Жоспар
Кіріспе…..3
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Негізгі бөлім
1.1 Президенттік басқарудың классикалық түрі……6
1.2 Президент институты…15
1.3 Президент институттың модельдері…..20
1.4 Президент сайлауы……25
Қорытынды……29
Әдебиеттер…..30

Кіріспе

Казіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары

Көппартиялық — азаматтық қоғамның аса маңызды нышаны. Бірақ қоғамдық және саяси күштерді бөлшектеу, оларға іріткі салу, азаматтық қоғамның әлсіздігі, экономикалық дағдарыс және экономиканың қожырауы, халықтың едәуір бөлігі арасындағы саяси енжарлық және демократиядан түңілушілік бүл институттың көпшіліктің өкілі болатын институт ретінде дамуына мүмкіндік бермей отыр. Егер көппаритялық түрін анықтау үшін Д. Сарторидің партиялық жүйелерді топтауына жүгінетін болсақ, әрқайсысына сапалық ерекше айырмашылықтары тән партиялар жүйесінің 7 үлгісінің ішінен Қазақстандағы жағдайға тұйықталған көппартиялық жүйе үлгісі сәйкес келер еді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде идеологиялық және саяси әралуандыққа жол ашылған,алайда қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді. Қоғамдық бірлестіктер де заң алдында бірдей. Олардың ісіне мемлекеттің немесе мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына жол берілмейді. Сондай-ақ біздегі саяси партиялар мен кәсіподақтарды шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына тыйым салынғаын.[2]

Үстіміздегі кезеңнің бір ерекшілігі қоғамның саяси ахуалындағы тоқтаусыз жүріп жатқан сапалық өзгерістерде жатыр. Егемендіктен кейінгі президенттік институттың өмірге келуін, кәсіби парламенттің, алғашында сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан, кейін оңды тәжірмбе жинақтауын және көппартиялық қалыптаса бастауын сол сан алуан үрдістердің басты-басты нышандары деп тануға болады.

Қазіргі дүние жүзіндегі, әсіресе Азиядағы бірқатар елдердің демократияға көшу тәжірибесін жинақтайтын теориялық тұжырымдардың негізінде Қазақстандағы демократия процесіне және оны қолдануға ықпал ететін басты факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік бар. Бұл орайда республика тәуелсіздік алған соң дүниеге келген жаңа демократиялық саяси институттар: парламентке, 1993 және 1995 жылдардағы конституцияларға, тәуелсіз сот билігінің қалыптасуына, көппартиялықтың басталуына ерекше назар аударылады. Осылардың ішінен бұрынғы дара партиялық қоғамның орнына көппартиялықтың қалыптаса бастауының өзі біз үшін принциптік жаңа құбылыс. Жалпы, ХІХ ғасырға дейін партия (партия — латын сөзінен алынған, «бөлек», «бөлісемін» деген мағына береді) деп үкіметтің және парламенттің құрамында бәсекелес топтарды атаған. Неміс ғалымы Макс Вебер партияның дамуын үш кезеңге бөледі: аристократиялық, саяси клуб, бұқаралық партия. Алайда аталған үш кезеңнен өткен ағылшынның екі партиясы ғана болды: лейбористер (вига) және консерваторлар (тори). АҚШ-тағы азаттық күресі мен ұлы француз революциясы қоғамдық өмірді жандандырып, саяси күштерді тарихи аренаға шығарды, ішкі ұйымдық заңдары, айқын бағдарламалары бар саяси парти-ялар пайда болды. Жұмысшы табы мен еңбекші бұқараның саяси күреске араласуы таптардың күресінің авангарды — саяси партиялар жүйесін туғызды.

Қазіргі уақытта партия атаулылардың екі жүзден аса анықтамасы бар. Дегенмен, партия деп белгілі бір топтың немесе әлеуметтік топтың, үкіметті басқаратын төбе топтың (элита) мүддесі үшін күресетін белгілі бір идеологиялық негізде ұйымдасқан, бағдарламасы бар, айқын мақсатты алға қойған адамдардың тобын атайды.

Кейінгі мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде әр түрлі саяси бағыт ұстаған 600-дей партия бар, 19 елде партия құруға тыйым салынған, 29-ында жалғыз ғана басқарушы, үкіметтік партия, ал 129 елде бірнеше саяси партиялар жұмыс істейді).

Өзінің саяси бағдарына қарай партияларды солшыл, оңшыл және центристік; іс-қимылының сипатына қарай реформистік, радикалды және экстремистік; ұйымдық принциптеріне қарай қадрлық және бұқаралық; ұйымдасуы мен жұмыс әдістері бойынша демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық және фашистік деп жіктеуге болады.

     Бұрынғы Кеңес елінде бірпартиялық монополияның жойылуы, бірорталық бюрократиялық Одақтың ыдырауы, ұлттар мен ұлыстардың егемендік алуы, саяси, экономикалық және идеялық пікірлер саналуандығының жариялануы саяси партиялар мен ұйымдардың, бұқаралық қозғалыстардың жаңа толқындарын туғызды.

 Соның бірі -Қазақстан Республикасы. Мұнда бүгінгі таңда саяси партиялардың саны оннан асады, 300-ден астам қоғамдық ұйымдар тіркелген. Олардың ішінде социалистік партия, «Азат» республикалық партиясы, Қазақстан халық бірлігі партиясы, Қазақстан халықтық конгресс партиясы, т.б. бар. Бұлардың барлығында ортақ мақсат-мұрат: парламенттік партияға айналу, Қазақстанның егемендігін нығайту, еліміздің әлем таныған экономикасы қуатты, мәдениетті, қоғамдық ахуалы гүлденген, терезесі тең елге айналдыру, мемлекеттіктіл,- қазақ тілінің мәртебесін нығайту, шовинизмге де, жершілдік-ұлтшылдық сепаратизмге де жол бермеу, еліміздің территориясы-ның біртұтастығын қорғау, т.б. бар. Сонымен бірге, әрқайсыеының өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес.

Парламенттік партия екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден — сайлауға дайындық, екіншіден — парламент жұмысына бақылау жасау.Әрине, мұндай жіктеуді біз шартты түрде қабылдауымыз керек.

  Курстық жұмыс / 30 бет


You must be logged in to leave a reply.