Жоспар:

Кіріспе

І-бөлім
1.1  ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы
1.2  Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі
1.3  Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
1.4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері

ІІ-бөлім
2.1 Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
2.2 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану
2.3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
2.4 Азаматтық хал актілері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер

Кіріспе

         Мен осы курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер қолданып, «Жеке тұлға- азаматтық құқықтың субъектісі ретінде» тақырыбын қарастырдым.

Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық  туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.

Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.

курстық жұмыс / 22 бет


You must be logged in to leave a reply.