Жоспар

Кіріспе…….4

VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздері

1.1 . Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану әдістемесі …8
1.2 .VIII-IX сыныпта ағылшын тілінен cыныптан тыс сабақтардың мазмұны …..13
1.3. Орта тапта сыныптан тыс ағылшын тілінде жобалау әдісін қолдану бойынша интерактивті сабақтар…..19

Қорытынды ……..23
Қолданылған әдебиеттер………25

Кіріспе

Жобалау әдісі білім беру  ресурсы ол
оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту.

Зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығы :

Еліміздегі білім беру саласындағы басты да, негізгі мақсат ол үш тілдік білім беру программасын қамту мен дайындау екені белгілі, соған байланысты беріліп отырған ғылыми-зерттеу жұмыстың негізгі өзегі шет тілдегі материалдар мен  шет елдерде қолданылып әдістер мен методиканы немесе жалпы білім беретін орта мектептегі орта тапта жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолдану әдістерін қазақ мектебінде ендіру мен жүзеге асыру. Тағы бір маңызы, белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы  шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы  ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі  біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Қоршаған ортадағы,  әлеуметтегі  өзгерістерге байланысты сабақ беру тәсілі , әдісі методикасы бірге өзгеріп отырады. Тек сонда ғана тәрбие мен сабақ үрдісі өнімді, нәтижелі болады.

Мектеп программасындағы сабақ беру үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялардың енуін оқушының рухани, интелектуалды  дамуының маңызды түрі екеніне көп көңіл бөлу керек, яғни тек даму ғана педагогикалық процесстің нәтижелі түрі болып табылады. Шет тілі сабақ ретінде оқушылардың мәдени, рухани дамуына үлкен мүмкіндік беретін сабақ.

Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға  жетудің  тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық   бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға  болады. Мәселенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің  интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалармен жұмыс істеу оқушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын, білім алуға мүмкіндік бере отырып,  жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.  Бұлай болуы мүмкін, өйткені оқушылар өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:

  • тәжірибелік құндылықтары болуы;
  • оқушылардың  өзіндік зерттеулерін жүргізуінің  болжауы болуы ;
  • онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;
  • оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
  • өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
  • оқушыға өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
  • кең спектрлі тапсырмаларды шешуде оқушылардың қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
  • оқушылардың  арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.

Дамыған елде  шет тілінде сыныптан тыс сабақ жүргізудегі ең басты мақсаты:  Шет тілінде мәдени қатынасқа түскісі келетін оқушының жеке тұлғасы. Мектеп  алдында  тұрған басты мақсаттың бірі : жаңа педагогикалық технологиялардың өнімді қолдануы  мен еңгізілуі.Оларға әрине бірінші жобалау әдісі жатады.Төменде көрсетілетініңдей Е.С Полат жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді.

  • Ø Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді.
  • Ø Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді.
  • Ø Жобалау әдісі тек оқу материалдарының  өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік, дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі қалыптасатын қасиеттер жобалау технологиясымен қиылыспайды.
  • Ø Қазіргі таңда жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде: [2.17-22]

И.Л Бим ,И.А Зимний ,Т.Е  Сахоровой, О.М Моисеевой, Е.С Полат, И Чечель, L Fried-Booth,T Hutchinson, D Phillips және  т.б.

Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді.

Жобалау әдісін әсіресе Жалпы Орта Білім Беретін мектептердегі орта табында және сыныптан тыс сабақтарда қолдану нәтижелі болып келеді. Өйткені осы уақытта (8-9 сыныпта) алдыңғы қатарлы жаңа мәлімет алу үшін шет тілін өз бетімен қолдану, сөздік қорды байыту, лингвистикалық білімді кеңейту және оларды қоршаған болмыстың жаңа саласында қолдану алға шығады.

Жобалау методикасы жаңа педагогикалық жеке — тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманисттік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:

  • Ø Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;
  • Ø Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау;

Осыған сүйене отырып біз ешқандай күмәнсіз жобалау әдісі әзір материалды игеру мен жаңадан игеруге негізделген дәстүрлі сабақ беру тәсілінің баламасы екенің айтамыз.

Ғылыми- теориялық әдебиеттерді анализдеудің, педагогикалық тәжірибеге сүйенудің және ғылыми-зерттеу жүргізушінің жеке зерттеулерінің арқасында қазіргі таңда шет тілін оқыту үрдісінде бірнеше қарама- қайшылықтар бар екені аңықталып отыр, олар:

  • Ø Мемлекеттік білім беру програмасы бойынша шет тілін оқытуда орта тапқа қойылған талаптар мен шынайы орта тап оқушыларының арасындағы қарама- қайшылықтардың болуы;
  • Ø Шет тілінде сыныптан тыс сабақтарда жаңа педагогикалық технологиялардың қажеттілігіне қарамастан  дәстүрлі сабақ беру тәсілінің шет тілінен  сынптан тыс сабақтарда басым болуы;
  • Ø Оқушылардың сабақ үрдісіне  жаңа еңгізулерді, технологияларды жоғары ниетпен калауымен және оған дайын болғанымен мұғалімдердің жаңа әдістер мен технологияларға әлі де сенімсіздікпен қарау;

Зерттеудің өзектілігі, теориялық маңыздылығы осы мәселелерді шешудегі практикалық өңдеулердің жетіспеушілігі берілген тақырыпты таңдауға негіз болды. “Орта  буында жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын  сабақтарында қолдану”

Зеріттеу обьектісі: Жалпы Орта Білім Беретін мектептердегі орта табында ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтар үрдісі мен сыныптан тыс сабақтардағы сөйлеу қабілеті.

Зеріттеу пәні: “Орта  буында жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын  сабақтарында қолдану”

Зеріттеудің ғылыми болжамы: Егерде орта тапта Жалпы Орта Білім Беретін мектептердің орта табында ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдансақ, біз мынадай жетістіктерге жетеміз:

  • Ø Шет тілін өнімді игеру үшін ішкі мотивтің қалыптасуы мен дамуына;
  • Ø Ойлау қабілеті мен  ойлау жылдамдығын  арттыруына проблемалық жағдайда логикалық ойлау қабілетін игеру;
  • Ø Тілдік, сөйлеу қабілетінің дамуына;
  • Ø Оқушылардың жеке тұлғалық индивид ретінде қалыптасуына, дербес тәуелсіз тұлға болуына;
  • Ø Алға қойған тапсырмалардың нәтижелі шешім табуына.

Зерттеудің міндеті: Сыныптан тыс ағылшын тілі сабақтардағы  жобалау  әдісін теориямен  негіздеу, өңдеу, және оның нәтижелі, өнімді технология екенін дәлелдеу. Алға койылған мақсат  мынадай шешімдерді талап етті:

— Орта тапта  жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздерін аңықтау.

— Орта тапта  жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында жобалау әдісін  қолдану бойынша интерактивті сабақтардың маңыздылығын анықтау.

— Орта тапта  жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында жобалау әдісін қолданудағы жаттығулар кешені.

Көрсетіліп отырған ғылыми-зерттеу жұмысы жүйелі де, мазмұнды I бөлімнен,  жалпы зерттеу жұмысына берілген қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Реферат / 25 бет


You must be logged in to leave a reply.