ЖОСПАР

КІРІСПЕ….3-7
І тарау ХІІІ ғ Мысыр мемлекетінің саяси жағдайы…..8-18
1.1 Мысыр елі және мәмлүктер…..8-13
1.2 Мәмлүктердің Мысырға саяси билікке келуі…..14-18

ІІ тарау Сұлтан Бейбарыс тұсындағы мәмлүктік Мысыр……19-39
2.1Сұлтан Бейбарыстың билікке келуі және сұлтандық билігі….19-26
2.2 Сұлтан Бейбарыс тұсындағы Мысырдың сыртқы саясаты…27-34
2.3 Сұлтан Бейбарыс және Қазақстан…..35-39

ІІІ тарау «Сұлтан Бейбарыс-Мысыр билеушісі» тақырыбын мектепте оқыту әдісі…..40-68
3.1 «Сұлтан Бейбарыс-Мысыр билеушісі» тақырыбын мектепте оқыту……40-54
3.2 «Сұлтан Бейбарыс-Мысыр билеушісі» тақырыбы сыныптан тыс жұмыста……55-68

ҚОРЫТЫНДЫ…..69-71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ….72-74
ҚОСЫМША ….75-81

 Өткен күнде белгі бар,

іздеушісі болса,

Келер күнге Тәңірі жар,

                                                                                            тілеушісі болса.

Халық даналығы.

 КІРІСПЕ

    Диплом  жұмысының өзектілігі: Қыпшақ даласында киіз үйде туып, есін білер-білместен құлдыққа сатылып, темір шынжырды сүйретіп  Мысырдың аралына барып, мәмлүктердің ұрып-соққанына шыдай жүріп, ақ түскен кемтар көзіне қарамастан, араб елінің тағына отырған қазақ баласы бұрынды-соңды болған емес. Сонау заманнан қазіргі таңға дейінгі Мысыр елінде де, бүкіл дүние жүзі мойындаған қыпшақ перзентін бүкіл әлем пір тұтады. Батыр бабамыздың бейнесі ежелгі тарихи жазбаларда және әдебиет нұсқаларында осындай бір көрініс тапты. Ол туралы Мақризидің «мұсылман сұлтандарының ішіндегі ең қайырлысы еді» деп жазғаны тегін емес. [1.209]

     Шын мәнінде, қыпшақтар мәмлүк тарихының алтын беттерін  жазған.

Қазіргі кезде Бейбарыс бабамыздың рухын асқақтату барысында істеліп жатқан істер аз емес. Әрине менің зерттеу жұмысымның өзектілігі де осы мақсатты қостамақ.

Сан ғасырлар бұрын қазақ сахарасының оңы мен солында, қиыры мен құбылысында даланы еркін жайлап, Жер – Ананың киелі топырағында әрлі – берлі көшіп – қонған жұрт көп еді. Дұшпанына қатал, бауырына адал, туған жерінің табиғатымен біте қайнасып, қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығында алдына мал салған бұларды көшпелілер деп атаған. Жұлдызы жымыңдаған түнде оттың басында ән тыңдап, киіз үйде бесік тербетіп, даласына еркелеп өскен бұл халық ешкімге дес бермеген батырлар еді. Олар найза ұстап, садақ асынып, жараған тұлпарымен еңку – еңку жер шалып, туған жері мен қасиетті елі үшін қанын да, жанын да аямаған. [2.260]

Көшпелілер даласын сүйсе, сол далаға таласқан жауы да аз болмады. Бабалар өсиеті – парыз, бақыты мен қайғысы – жазмыш. Осы топырақта не бір  азуын айға білеген батырлар туған. Олар даланың қоңыр үніне құлағын тігіп тың тыңдап, жау жорығының бағытын белгілеген. Қанды шайқаста бетін топырақ жаппай қалғандары қаншама. Жанын сақтағандардың аты өшіп атаусыз қалды. Батырлары мәңгілікке ел аузында. Бұл өмірге кімдер келіп, кімдер кетпеді …

Аты аңызға айналған, жаугершілік кезінде тұтқынға түсіп, құлдыққа сатылып, мысыр мәмлүктерімен бірге әскери дайындықтан өткен, моңғол шапқыншылығы мен крес жорығына қарсы соғыстарда асқан ерлік пен әскери қабілеттілігін көрсеткен, батырлығының арқасында дәрежесі тез өскен Бейбарыс-құлдықтан мемлекет тағына дейін өз күшімен жеткен мәмлүк сұлтаны еді. Ол өзінің ақыл парасатымен, жүргізген саяси істерінің ерекшелігімен басқа сұлтандар мен әмірлерден дараланып озық тұрды.  Мәмлүктердің төртінші сұлтаны туралы тарихшылар қалам тартып, оның атқарған қызметтері, жасаған жорықтары, билікке келу жолы, мемлекетті басқару тәсілі туралы жазса, ақындар Бейбарыстың ерліктерін өздерінің жырларына қосқан. [3.96]

Мәмлүктер кезеңіндегі жылнамалар ХІІ-ХҮІ ғасырларда жазылды. Осы кезеңдердің өзінде-ақ Қыпшақ жерінен шығып, Мысырды билеген сұлтан  Бейбарыстың тарихи және әдеби тұлғасын жазып қалдырған авторлардың еңбектерін атап өту-біздің міндетіміз. 1225 жылы дүниеге келген ол атақты беріш руынан тараған, текті әулеттің ұрпағы еді.

Диплом жұмысының мақсаты: Моңғол зұлматынан қайғы жеп, қасірет көрген, қабырғасы қайысып, босып кетуге мәжбүр болған туған халқының кегі үшін өмір бойы шайқасқан нағыз патша – Бейбарысқа арналды. Оның қайталанбас ерлігі өсіп келе жатқан ұрпақтарына, біздерге үлгі болып қала бермек. Қазіргі ұрпақ үшін Бейбарыс бейнесін қалыптастыру. Абырой, ар, Намысты жоғары қойған қыпшақтар олардың даңқты көсемі ержүрек Бейбарс туралы өмірбаяндық шығармалар  аздың қасы. Басты мақсат-айбынды қолбасшы, дана саясатшы, өз ұлтының адал перзенті, бөтен жерде жүрсе де өгей ұлдай болмаған Бейбарстың өмір жолы туралы араб тіліндегі бұрын қазақ оқырманына белгісіз болып келген деректерді жеткізу болып табылады. Ата бабаларымыздың мұрасын білу, біліп қана қоймай, оны зерттеп, оған ие блу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екені даусыз. Ғылыми зерттеу жұмысымды жазу барысында Бейбарыс сұлтанның өміріне байланысты тарихшылардың жазғандары мен ғылыми еңбектерге, мерзімді басылымдарда жариаланған тарихи деректерге сүйендім.

Міндеті:

-Сұлтан Бейбарыстың қайталанбас тұлға ретінде қалыптасуын көрсету;

-Дүниені дүр сілкіндірген әйгілі саясаткер, мәмілегер  ретінде таныту;

-Бейбарыс мемлекетінің қалыптасуындағы алғашқы бағыттарды айқындау;

-Бейбарыстың Мысыр мемлекетін яғни, мұсылман әлемін моңғол шапқыншылығы мен крест жорығынан сақтап қалған дарынды қолбасшы екендігін айқындау:

Диплом  жұмысының ғылыми жаңалығы: Мысыр жерін билеген қазақ сұлтандарының соңғы ұрпағы ХІХ ғасырға түркілік сипатын жоғалтпай, аман-есен жетті. Қазіргі таңда Сұлтан Бейбарыстың ұлы тұлға екендігін әлемге танытып, Қыпшақ рухын асқақтатқан ұлы перзент екендігінде тарих шыңындағы шындықтың беттерін саралап, сырылмастай із қалдыру.

Тарихнамасы:бұл тақырып жөнінде қаншама жазылған еңбектер бар, бірақ та әліде болса көп зерттеуді қажет етеді. Әрине Бейбарыс бейнесі қазақ, мысыр тарихындада өшпес із қалдырарлықтай тарихи тұлға. Ғылым-білімнің өсіп-өркендеуіне ерекше мән берген  Рукн-ад-дин Бейбарыс сұлтан сарайынан оған орын ұсынып, өзінің жеке хатшысы қылып, мемлекет тарихында болған, өз басынан өткен айтулы оқиғаларды хатқа түсіріп отырған. Бұл кітаптың құндылығы-сұлтанның көзі тірісінде жазылған. [9.211]

     Жалпы алғанда, мәмлүк дәуіріне қатысты өте бай архивтік мәліметтер бар екендігін айта кету керек. Сирек қолжазбалар Таяу шығыс елдерінің Каир, Дамаск, Бағдат, Алеппо және т.б қалаларында ғана емес, Еуропа елдерінің кітапханаларында да сақтаулы тұр. Каирде орналасқан Мысыр кітап үйінің өзінде ғана 70 мыңдай қолжазба, сирек темір шақалар бар.

Ал жалпы мәмлүк тарихы, атап айтқанда, Бейбарыс сұлтандығы туралы Ибн  Уасыл (1207-1297), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1292), Ан-Нуаири (1331 жылы қайтыс болған), Бейбарыс ад-Дауадар (1325 ж қ.б)секілді мұсылман тарихшылар қалам тартқан болса, Ал-Габурти, Ал-Джаһиз, Ибн Асир т.б әр түрлі ғасырларда өмір сүрген мұсылман тарихшылары да түркі, мәмлүк тақырыбын айналып кете алмаған. [20.81]

Ислам историяграфиясында Бейбарыс туралы «сира»-өмірбаян жанрында жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Оның өзінде де шығармалардың біреуі қара сөзге түсірілген поэтикалық шығарма болып табылады. Тарихшы Ибн Уасил өзінің ауқымды еңбегінің бір томын Бейбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған.Бейбарыстың өмірі туралы қолжазба Түркия қаласында, Эдерне қаласында сақтаулы.

Әбу Мұхасин  Юсуф ибн Тәңірбердінің (1409-1470) «Китаб ан-нужум аз-заһира фи мулук Миср уә-л-Қаһира» (Мысыр мен Каир иелігіндегі жарқын жұлдыздар кітабы) атты еңбегі Мысырды арабтар жаулап алғаннан бастап Бейбарыс билік құрған 1267 жылға дейінгі уақытты қамтиды- деп келтірілген. Қыпшақтан шыққан «мемлекеттік жасақ»- мәмлүктер әулеті Мысырды 1250-1517 жылдардың аралығында, яғни 267 жыл билеп барып тарих сахнасынан ысырылды. [10.62-63]

Осы заманғы араб тарихшылары да мәмлүк тарихын зерттеуде. С.Ашур, М.Сурур секілді мысырлық тарихшылар сұлтан Бейбарыс туралы өмірбаяндық жеке кітаптар жазған. Француз тілінде де сұлтанға арналған жеке кітап бар.

Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастардың тарихи сабақтастығының жалғасы ретінде Қыпшақ даласының сүбелі бөлігіне ие Қазақстандай алып елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каир қаласында орналасқан Бейбарыс мешітін жөндеу ісіне мүдделілік танытып, ат шаптырым мешіттің миһрабын қайта қалпына келтіруге қазақ даласының әрлеу тастарын беруге дайындығы маңызды тарихыи қадам. Осы игі іс, сөзсіз, Мысыр жерінде билік құрған қыпшақ мәмлүктер, қалдырған орасан зор мәдени және материалдық мұраны игерудің басы болып табылады. [21.77]

Ал, енді «пирамиданың ыстық төсіндегі шаң басқан граниттердегі қыпшақ сөздері» не дейді.

     Диплом жұмысының құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

  Дипломдық жұмыс / 81 бет


You must be logged in to leave a reply.