Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
— Күрд мәдениеті
— ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы Күрд мәселесі
— Қазіргі таңдағы күрд мәселесі

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе.

Күрдтер – Таяу Шығыс аймағының ірі этносы, тарихшылардың зерттеулері бойынша жаңа дәуірге дейінгі екінші мыңжылдықта тіршілік еткен Оңтүстік-Батыс Азиядағы ежелгі халықтардың бірі. Тілі үндіеуропалық туыстастыққа кіреді, иран тілінің солтүстік-батыс тобына жатады. Тілінде көптеген диалектілер бар. Негізгі солтүстік «құрманжы» және оңтүстік «сорани» диалектілерін бөліп айтуға болады.

Күрд – бұл саны жағынан ең көп халықтардың бірі, алайда өз тәуелсіздігі жоқ халық. Қазіргі кезде әлемдегі күрдтердің саны 40 миллионнан асады. Саны жағынан Таяу Шығыс мемлекеттері арасынан араб, персия және түріктерден кейінгі төрттінші орында. Күрд мәселесі бұл қазіргі таңдағы ірі проблема болып тұр. Олар сонау ХІХ ғасырдан бері қазіргі күнге дейін өз тәуелсіздігі жолында күрес үстінде.

Түркиядағы күрдтер. Күрт этникасының ең көп орналасқан аймағы оңтүстік-шығыс және шығыс Түркия. Олар Ван өзені мен Диярбақыр қаласында тұрады. Түркиядағы күрд халқының саны жөнінен толық ақпарат жоқ. Жобамен 16-20 млн күрд бар делінеді.

Ирандағы күрдтер. Олардың қоныстанған жері Илам және Керманщах, Күрдистан және Батыс Азербайжан, хамадан және Зенджан. Иранда 5,5 млн күрд қоныстанған.

Ирактағы күрдтердің саны 5,6 млн аса. Сириядағы күрдтер: Солтүстік Сирияда 1,8-2 млн күрд тұрады.

ХІХ ғасырда Түркия мен ираннан күрд халқы Закавказе елдеріне көше бастады. Бұрынғы СССР құрамындағы мемлекеттерде 1 млн күрд, соның ішінде Азербайжанда, Арменияда, грузияда, Түркіменстанда және Қазақстанда. 2002 жылғы Ресей санағында 19,6 мың мұсылман күрд тұрады.

Күрд халқының тәуелсіздігі үшін бірінші бас көтеруі 1840 жылы Бадрхан-беком бастады. Жаңа кезеңдегі  көтерілісі Күрдістанда «Младтурецкой революция 1908» басталды.

Күрдтердің мәдениеті өз тамырларын ондаған мыңжылдықтарға бой тартқан тереңнен алады. Көшпенділер мен жартылай көшпенділер пішіні қазақ үйге ұқсайтын, ішкі жағы түрлі түсті жіптерден шеберлеп тоқылған, перде немесе шымылдықтармен бөлінген шатырларда (чадыр) тұрады.
Күрдтер баланың тууы, есімін қою, сүндетке отырғызу, балаларды тіл-көзден сақтау сияқты қатал сақталып отыратын отбасылық дәстүрлерге бай.
Этнос мәдениетінің құрамдас бөлігі – ұлттық киімі. Азия халықтарының киімінен өзіндік бейнесімен өзгешеленеді. Соншама көптүрлілік жергілікті жерлер мен климаттық жағдайларға байланысты қалыптасып отырған.
Дәстүрлі тағамдары көптеген халықтардың тағамдарына ұқсас. әдетте, олар сүт және ет тағамдары, көкөніс пен жемістерден де жиі дайындалады.
Күрдтер – тау халқы, сондықтан да негізгі айналысатындары мал шаруашылығы, тері илеу кәсібі, жүннен бұйымдар (кілем, киіз, тоқыма бұйымдары) дайындау дамыған. Ойпатжазықтағы тұрғындар ауыл шаруашылық өндірісімен айналысады.

Құрбан айтқа қой немесе өгіз шалады. Бұл ырымда міндетті түрде дұға оқылады. Тек күрдтерге ғана тән ұлттық мейрамға Қыдыр-Нәби жатады. Қыдыр-Нәби — туыстар арасындағы жақсы қарым-қатынас пен ауқаттылықтың қорғаушы періштесі, ұлы оразада ол әрбір үйге келеді.
Күрд халқының тарихында көптеген тамаша ақындар мен жазушылар өткен. әдебиет мектебінің негізін қалаушы  сарай ақыны Мело Джезери (12 ғ.) болды.

XX ғасыр  20-жылдары халықаралық қатынастар салыстырмалы түрде тұрақтанып, әлем бір сәт тынышталған еді. Алайда бұл күрдтер қоныстанған аймаққа қатысты болмады. Лозанна конференциясынан кейін қалыптасқан жағдай Таяу Шығыс халықтары мен елдеріне еркіндік, тұрақтылық және қауіпсіздікті алып келмеді. Бұл кезеңге дейін орын алған халықаралық қақтығыстар әрі қарай жалғасын тауып, өршіп отырды. Оның бірі — Күрдістан болатын. Күрд халқы соғыстан кейінгі жағдаймен келісе алмады. І дүниежүзілік соғысы кезінде, Севр келісімі уақытысында күрдтер тәуелсіздік алуға бір қадам жақын еді, бірақ төрт бөлікке бөлініп кетті. Лозаннадан кейінгі жаңа кезеңде күрд мәселесі (ұлттық тәуелсіздік үшін күресі) Түркия, Иран, Ирак пен Сирияның саяси тарихының тұрақты факторына айналды.

Күрдістанның көп аймағы мен халқының басым бөлігі Түркияның қол астына өтті. Күрдтер, негізінен, Түркияның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қоныстанды. Бұл аймақ шартты түрде «Түрік Күрдістаны» деп аталып, ауданы шамамен 225 мың шаршы километрге дейін жетті. Түрік Күрдістаны Түркияның 30% аймағы мен Күрдістанның 47%-ын алып жатыр.

Қазақша реферат / 16 бет


You must be logged in to leave a reply.