МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР, МАҒЫНАЛАР, ҚЫСҚАРТПАЛАР…3

КІРІСПЕ……4

I БӨЛІМ. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР..11
1.1 Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы екі жақты саяси қарым-қатынастар..11
1.2 Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі..21
1.3 Ресей Федерациясының орталықазиялық стратегиясы…..34

II БӨЛІМ. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР…..46
2.1 Орталық Азия аймағындағы көмірсутек факторының маңыздылығы…46
2.2 Орталық Азия аймағындағы көлік және байланыс саласын пайдаланудың өзекті мәселелері…55
2.3 Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық балансы……65
2.4 Орталық Азия аймағындағы ұлттық қаржылық жүйелерінің интеграциясының мәселесі….76

ҚОРЫТЫНДЫ………84
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…90
ҚОСЫМШАЛАР…95

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Орталық Азия тарихи тұрақтылығы  жағынан барлық Еуразия континентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлемнің маңызды геосаяси аймақтарының бірі болып табылады. ХХІ ғасырдың басында Ресей оның жаңа және қатаң ғылыми негіздерде геосаясатын қалыптастыруды талап ететін әлем құрылысының бұрынғы биполярлы моделінің құлауымен байланысты жағымсыз салдарларды жоюға ұмтылуда. Сыртқы саясатты жүзеге асыру барысында осы қадам шеңберінде әлемнің түрлі аймақтарының қазіргі геосаяси жағдайының дамуының тарихи ерекшеліктері мен Ресей мемлекетінің мақсаттарын ескеру қажет. Аз емес деңгейде бұл Ресейдің дәстүрлі ықпал ету саласы және көпжақты мүдделері бар Орталық Азия аймағына да қатысты [2.70; 7 б.].
Белгілі бір кезеңде маңыздылықтың  басымдылығы мен иерархиясы әр түрлі жағдайлармен анықталған жағдай Орталық Азияны дәстүрлі түрде РФ-ның мүдделер зонасына кіргізеді. Геосаяси, экономикалық және әскери мүдделерінің жалпы жиынтығында ресейлік саясатының аймақтағы маңызды бағыттары ұзақ мерзімді сипаттағы келесі факторларға негізделеді:
—    Орталық Азияның  Еуразиялық континентінің  ортасында орналасуы материктің айтарлықтай көп бөлігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне оның әсер ету көзқарасы жағынан стратегиялық мағынаға ие.
— Бүкіл Еуразияның инфрақұрылымын бақылауға мүмкіндік береді.
— Еуразиялық көліктік коридор тоғысында орналасуы мен кең көліктік коммуникациялық жүйесінің бар болуы. Орталық Азия мемлекеттерінің Иран арқылы — Парсы шығанағына, Ауғанстан мен Пәкістан арқылы — Үнді мұхитына, Қытай арқылы —  Азия-Тынық мұхитына аймағына шығу жолы бар.
—    Аймақта және Орталық Азия мемлекеттерінің әрбіреуіндегі жағдайдың даму бағыттылығы жалпы көбіне еуразиялық кеңістігінің ұлан-ғайыр кеңістігіндегі күштер балансының перспективасын анықтауы мүмкін.
—    Орталық Азия Ресей үшін оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстінде дәстүрлі «буфер» немесе қауіпсіздік белдеуі ретінде болып табылады.
—    Ресей үшін аймақтың ерекше маңыздылығын мұнай факторы мен Ресейдің Каспийде ықпалын сақтау ниеттілігі анықтайды.
—    Ресей үшін ядролық конфликтерді қоса алғанда таяу орналасқан аймақтарда толық ауқымды конфликтер пайда болған жағдайда сәйкесінше шараларды қабылдау үшін күш ресурстарын базалау зонасы ретінде аймақтың территориясы аса маңызды болып табылады.
—    РФ үшін аймақтың негізгі көліктік-коммуникациялық жолдар мен құбырөткізгіштеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін сыртқы саяси және экономикалық мағынаға ие болып табылады.
—    Аймақ Ресей үшін орыс және орысша сөйлейтін тұрғылықты халқы үшін «жауапкершілік зонасы», орыс тілі мен мәдениетінің маңызды саяси ролін сақтау болып табылады. [2.21; 2 б.].
Орталық Азия Ресейдің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында оның ұлттық мүдделерін, саяси тұрақтылығын, зерттелмелі аймақтың мемлекеттерімен тиімді саяси, экономикалық, әскери, социомәдени және этноконфессионалды қатынаста өте біркелкі емес аймақ болып табылады. Осыған байланысты сонымен қатар зерттеу жұмысының өзектілігі келесілермен шартталған: Біріншіден, осы аймақтағы АҚШ, ҚХР, Түркия, Иран, Пәкістан сияқты аймақтық державалардың экономикалық, саяси, идеологиялық және әскери мүдделердің қақтығысымен, екіншіден, аймақтық қауіпсіздіктің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мен бөлісу, Ауғанстандаығы жағдайдың реттелмеушілік, Иран айналасында әскери-саяси жағдайының шиеленіс мәселесімен өзара байланыстылығымен, үшіншіден, осы аймақта радикалды діни-экстремистік ұйымдар мен түрлі әскерилендірілген топтардың белсенді қызметкерлігімен, төртіншіден, әлі күнге шейін латенттік жағдайдағы, бірақ түрлі факторлардың ықпалымен қозып кетуі мүмкін ішкі сипаттағы мәселелердің бар болуымен. Бұл ең алдымен, аймақтағы жүріп жатқан саяси үрдістердің қарама-қайшылықтармен, этникалық және кланаралық аймақтық қарсытұрушылықта қақтығыстық потенциалдардың бар болуымен байланысты.
Осының бәрі Ресейдің осы аймақтағы геосаяси позицияларына айтарлықтай әжептәуір ықпал жасап жатыр. Осыған байланысты қазіргі жағдайда Ресейдің Орталық Азиядағы геосаясатының ерекшеліктерін зерттеу тек теориялық ғана емес, практикалық мәнге де ие [2.78; 4 б.].
Зеттеудің дерек көздері.  Осы зерттеу үшін маңызды дерек көздері ретінде осы аймақтағы халықаралық ұйымдар қызметкерлігі шеңберінде Ресей Федерациясының Орталық Азия аймағы мемлекеттерімен  саяси-экономикалық, әскери-саяси қатынастарды зерттеуге арналған еңбектер болып табылады. Оларға ұлтүсті сипаттағы құжаттарды жатқызуға болады. Осы құжаттарды жалпы сипаты бойынша екі топқа бөлуге болады.
Дерек көздерінің І тобына Ресей Федерациясының Орталық Азия мемлекеттерімен екі жақты келісім-шарттарды жатқызуға болады:
-1992 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен РФ арасында достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
-1992 жылы  20 наурызда Өзбекстан Республикасы мен РФ арасында достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
-1993 жылы 25 мамырда  Тәжікстан Республикасы мен РФ арасында Достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
-1992 жылы 10 маусымда Қырғызстан Республикасы мен РФ арасында достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
-1992 жылы 31 шілдеде Түркменстан Республикасы мен РФ арасында достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
Бұл келісім-шарттарда Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің екі жақты қарым-қатынастарының   саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, құқық қорғау, мәдени, ғылыми-техникалық, білім беру, энергетикалық, көліктік, несиелік-қаржылық, денсаулық сақтау, туризм, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты облыстарда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, сыртқы агрессия жағдайындағы өзара көмек қарастырылған. Бұл келісім-шарттар егеменділікті өзара құрметтеу, территориялық тұтастық, мемлекеттік шекараның бөлінбестігі, мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, күш не күш қаупін қолданбау сияқты халықаралық құқықтың қағидаларына негізделеді.
Дерек көздерінің ІІ тобына  Ресей Федерациясының Орталық Азия мемлекеттерімен көп жақты келісім-шарттарды жатқызуға болады:
-2000 жылы 10 қазанда Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы,Қырғызстан Республикасы,  РФ, Тәжікстан Республикасы арасында Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы келісім
-2002 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы арасында Орталықазиялық ынтымақтастық ұйымын құру  туралы Шарт
-2002 жылы 7 қазанда Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, РФ, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын құру туралы келісім-шарт
-2001 жылы 14-15 маусымда РФ, ҚХР, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы шарт.
Бұл келісім-шарттарда Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің арасында көп жақты негізде құрылған ұйымның мақсаттары, міндеттері, саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, құқық қорғау, табиғат қорғау, мәдени, ғылыми-техникалық, білім беру, энергетикалық, көліктік, несиелік-қаржылық  салаларда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, органдардың және хатшылықтың функциялары, қаражаттандыру, мүшелік мәселелері, осы ұйымның басқа халықаралық ұйымдармен өзарақатынастары, құқық субьектілігі, шешім қабылдау тәртібі, шешімдердің орындалуы, тұрақты өкілдіктері, иммунитеттер мен артықшылықтар, ресми және жұмыс тілдері, әрекет ету мерзімі, дауларды шешу тәртібі, толықтырулар мен өзгерістер мүмкіндіктері, депозитарийсы қарастырылады. Бұл келісім-шарттар да егеменділікті өзара құрметтеу, территориялық тұтастық, мемлекеттік шекараның бөлінбестігі, мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, күш не күш қаупін қолданбау сияқты халықаралық құқықтың қағидаларына негізделеді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында Еуразия кеңістігіндегі кең ауқымды геосаяси өзгерістерге қатысты мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы, себеп-салдарлы байланыстарды сараптау қажеттілігі, әлеуметтік-саяси жағдайлардың дамуын дәл бағалау және болжамалауда мұқтаждық осы мәселе бойынша бірқатар монографиялық және диссертациялық зеттеулер, ғылыми мақалалардың пайда болуын шарттады. Бұларды  шартты түрде 2 топқа бөлуге болады.
Зерттеулердің  І тобына ОА-ның әскери-саяси және экономикалық жағдайын және аймақтағы Ресейдің ролін зерттеуге бағытталған жұмыстар мен арнайы еңбектерді жатқызуға болады. Қарастырылып жатқан топта бөлінген еңбектердің сараптамасы аймақтың әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін, аймақтың тұрақтылығы пен қауіпсіздігіне және Ресейдің мүдделеріне төнген қауіп-қатерлерді айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеулердің ІІ тобына ОА-ғы әлеуметтік-саяси жағдайын қарастыратын және жалпы оның дамуының тенденцияларына және Ресейге де қатысты баға мен болжам беретін шетел ғалымдары мен зерттеушілердің, әсіресе Батыс мемлекеттері мен АҚШ-тың ғалымдары мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері жатады.
І топ еңбектерін зерттеу Орталық Азия және Ресейдің әскери-саяси және экономикалық, ал соңғы кезде энергоресурстық жағдайын саралауға қадам жасалынатын түрлі зерттеу позициялары туралы түсінік жасауға мүмкіндік береді. Осы қадамдармен танысу авторлардың тұрақты және ауыспалы геосаяси факторлардың түрлі конфигурациясына сүйенетіндігі есебінен маңызды болып келеді. Осымен көбінесе аймақтағы әскери-саяси жағдай туралы қорытындылардағы айырмашылықтар түсіндіріледі. Сараланып отырған еңбектерде Орталық Азияның қауіпсіздігінің негізгі мәселелерін, әлемнің жетекші мемлекеттердің геостратегиялық жоспарларындағы орны және ролін, қазіргі әлемдегі бәсекелестікті анықтауға қатысты түрлі қадамдар бар.
Воропаева В., Диканбаева Т., Дубровин С., Бирюков С., Малышева Д., Олимова С., Жуков Ю., Таксанов А., Абдуллаев Е. сияқты ғалымдардың еңбектерінде  Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің КСРО кезінде қалыптасқан екі жақты қарым-қатынастарының қазіргі  деңгейі, даму ерекшіліктері,  тенденциялары, саяси, экономикалық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты облыстарда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, перспективалары, Орталық Азия аймағының мемлекеттері мен Ресейдің саяси қарым-қатынастарындағы өзекті саяси және экономикалық мәселелері көрсетіледі.
Ауелбаев Б., Кожихов А., Лузянин С., Ларина Е., Кузьмина О., Мирсайитов И., Волков А., Тер-Погосян А., Рудов Г. сияқты ғалымдардың еңбектерінде Ресейдің Орталық Азия мемлекеттермен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету облысында екі жақты және көп жақты қарым-қатынастарының қазіргі  деңгейі,  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, әсерлесу деңгейінің негізгі жағымды және жағымсыз факторлары, аймақтағы негізгі потенциалды тұрақсыздандырғыш және қақтығыстық көздері мен сыртқы және ішкі факторлары, Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің Қытай, АҚШ, Түркия, Иран, ЕО, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты аймақтан тыс держава-ойыншылармен өзара әрекеттесуі, Ресейдің осы аймақ мемлекеттерімен ТМД, ҰҚШҰ, ОАЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара әрекеттесуі көрсетіледі.
Асадуллаев И., Бешимов Б., Махкамов М., Никуйко В., Эсенов М. сияқты ғалымдардың еңбектерінде Ресейдің Орталық Азия аймағындағы өзінің көздеген стратегиялық мақсаттарына  жету жолы ретінде  қолданып жатқан геосаясатының негізгі мәні, бастапқы және қазіргі  деңгейі, оның ерекшіліктері, оған ықпал еткен және етіп жатқан әр түрлі жағымды және жағымсыз факторлары, Ресейдің АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, ЕО, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты аймақтан тыс держава-ойыншылармен геосаяси және геоэкономикалық мүдделерінің қарама-қайшылықтары,  ХХІ ғасырдың басында аймақтағы күш орталықтарының орын ауыстыруы  нәтижесінде қалыптасқан жағдайларға байланысты Ресейдің сыртқы саясатының бағыттарының трансформациясы көрсетіледі.
Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық мүдделерін гармонизациялау және интеграциялық үрдістерді белсендендіру мақсатында әлемнің кез-келген аймағындағы геосаяси жағдайды зерттеуге жүйелік қадам пайдалану маңызды болып келеді. Осылайша жүйелік анализ шеңберінде Грозин А., Боронин О., Сидоров О., Чернявский С.И. еңбектерінде әлемнің белгілі бір  аймағындағы мемлекеттің сыртқы саяси қызметкерлерлігінің белгілі бір стратегиясын жасауға мүмкіндік беретін әлемдік саясатының субъектілер арасындағы қатынастарға түрлі қадамдар қарастырылады.
Жалпы алғанда, Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей арасындағы орнатылып жатқан экономикалық қатынастарды зерттеуге бағытталған Диканбаева Т., Рахматулина Г., Парамонов В., Бушков В., Олимов М., Апасов Р., Прокудин Ф., Притчин С., Богатырев В. сияқты отандық, ресей, ТМД мемлекеттерінің  мамандарының зерттеулері еңбектердің айтарлықтай көп бөлігін құрайды. Осы зерттеулердің назар ортасында Ресей мен Орталық Азия аймағының экономикалық, көліктік, қаржылық, су-энергетикалық, энергоресурстық ынтымақтастықты координациялау үшін құрылған ЕурАзЭқ және ОАЫҰ (Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы) сияқты ұйымдардың қызметкерлігі болып табылады. Осы еңбектерде Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің көмірсутегі, су-энергетикалық, көлік және байланыс, қаржы саласындағы екі жақты және көп жақты қарым-қатынастарының қазіргі  деңгейі, осы облысындағы  ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, перспективалары, экспорттау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, осы саладағы аймақтық экономикалық интеграциясына кедергі болып жатқан негізгі факторлары, Ресейдің АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, ЕО сияқты аймақтан тыс держава-ойыншылармен осы саладағы геосаяси және геоэкономикалық мүдделерінің қарама-қайшылықтары көрсетіледі.
Ал ІІ топқа келетін болсақ, Бжезинский З., Аллисон Р., Йонсон Л.сияқты бірқатар шетел ғалымдарының еңбектерінде Батыс пен АҚШ мемлекеттерінің мүдделері тарапынан аймақтағы әскери-саяси, экономикалық және энергоресурстық жағдайы қарастырылады, оған баға беріледі және сонымен қатар оның әрі қарай даму тенденцияларына салыстырмалы жобалау жасалынады.
Осы мәселе бойынша түрлі деректерді сараптау Қазақстан, Ресей және шетелде ұлттық күші және мүдделерін зерттеуге негізделген мемлекеттің біртұтас теориялық  геосаяси концепциясының жоқтығы туралы қорытынды жасауға болады. Ресейдің ғылыми және қоғамдық-саяси топтарында  Орталық Азия мемлекеттерімен қатынаста түрлі, кейде тіпті қарама-қарсы көзқарастар бар. Қоғамның барлық салаларының, соның ішінде ғылыми зерттеулер облысын да  қамтыған жүйелік дағдарыстың көрінісі болып табылатын ұлттық күші, оның геосаяси ықпалы және потенциалымен байланыстары категорияларын саралау мәселесі де аяғына дейін зерттелген жоқ. Сөйтіп, осы ғылыми тақырып қалыптасу кезеңінде қадамдар мен әдістердің кешенді пайдаланылуын талап етеді.
Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің геосаяси өзара әрекеттесудің мәселелерін қарастыруға арналған зерттеу еңбектердің әжептәуір санына қарамастан қолда бар дерек көздерінің сараптамасы саяси жағдайдың үнемі өзгеруі және әлемдік бәсекелестіктің қиындатылған жағдайында Ресейдің Орталық Азиядағы қазіргі геосаясаты мәселесін кешенді сараптау қажеттілігін көрсетеді.
Тақырыптың өзектілігі мен ғылыми зерттелу деңгейі осы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтады.  Осы жұмыстың мақсаты КСРО ыдырағаннан кейін өз саяси ұлттық мүдделерін жүзеге асыру мақсаты мен Ресей Федерациясының Орталық Азия аймағындағы қызметкерлігін, Орталық Азия мемлекеттері және Ресейдің өзара қарым-қатынастарындағы өзекті мәселелері мен болашағын сараптау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттерін шешу қажет:
— Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы екі жақты саяси  қарым-қатынастарын қарастыру.
— Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастарындағы  аймақтық қауіпсіздік мәселесін сараптау.
— Ресей Федерациясының орталықазиялық стратегиясын талдау.
— Орталық Азия аймағындағы  көмірсутек факторының маңыздылығын айқындау.
— Орталық Азия аймағындағы  көлік және байланыс саласын пайдаланудың өзекті мәселелерін анықтау.
— Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық балансын қарастыру.
-Орталық Азия аймағындағы  ұлттық қаржылық жүйелерінің  интеграциясының мәселесін сараптау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі өзінің геосаяси мүдделері жүзеге асыру бойынша оның әлемдік саясаттың субъектілері ретінде Орталық Азия мемлекеттерінің қатынастары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеудің әдістемелік негізі. Берілген тақырыппен жұмыс істеу барысында келесі әдістер пайдаланылды: құжаттарды зерттеу әдісі (Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының арасындағы екі жақты және ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ОАЫҰ сияқты посткеңестік кеңістіктегі халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көп жақты қатынастарын сипаттайтын  халықаралық келісім-шарттарды сараптағанда), сұрыптау әдісі (жұмысқа қажетті әдебиеттермен танысып, олармен жұмыс істеу барысында), салыстыру әдісі (Орталық Азиядағы әскери-саяси, экономикалық жағдайы, ішкі және сыртқы факторлардың аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсер етуі, осы аймақтың әлемдік деңгейдегі энергетикалық потенциалының шиеленісуі мен аймақтағы Ресейдің ролі мен оның осы аймақтағы стратегиялық мүдделердің аймақтан тыс АҚШ сияқты ұлы держава мен аймақтық деңгейдегі Түркия, Иран, Пәкістан сияқты Таяу, Орта және Оңтүстік Шығыстың мемлекеттерінің мүдделерімен қайшылыққа келу мәселелеріне  түрлі отандық, ТМД шеңберіндегі және Батыс авторлардың позицияларын салыстырғанда), тарихи-хронологиялық әдіс (Ресейдің посткеңестік кеңістіктің Орталық Азия мемлекеттерімен КСРО ыдырағаннан бастап қазіргі кезеңге дейінгі екі жақты және ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты қатынастарын, Ресейдің осы аймақтағы стратегиялық мүдделеріне сай жүргізген геосаясатының хронологиялық шеңберін анықтағанда), жүйелік қадам (2001 жылы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін қалыптасқан жаңа геосаяси өзгерістерге  Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің бейімделуін және осыған байланысты бір-бірімен өзара қатынастарын сараптау барысында).
Хронологиялық шеңберлер. Дипломдық жұмыстың тақырыбын қарастыру барысында мәселенің қазіргі жағдайының баяндауына ерекше көңіл бөлінді. Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының екі жақты және ТМД, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ сияқты посткеңестік кеңістіктегі халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көп жақты қатынастар тек КСРО ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер (соның ішінде Орталық Азия аймағында) пайда болғаннан кейін ғана жүзеге асырыла бастаған соң, дипломдық жұмыстың тақырыбының хронологиялық шеңбері 1991 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі уақытты қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы анықтамалар, мағыналар, қысқартпалардан, кіріспеден, 7 параграфтан тұратын 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан  тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 102 бет


You must be logged in to leave a reply.