Мазмұны

Кіріспе…………3

1  Заңды  типология  түсінігі
1.1  Заңды  типология………..5

2  Заң және құқық жүйелерінің  түсініктері мен ерекшеліктері
2.1  Заң  және  құқық  жүйелері …………11
2.2  Заң  жүйесі және құқық  жүйесінің  қатынасы……….18

3  Заңды жауапкершіліктің  түсінігі,  оның  түрлері………21

Қорытынды………………27
Қолданылған қайнар көздер тізімі…….29

Кіріспе

Құқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құқық теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Құқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен, мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік даму процесінде болады. Бұл процесте коғамның мазмұны өзгерсе соған сәйкес құқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның тарихи даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.

Қазіргі заманда құқықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойынша құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның эко-номикалық базисына байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процестер формациясында әртүрлі экономикалық базис болады.Соған сәйкес мемлекет пен  құқықтың мазмұны да өзгеріп отырады — деп түсіндіреді марксизм.

Сонымен, қазіргі замандағы құқық пен мемлекет мазмұны да, типо-логиясы да көп өзгеріске ұшырады. Олардың қанаушылық, таптық маз-мұндары бірте-бірте азаюда, жойылуда. Таптардың, топтардың ара қаты-насындағы кайшылықтар бейбітшілік жолмен тіл табысып, шешімін табуда. Таптық, қанаушылык, құқық пен мемлекет әлеуметтік құқық пен мемлекетке айналуда [1, 20 б.].

Нарықтық экономика жүйесінде қоғамдық қатынастарды реттеуде рыноктың заңдарының маңызы, рөлі күшеюде, әсіресе сұраныс пен ұсы-ныстың бұл процесте маңызды рөл атқаруы. Нарықтық экономиканың бір ғажабы — мемлекеттің әкімшілік функциясы азайған сайын коғамның кірісінің көбеюі, экономиканың нығайуы, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы анық байқалды.  Либералдық-демократиялық құкық адамдардың өміріне, жұмысына, іс-әрекетіне, бостандығына араласпауға, кіріспеуге қатаң мемлекеттік саясатқа айналдырып отыр. Керісінше, мемлекеттің қызметі нормативтік актілер арқылы халыктың бақылауында.

Қоғамда демократияның, бостандықтың сапасы жақсарған сайын мемлекет пен кұқықтың да жағдайлары тұрақтанып, күшейе беруге тиіс, көп мәселелер адамдардың, ұйымдардың өздерінің реттеп-басқаруына ауысып отырады. Осылай құқық пен мемлекеттің мазмұны мен нысаны, типологиясы мен түрі, қызметі халықтың мінез-құлқы, сана-сезімі, іс әрекетімен қалыптасып, қоғамның жақсы дамуына мүмкіншілік туады [2, 250-254 б.].

курстық жұмыс / 29 бет


You must be logged in to leave a reply.