МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………3

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ ТАСЫМАЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны……..5
1.2 Халықаралық жүк тасымалдаудың түрлері………6
1.3 Халықаралық әуе тасымалдауы…………9

2. ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК
2.1 Тасымалдау шарты бойынша тасымалдау жөніңдегі міндеттемелер………12
2.2 Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау. Жолаушы құқықтары………13
2.3 Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік……14

3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДАҒЫ КЕДЕН РЕЖИМІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІН ТАЛДАУ
3.1 Жүк тасымалдаудағы кеден режимінің түрлеріне сипаттама (17 түрлі)….16

ҚОРЫТЫНДЫ……23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…….25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Халықаралық әуе тасымалы дегеніміз – жүктің немесе жолаушылардың жөнелтілетін жері мен баратын жері тиісінше екі елдің аумағында орналасқан, сондай – ақ басқа мемлекетің аумағында қонып, жөнелтілетін жері бірінші елдің аумағында орналасқан әуе тасымалы.

Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс.

Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.

Сонымен, халықаралық жүк тасымалдау дегеніміз — мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.

Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:

— жүк, жолаушы кеден шекарасынан етуі керек;

— жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ак халыкаралык тасымалдау шарты арқылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;

— халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан баска шетелдік валюта қолданылады;

— халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.

Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап таныскан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық зандарда бекітілген.

Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк женелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.

Ең күрделі құқықтық мәселелер халықаралық теңіз тасымалдауында туындайды. Бұл осы алдағы қатынастардың әр түрлілігімен және құқықтық қайнар көздердің әр түрлі сипатта болуымен түсіндіріледі.

Көптеген мемлекеттердің зандылықтарында жүкті теңіз тасымалдауына қай елдің заңы қолдану керектігін қарастыратын коллизиялық нормалар жоқ. Бұл мәселелер сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания және Франция соттарында (француз зандылығына сәйкес) кеменің жалау заңы колданылады, ал Германия соттарында мүлікті қабылдаған жердің заңы қолданылады. Польша елінің зандылығына сәйкес тараптардың еркіндік заңы колданылады. Тасымалдау шарттарында еркіндік болмаса, тасымалдаушының заңы қолданылады.

Жүкті теңіз тасымалдауы әр түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер мұндай тасымалдау теңіз тасымалдаушысының бүкіл немесе жарты, яғни бір бөлігін беруді ұсынбайтын болса, онда тасымалдауға қатысушылардың арасындағы қатынас коноссаментпен рәсімделеді.

 Курстық жұмыс / 24 бет


You must be logged in to leave a reply.