Мазмұны
КІРІСПЕ
1 Ежелгі шығыс елдерінің даму тарихы
2 Қоғамдық және мемлекеттік құрылыс
3 Ежелгі шығыс елдерінің құқығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе 

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар, жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті. Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуіне де әсер етті. Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды, тоған салуды үйрене бастады. Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып, басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көңіл бөліп, қамалдар мен шіркеудер салуға кіріседі Міне осылай шіркеудер мен қамалдар негізінде қала-мемлекеттер  пайда болды. Суару жүйесінің рөлі басым болғандықтан  Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым болуына  еңбек-құрал  жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.

Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи күштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану, балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның рөлі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу, су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына  келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды  қоғамдық еңбекке мәжбүрлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған. Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі.

Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін  мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды    топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар, сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға, байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отырғандыктан, олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы рөлі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтардың  рөлі  дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар, әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы рөлін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.

Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы. Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты. Бірақ билік әр түрлі айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасқандықтан сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер шығыстағы билік жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің күрделі байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті шығыс деспотиясы  деп атаймыз. «Деспотия, деспотизм» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді. Бұл сөз ХVII Ғ. аяғы мен ХVII ғ. басында өмір сүрген француз жазушысы Ф.Фенелонның романындағы адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүретін және заңмен қорғалмаған қоғамды атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын себебі патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан қорғалмауына байланысты.

 Курстық жұмыс / 22 бет


You must be logged in to leave a reply.