Жоспары

Кіріспе—-4
Тарау 1. Әлемдiк экономиканың процестерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1.1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау.—10
Тарау 2.Еуропалық Одақ және Қазақстан
2.1. Еуропалық Одақ құрылуы мен қызметі——12
2.2.Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар—-18
Қорытынды—— 20
Пайдаланылған әдебиеттер —-21

Кіріспе

Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды.

     Тақырыптың өзектілігіҚазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.

    Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:  Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды:

• Қазақстанның даму эволюциясын зертеу және оның ішкі саясаты;

• Аса дамыған кезеңдерін бөліп алып зерттеу және стратегиялық мақсатын көрсету;

• Еуро Одақтың  даму тенденцияларын зерттеу;

• Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы байланыстарды зерттеу.

    Тақырыптың дерекнамалық негізі: Дерекнамалық негіздер ретінді Еуро Одақ пен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттары және халықаралық қатынастарда алатын орыны алынды.

    Тақырыптың хранологиялық шеңбері.  Курстық жұмыс 1995 жыл мен одан қазіргі кезеңге дейінгі аралықтарды қамтиды.

     Тақырыптың  теориялық — методологиялық негізі. Зерттеудің теориялық негізі отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінің негізінде алынған. Ал методологиялық негізі хронологиялық, салыстырмалық әдістер негізінде шықты.

    Тақырыптың зерттелу деңгейі:  Зерттеуге соңғы жылдары шыққан кітаптар, мақалалар пайдаланылды, және де мемлекет басшыларының арнайы сөздері пайдаланылды. Жұмыс барысында отандық авторлар еңбектері және Ресей ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.

    Курстық жұмыс тақырыбының бұрындары зерттелуі. Отандық және Ресей тарихнамасында бірнеше осы тақырыпқа қатысты еңбектер бар. Осыған қарамастан Еуро Одақ пен Қазақстан арасындағы байланыстар туралы  толық зерттеулер жүргізу қызықта әрі болашағы бар жұмыс. Сондықтан осы жұмыс арқылы тақырыптың ашылуына сәлде болса өз үлесімді қосуды жөн көрдім.

   Тақырыптың жаңалығы: Еуро Одақтың  қазіргі таңдағы жағдайы оның Қазақстан мен байланысы қазіргі таңның бірден-бір жаңалығы.

   Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден және  екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 22 бет


You must be logged in to leave a reply.