерубаев); Сен қымсынба, артыңда біз бармыз (М. Әуезов) дегендердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі ол деген сөзден тек бір адамның Прутковтың барлық афоризмін білетінін ғана аңғарамыз болмаса, ол адам кім? –Бейсенбай ма, әлде Мұрат па? Жоқ, тіпті біз білмейтін басқа бір адам ба?Әйтеуір, оның кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. Екінші сөйлемдегі сен, біз дегендердің де мағыналары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған.

Ондай болатын себебі: Ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның бәрін білдіреді. Демек, көзбе-көз я бетпе-бет сөйлесіп тұрған екі адамнан басқаның бәрі (адам ба, зат па –бәрі бір) –ол болады. Ал, мен тек бірінші жақ (сөйлеуші я айтушы) болады да, сен –тыңдап (сөйлесіп) тұрған адам, демек, сөйлеушімен (менімен) әңгімелесіп отырған адам болып шығады. Сонымен, жоғарыдағыдай дара тұрған сөйлемдердегі есімдіктердің дәлді мағыналары бірден айқын болмайды.

Есімдіктердің дәлді мағыналары, егер екі я онан да көп адам сөйлесіп отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Ал егер ондай есімдіктер монолог түрінде айтылған я жазылған сөйлемдерде қолданылса, олардың дәлді мағыналары, яғни олар туралы мәлімет, сол сөйлемдерден бұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты тыңдаушы мен айтушыға (оқушыға) ғана белгілі болады. Демек, есімдіктердің дәлді мағыналары бұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты анықталады. Мысалы: Мен жаратпаған атшыға қарап едім, ол «тек отыр» дегендей басын шайқап, ернін тістей қойды (С. Көбеев) деген мысалды алсақ, сөйлемдегі ол деген сөздің дәл кім екенін бірінші сөйлемдегі атшы деген сөзден аңғарамыз. Сол секілді: кімді айтса, сол келеді деген мақалдағы кімді, сол деген есімдіктердің де кімді нақтылы білдіріп тұрғанын, яғни дәлді мағыналарын бұрынғы сөйлемде аталған адамға қарап барып аңғарамыз. Шынында, ол, мен, деген есімдіктерді алсақ, әркім я әр адам ол да, мен де бола алады.

Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар яғни есімдіктер қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес (заттық, сындық, сандық т.б.) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады. Мысал үшін сен, ол жіктеу есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап қарайтын болсақ, қандай сөздердің орнына қолданылуына байланысты, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Сонда сен, ол кім? Не? Есімдіктері заттық ұғымды білдіретін сөздердің, бұл, сол, қай? Есімдіктері белгі атауларыны болып шығады.  Осындай екі жік сөздерді, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары – субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білідретін сөздердің орынбасарлары – аттрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөлінеді.

Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге ұқсастықтар болғанымен, өздеріне тән ерекшедіктері де бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалық формаларының ешбірін де қабылдамайды.

Есімдіктердің бәріне ортақ, тән деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналары екі жікке бөлінуімен байланысты.

  Курстық жұмыс / 27 бет


You must be logged in to leave a reply.