Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Әмір Темірдің мемлекетті құру және нығайту барысында жүргізген саясаты.
Б) Әмір Темірдің жорықтары және оның тарихта алатын орны.
В)Иранға, Үндістанға, Қытайға жасаған жорықтары.
Г) Темірдің Дешті Қыпшақ пен Жетісуға жорықтары.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

    Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336-1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Ұлы Түркістан өсірген ұлы тұлға, әскери қолбасшы және мемлекет қайраткері Әмір Темір Ғұн, Көктүрік және Ұйғыр мемлекеттерінің ізін ала тарихы сахнасына шыққан Монғол империясынан соң шамамен 150 жылдан кейін Түркістанда биік тұрған. Темір түрік мемлекеттерінің аңсаған арманы, түрік әлем билігіне қол жеткізу жолында 35 жыл үздіксіз күрескен.

Қазіргі тарихшы Шерефеддин Али-и Иездиннің «Зафарнама» атты еңбегіндегі деректерге қарағанда  Әмір Темір 25 шабан 736 ж.                                    (9 сәуір 1336 ж.), он екі жануардан тұратын түрік күнтізбесіне қарай тышқан жылы Кеш (Шахризабс) жанындағы Қожа Ылғар ауылында дүниеге келген. Әкесі Барлас аймағының бейі Тұрағай, ал шешесі Тәкіне хатун еді. Балалық және жастық шағының алғашқы кезеңі Шағатай  мемлекетінің ыдырау кезеңіне дөп келіп, Мауренахар аймағы дау-дамайға толы болғандықтан Әмір Темір жайында деректер шектеулі ғана. Ұлы Әмірдің немересі Ұлықбек атасының мазары үстіне қойған көктастағы Темір отбасының түбірі жазылған басты кітапта Темірдің тегін Шыңғыс ханға тіреуде. Бұл қолжазбаға қарағанда Темір отбасы: Әмір Темір Күреған бин Әмір Беркел бин Әмір Илентир бин Әмір Ижил бин Әмір Қарашар Ноян бин Әмір Сүгуччин бин Әмір Ердемжі Барула бин Әмір Качулай бин Әмір Туманай болып жазылған.       Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы «хан» емес, «әмір» еді.

Ибн Арабшахтан бастап Темір дәуірінде көрген қиындықтардың салдарынан, өз еңбектерінде Әмір Темір әулетінен мемлекет басшылары шықпағандығы туралы айтқандар да бар. Әмір Темір туралы жазылған Зафарнамалар болса, бұл пікірлерге қарсы мәліметтер беруде. Солай болса да, Әмір Темірдің әйелдері мен қарындастарының тұрмыс құрулары, бұл отбасының  әлеуметтік орынын анықтаудағы тәсіл ретінде қарастыруға болады. Бірақ Әмір Темір өмір сірген жылдары хан атағын алмаған, ол үшін бәсекеге түспеген және билігінде зор жетістіктерге жеткен кезеңдерінде «Әмір, әл-Әмір’үл Кәбір, Сахиб Қыран» және Шыңғыс хан отбасына күйеу бала болғандықтан «күреген» атағын қолданған.

 Курстық жұмыс / 20 бет


You must be logged in to leave a reply.