Кіріспе

Негізгі бөлім
1) Бала құқығы
2) Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі
3) Қарулы қақтығыс кезіндегі бала құқықтары
4) Қарулы қақтығыс кезіндегі балалардың мәртебесі
5) Қарулы қақтығыс кезінде бала құқықтарын қамтамасыз етуші ұйым – Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің құқықтық мәртебесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық-құқықтық құжаттар жекелеген мемлекеттердің заңдарына ықпалына тигізіп отырады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарына мүше болып кірген ел халықаралық құқық нормаларын өз аумағында бұлжытпай орындап отыруға міндетті. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпісіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше болып кіргендіктен, осы ұйымдардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы құжаттарын мойындайды және оларда қойылатын талаптарды орындап отырады.

Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын құқықтық нормалар мен ережелер халықаралық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. БҰҰ-ның Жарғысында «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің құрметті борышы мен міндетті болып табылады» деп жарияланған. Осы Жарғыға сйкес әрбір мемлекет өз аумағында тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, адамды кемсітушілікке жол бермеуге тиіс.

Халықаралық құқықтық актілер Қазақстан Республикасындағы заң шығарудың қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді және олардың негізгі қағидаларын іс жүзінде басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміздің құқықтық жүйесін халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі деп таниды.

Адамдардың құқықтары мен бостандықтарына ең негізгі кепілдік – оның құқытары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана кез келеген елдің Конституциясында көрсетіледі. Конституция бойынша адамды құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданылады.

Адамдардың құқығы мен бостандығына негізгі кепілдік беретіндер – өздеріне осындай міндеттер жүктелген және оны іс жүзіне асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар азаматтардың құқығы мен бостандығын пайдалануына жағдай жасау үшін құрылған. Олардың негізгі мұратының өзі сол – азаматтардың заңды құқытарын қорғау үшін қызмет ету.

Қазақстан Республикасы өз экономикасын нарықтық қатынастар негізіне көшіруге байланысты мемлекеттің кепілдік рөлі де кеңейе түсті. Мемлекет және оның органдары азаматтарды, олардың құқығы мен бостандығын жекелеген төрешіл басшылардан, сыбайлас жемқорлардан, парақорлардан, қызметін бас пайдасына жұмсайтын қызметкерлерден ғана емес, сонымен бірге жеке меншік иелерінен, басқаның еңбегін пайдаланып кететін жылпостардан да қорғауға тиісті.

Мұндай кепілдіктер мен бостандықтар балаларға беріледі, олардың құқықтары халықаралық тұрғыда қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мақсатта көптеген халықаралық құжаттар қабылданған. Бірақ құжаттарда бала құқықтары нақты қамтылғанымен, оның проблемалық жақтарына аса назар бөлінбеген. Атап айтсақ, қазіргі қалыптасқан мәселерді толық шеше алмайды. Мұндай мәселелердің ішінде  қарулы қақтығыс кезіндегі бала құқықтарын ерекше атап кетуге болады.

Осы мәселеге байланысты бірнеше ұсыныс жасауға болады:

—         балалардың қарулы қақтығысқа қатысуына жол берген тұлғаларды жауапқа тарту;

—         қарулы қақтығыс кезінде психикалық зардап шеккен балаларға көмек көрсету институтын толық дамыту;

—         кейбір халықаралық құжаттарға өзгерістер енгізу;

—         Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің «Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар» деген тарауына кейбір өзгерістер енгізу.

 курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.