ЖОСПАР

Кіріспе …………3
Ι ЗАҢДЫ ТҰЛҒА  ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР………..6
1.1Заңды  тұлға  туралы ұғым……-
1.2Заңды  тұлғаны  құру……….9
1.3    Заңды  тұлғаны мемлекеттік  тіркеу  және қайта  тіркеу……..11
1.4  Заңды  тұлғаның  құқық  қабілеттігі  мен  әрекет  қабілеттігі…..12

ΙΙЗАҢДЫ  ТҰЛҒАНЫ  ТАРАТУ ТӘРТІБІ…………16
2.1 Заңды тұлғаны  тарату негіздері………-
2.2 Дәрменсіздік (банкроттық)…….-

ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ  ЖЕКЕЛЕГЕН  ТҮРЛЕРІ……18
3.1Коммерциялық  ұйымдар
Акционерлік   қоғам
Шаруашылық  серіктестік
Толық серіктестік
Сенім  серіктестігі
Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Өндірістік  кооператив
3.2 Коммерциялық  емес  ұйымдар……………26

Қорытынды…………29
   Қолданылған әдебиеттер тізімі………31

КІРІСПЕ

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.

Меншік,  шаруашылық  жүргізу  немесе  жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен  өз міндеттемелері  бойынша  жауап  беретін,  өз  атынан  мүліктік  және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер  бола  алатын ұйым заңды тұлға  деп  танылады./1.2., 14 б./

Заңды  тұлғаның дербес балансы немесе  сметасы болуы  тиіс.

Заңды  тұлғаның өз атауы жазылған  мөрі болады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:

  1. Коммерциялық;
  2. Коммерциялық емес.

Өз қызметінің мақсаты ретінде табысын  келтіруді  көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай  мақсат ретінде пайда  келтіре  алмайтын және  алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға  бола алады.

Коммерциялық  ұйым  болып  табылатын заңды тұлға мемлекеттік  кәсіпорын, шаруашылық  серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік  кооператив  нысандарында ғана  құрылуы  мүмкін.

Коммециялық емес ұйым болып  табылатын заңды  тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік  қоғамдар  тұтыну кооперативі, қоғамдық  қор, діни  бірлестік нысанында және заң  құжаттарында көзделген өзге де нысанда  құрылуы мүмкін.

 

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен таңылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның , оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), құқықтық жағдайы  жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай   қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қарлмақ,мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән –мағнасы неле деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий «мемлекттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі турады да, шаруаылық қызметтің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды» Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған»егер олай болса мемлекет өзімен- өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады.

Ал ғалым Д.М. Генкин «әлеуметтік ақиқат» теориясын ұсынады,яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи- экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші – директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі»,

А.А. Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі», Е.А.Суховтың «мақсатты мүлік» тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды тұлғағаға «адамдардың қатынасы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды тұлғаның әрекетінен көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасырын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.

Заңды тұлға туралы ілімде  осындай  әр  қилы  пікірлер  кездесуінің  өзі оның күрделі  құқықтық  құбылысы  екендігін анық дәлелдей түсінеді.

Біздің  осы  тақырыпты таңдап  алған  себебіміз  де  осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.

Курстық  жұмыстың  мақсаты  мен  міндеттері,  оның  оның  өзектілігімен  дәрежесіне  тікелей  байланысты  туындайды.

Осы  курстық  жұмысты  орындау  барысында  алға  қойған  мақсатымыз  Азаматтық  кодексте  көрсетілген  заңды  тұлға  тақырыбының  өзектілігін  ашып  толық  қанды  сипаттау.

Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда  алдымызға  қойған  ең  негізгі  міндетіміз:  ол  заңды  тұлға  ұғымына  тоқталу,   және  осы заңды тұлға  құрамына  кіретін  қатысушылардың  құқықтық  жағдайын  ашып  көрсету  және де осы заңды  тұлға  тақырыбына  жазылған  курстық  жұмыста  ең  өзекті мәселе  оның маңыздылығын  ашып көрсету.

 курстық жұмыс / 35 бет


You must be logged in to leave a reply.