ЖОСПАР
Кіріспе. Шежіре туралы түсінік. 3

Негізгі бөлім: 4
а) Қазақ жүздерінің қалыптасуы жайында. 4
ә) Ұлы жүз ұғымы. 6
б) Орта жүздің этникалық құрамы. 7
в) Кіші жүздің ру – тайпалары туралы. 8
Ұлы жүз 10
Орта жүз 15
в) Кіші жүздің ру – тайпалары туралы. 19

Қорытынды 21
Қолданылған әдебиет тізімі 22

Шежіре (арабша шаджарад — бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Сәбит Мұқановтың анықтамасы бойынша «Шежіре» деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді айтады.

Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке отбасының, әулеттің, атақты қолбасшы, мемлекет қайраткерлерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған. Шығыста бұл салт Қытай елінде өте ерте дамыған. Онда сол мемлекетте, көрші елдерде күнбе-күні басты оқиғалар «хроника» есебінде жазылып, отырған. Осылай өз тарихының деректі негізін жасаған. Көрші Ресейді патшалардың, текті сославиелердің, жеке дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты қалыптасқан.

Қазақ халқында ата шежіресі ерте кезден бар. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер жеті рулы елдің қамын жер, жалғыз өзін білген ұл, құлағымен жағын жер» деген аталы сөздер соның айғағы. Ал жеті атада үлкен сыр бар. Әр ұрпақ 25 жастан десек, ол 175 жыл. Бұл болса, бір адамның жеке басының тағдыры арқылы оның құл емес екенін, ата тегін, өз ортасының белді мүшесі екенін, он алты жаста ордаға енер, жау ортасын бұзып-жарып кірер адамзат екендігін байқататын фактор.

Шежіре арқылы оның тегі, ата қонысы, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адами құқы, т.б. болмыс білінетін болған. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категориялар — айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары. Бұл болса тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.

Қазақ үш жұртынан тұрады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Шежіре де осы үш жұрттың динамикасын көрсетіп, соның нәтижесінде барша халықтану қалыптасары даусыз.

 реферат / 21 бет


You must be logged in to leave a reply.