Мазмұны.
Кіріспе………..3,4

І тарау. Заңдық жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
1.  Заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері,түсінігі………5

ІІ тарау. Заңды жауапкершіліктің жүзеге асырылу ерекшеліктері
2.1. Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы……..27
2.2. Заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар……….30,31

Қорытынды……..33
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Заңды жауапкершілік жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары.

Заңды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мұддесін кор-ғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген кұқықтық норманың санк-циясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершілікке тән белгілер:

1) Құқықтық нормаларда мемлекетпен тағайындалады;

2) Мемлекеттік мәжбүрлеумен негізделеді;

3) Арнаулы  өкілді мемлекеттік органдармен қолданылады;

4) Жаңа қосымша міндет жүктеумен байланысты болады;

5) Жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі теріс нәтиже түрінде көрінеді;

6) Құқық норма санкциясын жүзеге асыру нысаны, нақты жағдайда нақты адамға қатысты қолданылады;

7) Іс жүргізу нысанында жүктеледі;

8) Жасалған қылмыс үшін және соның деңгейіне сай қолданылады.

Заңды жауапкершіліктің фактілі негізі — құқықбұзушылық; заңды негізі — құқық нормасы және тиісті құқық қолдану актісі; мәжбүрлеу шаралар көлемі, нысаны. Мақсаты — субъективті құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамды тәртіпті қорғау.

Функциялары:

1) Айыптау — мемлекеттің жазалау реакциясын сипаттау;

2) Құқықты қалпына келтіру — келтірілген зиянды, шығынды толтыру;

3) Тәрбиелік  жеке превенция, жалпы превенция.

Қағидалары:

1) Әділеттілік;

2) Гумандылық адам намысына тиетін жаза қолданбау;

3) Заңдылық;

4) Негізделгендік;

5) Бұлтартпастығы;

6) Мақсаттылық, қажеттілік.

Заңды жауапкершілік әртүрлі негіздер бойынша жіктелінеді. Құқық салаларына байланысты:

—         қылмыстық  құқыққа сәйкес қолданылады, ешкім сот үкімінсіз кінәлі деп саналмайды жауапқа тартылмайды; ең ауыр жаза;

—         әкімшілік қоғамдық тәртіпті бұзу немесе атқару-жарлық етуші органдардың қызметіне кедергі келтіруге қатысты және т.б. қолданылады;

—         азаматтық шарт бұзғандық үшін немесе шарттан тыс міндеттемелерді орындау барысында қолданылады. Зиянды толық өтеу — негізгі принципі;

—         тәртіпшілік еңбек, оқу, қызмет ету, әскери тәртіптерді бұзғандық үшін қолданылады; түсініктеме талап етіледі; әкімшілік немесе тәртіпшілік алқамен салынады;

—         материалдық еңбектік міндеттерін атқару барысында қызметкер, жұмысшыға келтірілген кәсіпорын, мекеме, ұйым зияны үшін туындайды.

курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.