ЖОСПАР

КІРІСПЕ……3-5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы…..5-13
ІІ. Тәуке ханның тәуелсіз саясаты….14-19
ІІІ. Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси жағдай……20-33
ҚОРЫТЫНДЫ……..34-35
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР….36

 КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Көпке дейін бірпартия жүйесінен шыға алмай келген, шыңдығын айтқанда біржақты өгей идеологиямен кеңес одағының халқын тәрбиелеп келген КСРО-ның құлауы тарихта үлкен бетбұрыс болып, оның құрамындағы он бес одақтас Республикалар тәуелсіздікке ұмтылды. Солардың қатарында Кезінде Алтайдан Еділге дейінгі аралықты қамтыған Қазақ хандығының жалғасы Қазақстан Республикасы да бар еді.

Қазақстан, қазақ елі 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, жаңаша даму жолына түсті. Көпке дейін тиым салынып, ауызға алынбай, я болмаса кейбір ғалымдар (кеңес ғалымдары) біржақты пікір қалыптастырған зерттеушілер тұжырымдары мен еңбектері енді ұлттық мүдде тұрғысынан, ғылыми тұрғыдан сыни талдаудан өтіп, обьективті бағасы берілуде. Солардың қатарында көпке дейін Қазақ мемлекеті болған жоқ, олар далада көшіп жүрді деген кемісітушілікпен, жалаң айтылған пікірлер енді келмеске кетті. Бұндай пікірге қарсы шығып, елдің ерлігін жырлаған ақындарымызды, зерттеушілерімізді жалған айып тағып айыптап, түрме түбінде шірітті. Осындай қорлықтардан кейін зерттеушілердің үні де біржола өше бастады. Кейбір зерттеушілер енді бұрын айтқан өз пікірлерін жоққа шығарып, жалған сөйлеуге мәжбүр болды. Осындай пікірлердің ішінде қазақтың ежелгі заманынан бастап сол кезге дейін тарихы бар еді.

Бүгінгі таңдағы енді зерттеушілердің алға қойған міндеті деректерді сыни тұрғыдан талдап, халыққа шыңдықтың бетін ашу. Бұл тұрғыда Қазақ хандығына қатысты көптеген мәселелер, әсіресе біздің зерттеуіміздің нысанасына айналған – Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы да талдаудан өтіп, баспасөз беттерінде жариялануда.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының тарихы – сол кездегі ішкі қырқысқа толы және сыртқы жаудың да жан-жақтан қауіп төндіріп тұрған кезі еді. Осылайша 17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинағы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Тәуке хан сыртқы саясаттан да мақұрым болған жоқ.

Қазіргі отандық ғылымда  Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының қат-қабат, қыр-сыры терең мәселелерін талдау әлі де болса жүйелі жолға қойылмай жатыр. Бұл біздің зерттеуіміздің өзектілігін арттыратыны сөзсіз.

Зерттелу деңгейі.   Біздің зерттеуіміздің басты құнды деректерінің қатарына жататын ол сол замандағы Левшиннің қазақ ордасына келіп, зерттеумен айналысуы. Соның нәтижесінде «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орди и степей» атты еңбегі жарыққа шықты. Біз Тәуке ханның Жеті жарғы заңын енгізгенін біле тұра ол туралы ешбір мәлімет жоқ. Тек осы Левшиннің еңбегінен аз да болса жүйелі, құнды  мәлімет таба аламыз.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын кеңестік кезеңдегі зерттеушілер жалаң баяндағанымен, олардың пікірлеріне қарсы шыққан қазақ ғалымдары да болды.  Солардың қатарында С.Асфендияров, Е.Бекмаханов, М.Тынышбаев, Б.Сүлейменов т.б. сынды зерттеушілерде болды. С.Асфендияров қазақ халқының ежелден қазірге дейінгі тарихы туралы тұңғыш жазылған еңбегінде шыңдықты қалпына келтіруге тырысты.

Тәуелсіздік алысымен отандық тарих қарқын алып дами түсті. Осы тұрғыда біздің зерттеуімізге қатысты бірқатар еңбектер жарық көрді. Солардың қатарында М.Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі»(Алматы 1995), Қазақстан танрихы очерктері (А., 1994) т.б.

Зерттеулер осы кезден бастап қанатын кеңге жайып, зерттеушілер қатары молая түсті. Солардың қатарында біздің зерттеуімізде еңбектері кеңінен пайдаланылған К.Аманжоловтың «Түркі халықтарының тарихы» (А., 2006), 2 кітабы, Н.Абдоллаевтың «Қазақстан әлемдік тарихтың аясында»(Ақтөбе 2001), 1 кітабы, академиялық Қазақстан тарихының 5-томдық, соның 2,3 томдары.

Зерттеуіміздің мақсат-міндеттері. Біздің зерттеуіміздің мақсаты соңғы кездері кеңінен зерттеліп жатқан Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайын, қат-қабат мәселерін қазіргі зерттеп жатқан ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жан-жақты саралап, сол заманға сай обьективті бағасын беру.  Осы мақсатты шешу барысында мынадай міндеттер қойылады.

— Тәуке ханға дейінгі Қазақ хандығының жағдайын анықтау;

— Тәуке ханның билікке келісімен қолданған саясатына талдау жасау;

— Сыртқы саясаттағы Тәуке ханның рөлін анықтау;

Зерттеуіміздің хронологиялық шеңбері. Жұмысымыздың хронологиялық шеңбері Тәуке ханның билікке келуімен, өмір соңына дейін, яғни 1680-1718 жылдар аралығы. Бірақ жұмысымыз кең көлемді болғандықтан кейбір даталардың ауытқулары болып тұрады. Мысалы Тәуке ханға дейінгі елдегі жағдайға тоқталу, т.б. мәселелері.

Тарихнамасы. Біздің зерттеу жұмысымызда ең негізгі тірек болған еңбек көптеген ғалымдардың қатысуымен кең көлемде жазылған Қазақстан тарихының (5 томдық) 2, 3 томдары. Содан кейін М.Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі», К.Аманжолов «Түркі халықтарының тарихы», Қазақстан тарихы очерктері және т.б. авторлардың еңбектері кеңінен қолданылды.

Сонымен қатар Отан тарихы, Қазақ тарихы, Ақиқат журналдарымен бірге газеттер де, интернет материалдары да  пайдаланылды.

 Курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.