МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастырудың маңызы…..1 -6 бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жеңіл атлетика туралы түсінік ……7- 12 бет
2. Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері…..13 — 27 бет
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ …28- 33 бет
ҚОРЫТЫНДЫ…….34-35 бет
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  КІРІСПЕ

Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.Бәсекеге қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастыру  барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді.  Жеке тұлғаға бағытталған сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім  қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту,  педагогикалық  мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың  әдіс-тәсілдерін  іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.Бәсекеге қабілетті  білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары деңгейіндегі  бағдарлы оқыту  жатады. Бұл үдерістің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында  (2002 ж.) көрсетілген.Тұрғындарды салауатты өмір салтына, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу арқылы жүзеге асуға тиіс. Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану арқылы, теледидар бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірлеу керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс. Жастардың дене тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында «тәні саудың — жаны сау» деген қағидатты орнықтыру қажет.Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, спортпен өз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру болып табылады.Дене шынықтыру мен спортты насихаттау адамның жан-жақты спорттық және дене тәрбиесі даярлығының беделін, гигиена және дене шынықтыру саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етуге, ғылыми зерттеулер мен жаңалықтар ашуға негізделуге тиіс.Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы басты бағыттардың бірі — олардың ізгілікті жағын күшейту. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, қабылданған жалпы этикалық нормалар мен талаптарға сай келмейтін, зорлық пен зомбылықты үйрететін спорт түрлері мен дене жаттығуларын дамытуға қолдау көрсетілмеуге тиіс. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік стандартының негізгі ережелеріне» сүйене отырып, «Дене шынықтырудың» білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту болып табылады.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін

арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығулардың негізгі түрлерімен оқушыларды таныстыру;

қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқушылардың меңгеруіне көмектесу;

дене тәрбиесі мен салауатты өмір саласындағы білімді қалыптастыру;

бұқаралық спорттың маңызды негізін құрайтын жаттығулар техникасын жетілдіру есебінен дене қасиеттерін тәрбиелеу.

Әр сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылы ішінде  102 сағатты құрайды және топтардағы оқушылар саны 10-12 ден кем болмаған жағдайда 5-11 сыныптарда ер балалар мен қыз балалар бөлек оқытылады (ҚР БҒМ-нің 2001ж. 27.06. №505, 2002ж. 30.04. №352, 2003 ж. 29.05. №351 бұйрықтары).Сабақтарда бәрінен бұрын іс жүзінде педагогикалық міндеттердің барлық көлемін қамтитын оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Дайындайтын және жетектейтін сипаттағы, сондай-ақ денені арнайы шынықтыратындай жаттығуларға үйрету технологиясын бөлек-бөлек және жүйелі түрде құрастыру қажет. Оқушыға білікті түрде жәрдем көрсетілу тиіс. Білім беру міндеттерін жүзеге асырудың практикалық құрылымы ретінде қателерді көрсету мен түсіндіру, қателерді жою жолдары ұстаздың оқушымен жүргізетін жеке жұмысының тиімділігін  қамтамасыз етеді, өзінің білімін көтеруге ынталандыру секілді көп нәрсеге себепкер болады.Дене тәрбиесінің базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық, себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, дамытуды көздейді.Бағдарламаның өзгермелі мазмұны оқушылардың тұратын жерлерінің ерекшеліктерін, мектептің материалдық базасын, мұғалім мүмкіндіктерін және оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып құрылған. Сондай-ақ оқушылармен жеке сабақтар өткізу мәселесі де қарастырылған. Бағдарлама материалдарының өзгермелі бөлігін жаңарту мұғалімдерді сабақтың көлемі мен тақырыптың мазмұнын кеңейте түсуге, оқушыларға функционалды ықпал етудің оңтайлы стратегиясын жасауға, дамыта оқытудың және оқу процесін жетілдірудің танымдық мәнін түсіндіруге бағыттайды. Бағдарлама жеке материалдардың оқыту ерекшелігін ескере отырып, үйретудің неғұрлым белсенді, ізденісті әдістерін, топқа және жеке тұлғаға түсетін дене жүктемесін нормалауды, сондай-ақ сабақтардың жеке бөліктерін шебер қолдануды талап етеді. Мұндай талапты жүзеге асыру үшін мұғалім сабақ берудің әдеттен тыс тәсілдерін еркін меңгеруі тиіс. Сабақтың әдеттен тыс түрін ұйымдастыру нұсқасы оның құрылымдық өзгерісінің өзіндік, яғни мән-мағынасы бойынша ерекшеленуі қажет. Мұнымен бірге оқушылардың оқудағы саналы белсенділігін, дербестігін қалыптастыруға, жеке мүддесін дамытуға ықпал ететін сабақтар да ерекше маңызға ие.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап  қалай болса да тәжірибеде  жүзеге асуы тиіс;

– «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

– қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;

– оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының тізімі мен мазмұны болуы қажет;

– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау – сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

– ырғақты гимнастика кәдімгі «аэробика» түрінде жеке сабақ ретінде немесе гимнастика сабағының қосымша бөлімі ретінде де өткізілуі мүмкін;

– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі мұғалімнің өзі көптеп қолданылатын жекелеген бақылау нормативтерін және Президент сынамалары  нормативтерін орындау нәтижелерімен бағаланады.Жеңіл атлетика – бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары – тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.Жүгіру  — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа –100,200,400 мжәне 110м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800,1000,1500,2000,3000м жүгіру және 3000м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа -5000,10000,20000,42 шақырым 192м марафондық қашықтық және 50шақырым кросс(дала жарысы) жатады. Жүру-20 шақырым спорттық жүріс.Лақтыру- диск, найза, граната, балға, доп және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, үш аттап секіру. Жеңіл атлетикалық көпсайыс- көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар – жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту. Оқушылардың қалыпты дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын алады. Ағзаның, ішкі құрылыстың қызметінің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға байланысты. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау алға қойған міндеттерді шешеді.Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін жаратылыстың табиғи күштері кеңінен қолданылады.Оқушылардың денсаулығын жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін, мектеп оқушыларының жүйелі  және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді. Оқушылларға дене шынықтыру және спорт жөніндегі білімдерді меңгерту, гигиеналық білімдер мен дағдыларды қалыптастыру. Аталған міндет оқушыларға дене шынықтыру ждәне спорт жөніндегі қажетті білімдермен қамтамасыз етеді: дене жаттығулары сабақтарымен айналысудың пайдасы, гигиеналық ережені сақтау, сонымен қатар бағдарлама бойынша барлық дене жаттығуларын дұрыс орындау.Мектепте, отбасында, қоғамдық ортада, балалардың өз бетімен дене жаттығуларын орындауы жаттығуды дұрысм орындау білімін, гигиеналық талаптарын дұрыс орындауға деген көзқарасын қалыптастырады. Дене шынықтыру сабағындағы жеңіл атлетика жатығулары санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің, мектептің барлық қызметкерлерінің  жеке басының үлгісі шешуші орын алады. Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде әңгімелесуі .үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа сабақтарда өткізуге болады. Балалар дене шынықтыру сабағындағы жеңіл атлетика жөніндегі білімді дене шынықтыру сабағында және сыныптан тыс іс-шараларда алады. Алынған білімді балалардың сабаққа деген қызығушылығын және саналы көзқарасын туғызады. Мектеп оқушыларының қозғалысты орындай білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдісі. Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі түрде дене шынықтыру сабағында, отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен спорттық секцияларда өмірге қажетті  қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды рөл атқарады. Б\алалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру-қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балаладың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады.Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету. Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат,  жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту. Әр адамға қажетті қасиеттер — күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі – дененің сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. Дене шынықтыру үрдісінде бағалы моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қөызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу. Мектептің міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте, отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушылығын арттыра отырып, берілетін материалдың өзара қарым-қатынасына көңіл бөлу керек. Оқу бағдарламасында дене жаттығуларын дұрыс қолдану, іріктеп алу және өткізу әдістемесі маңызды орын алады.Бастауыш мектеп жасындағы балаларға дене жаттығуларын іріктеп алуда балалардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері міндетті түрде есептелінеді. Бала ағзасының жылдам өсуі мен бүкіл дененің өзгеру сапасы негізі ерекшелік болып табылады. Адамның ең жылдам өсетін аяғы, сондықтан ол дене бітімі үйлесімдігін өзгертеді. Адам ағзасы жылына2 кгсалмақ қосып отырады. Сонымен қатар жылдам сүйектену процесі жүріп отырады, сүйек тіндерінде минералды тұздар жеткіліксіз, сүйек өзінің икемділігі мен ерекшеленеді. Сондықтан денеге күштің шамадан тыс түспеуі, статикалық күшті ұзаққа созбау, үлкен биіктіктен секіртпеу қарастырылады.Үлкенге қарағанда балалардың бұлшық еттері мен омыртқа иілістерінің байланысы толық дамымаған, омыртқа аралық шеміршек жіңішке болып келеді. Жеті жастағы балалардың омыртқа иілісі толық көрінеді. Ал, омыртқа қатаюы 14-15 жаста басталады. Омыртқа иілісі үлкен икемділікпен ерекшеленеді, кейбір кездейсоқ жағдайлар омыртқақызметінің жағымсыз жағдайын туғызуы мүмкін. Осы жаста омыртқаның әр түрлі қисаюын ждиі кездестіруге болады.Балалардың бұлшық ет тіндерінде су көп, ал ақуыздық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың денесінің жалпы салмағының 27% бұлшық ет тіні, ал 18 жаста -40% жетеді. Ұсақ бұлшық еттерге  қарағанда ірі бұлшық еттер жақсы дамыған. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күшінің дамуы жағымды жағдайларлда жылдам дамиды. Бұл жастағы кезеңде балалардың бұлшық ет қызметінің жұмыс істеуінің  төмендегімен сипатталады. Әр түрлі бұлшық ет топтарының тепе-тең дамуын қажет ететін, үлкен тербелісті жаттығулармен қамтамасыз ететін нақты жаттығулар қажет. Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылаитын жұмыс түрлері Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:

-дене шынықтыру сабағы;

Күн кестесіндегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстар; сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ баорысындағы сергіту жаттығулары, үзіліс кезіндегі ойындар мен жаттығулар;

-сыныпиан және мектептен тыс  дене шынықтыру және спорт жөніндегі жұмыстар;

-отбасында дене жаттығуларысмен аналысу жатады.

Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу сабақтарындағы ақыл-ой әрекетін арттыруға, анықталған  кейбір міндеттерді шешуге дене дайындығын қалыптастыру үшін қарастырылған.

 Курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.