МАЗМҰНЫ

Кіріспе 5 бет

І тарау ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанның аграралық елден индустриалдық жүйеге көшудің салдарлары
1.1 Индустриалдандыру және оның қазақ халқының демографиялық жағдайына тигізген әсері 16 бет
1.2 Ұжымдастыру саясатының іске асырылуы: респрессия, аштық 12 бет

ІІ тарау 1926-1936 жж. аралығындағы Қазақстанның тұрғылықты халқы және оның жағдайы
2.1 Тұрғылықты халықтың құрамының өзгеруі 10-бет
2.2 Қала және ауыл тұрғындары, олардың үлес салмағы 6-бет
2.3 Тұрғылықты халықтың медициналық жағдайы, табиғи өсімі, сауаттылығы 7 бет

Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған деректер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құру жолында. Еліміздегі демографиялық жағдайдың объективті бейнесін айқындау қоғамдағы татулықты қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Республика халқының демографиялық жағдайын нақтылауда аймақтық ерекшеліктерді анықтау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті мәселелерін белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы уақытқа дейін қарастырылмаған Ақтөбе өңірінің этнодемографиялық дамуының ғасырлық тарихын нақтылайтын зерттеу қажет.

Дипломдық жұмыстың өзектілігіне келсек, ол Отан тарихының еліміздің егеменділігіне дейін аз зерттеліп, кенже қалған, бірақ күрделі де өзекті де салаларының бірі – тарихи демография. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді.

Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Қазақстан халқының даму белестері, өсу жолдары, әсіресе қазақ ұлтының басынан кешірген демографиялық апаттар мен қиыншылықтары, сырттан келген көші-қонның кері әсері, қазақтардың өз жерінде аз ұлтқа айналуы, оның себептері мен салдары және т.б. тарихи демографияның өзекті проблемалары тек кейінгі 20 жыл ішінде кеңінен зерттеліп, көптеген ақтаңдақтардың беті ашылуда.

Отан тарихының халықтану саласы туған жерімізді мекендеген елдің болашағын анықтау мақсатында, оның өткен тарихи жолын жалпылай және жекелей зерттеу арқылы жан-жақты талдаудан өткізуде. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының демографиялық саясатын ғылыми негізде саралай түсіп, қазіргі жағдайға сай жаңа міндеттерді іске асыруға да арналған бағдарламаларға жол ашылатынын да айтқан жөн. Ғылыми зерттеулерге сүйенген демографиялық саясат Қазақстан Республикасындағы саяси тұрақтылық пен демократиялық реформалардың жетістіктерге жетуіне оң әсер тигізетіні де сөзсіз.

Тарихи демографияның өзекті бір проблемасы – Қазақстан Республикасының әр аймақтарындағы халықтың даму процестері, оның басқалардан өзгешеліктері, ұлттық құрамындағы, елдің орналасуындағы (қала, село және т.б.), өсу жолдарындағы, жынысы, жасы, білім деңгейі, көші-қон және т.б. сипаттарындағы ерекшеліктері және т.б., әсіресе Республикамыздың демографиялық дамуындағы орны мен маңызы, халқымыздың өсіп-өну процесіндегі үлесі мен келешегі және т.б. күрделі мәселелерді анықтап, ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі – Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.

Кеңестік дғуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды. Сондай-ақ, бұл жөнінде М. Шоқайұлы, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сғдуақасов сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Олардың еңбектерінде ұлттық мүддені қорғау көзделгені аңғарылады. 1920-30 жж. мемлекеттік тапсырыспен А.Н. Донич пен Н.Д. Трублаевичтің халықтың саны, құрамы, орналасуы жайында еңбектері жарық көрді. А.Н. Донич зерттеуінде демографиялық шолу жасаса, Н.Д. Трублаевич республикадағы халықтың табиғи өсімі мен ұлттық құрамындағы өзгерістер жайын қарастырды. Бірақ, авторлар ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелді. Одан кейінгі уақытта демография мғселесіне байланысты еңбектер жазылмады. Себебі, кеңестік тоталитарлық жүйе оған мүмкіндік бермей, 1937 ж. халық санағың қорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.

Демографияға байланысты зерттеулер тек 1960-жылдары ғана қайта қолға алына бастады. 1960-1970 жж. Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен еліміздің ғлеуметтік даму мғселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы табы, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесі қарастырылды, ресми статистиканы қолданған зерттеушілер ғлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, ғсіресе өнеркғсіптік және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. Жұмысшы табы мғселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсақ, А.Н. Нүсіпбеков, М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмұхамедов, Б.Н. Ғбішева, шаруалар тарихын зерттеген А.Б. Балақаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейіс, интеллигенция тобын зерттеген Ш.Ю. Тастанов, Х. Ғбжанов сияқты ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық процестерді анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді.

1970-1980 жж. тарихи демография саласында арнайы еңбектер шыға бастады. Соның ішінде революцияға дейінгі статистикалық мғліметтердің негізінде ғлеуметтік және ұлттық демографиялық факторларды өзара байланыспен, өзара шарттылықта қарастыру әдістері негізделді.
Қазақстанда көші-қонның тарихи мәнін, оның халықтың әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсерін ашқан, көші-қон мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін көрсеткен алғашқы зерттеушілер – Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова, В.М. Кабузан мен Н.В. Алексеенко болды, ал Ф.Н. Базанованың монографиясында көші-қон қозғалысының республика халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де көп салалы процесс екендігі көрсетілді [4]. Алайда, бұл еңбекте кеңес дғуіріндегі тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің маңызды беттері: репрессияланған халықтарды депортациялау, таптық белгісіне байланысты жер аудару тағы басқа мғселелері ашылған жоқ.

Дипломдық жұмыстың мақсаты — 1920-1930 жылдар аралығындағы Қазақстандағы демографиялық үрдісті, ұжымдастыру, индістрияландыру саясаттарының мәнін, нәтижелерін кешенді түрде зерттеу және бұл мәселенің тарихнамасын ғылыми талдау.

Мақсатқа жету үшін мынандай нақтылы міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:

— индустрияландыру саясатының мәнін ашып, оның тарихнамасына қатысты зерттеу еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау;

— индустрияландыру туралы көзқарастарға талдау жасау;

— ұжымдастыру саясатының іске асырылуын талдап, оның зардаптары мен оған деген қарсылықтарды анықтау;

— ашаршылық жылдарындағы халықтың демографиялық үрдісін талдау.

Дипломдық жұмысты жазу барысында отындық және шетелдік ғалымдардың кітаптары, мерзімдік басылымдардағы мәліметтер және ғаламтор пайдаланылды.

 Дипломдық жұмыс / 62 бет


You must be logged in to leave a reply.