Жоспар:

Кіріспе……3
I.Сыбайлас жемқорлық
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы ……5
1.2 Сыбайлас жемқорлықтың түрлері……8
1.3 Парақорлыққа делдал болу…..12

II.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдар.Пара беру
2.1 Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары…….15
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар……21
2.3.Пара беру.Пара берудің объективті және субъективті жағы……24

Қорытынды…..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……29

КІРІСПЕ

  Тақырыптың өзектiлiгi. Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.

Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибені зерттей, талдай отырып,оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың бір түрі-пара беруге тоқталамыз.

Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, айқындап, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;

— сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілерін анықтау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;

Жұмыстың зерттеу әдiсi. Жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласына арналғандықтан сыбайлас жемқорлық факторларын белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, талдау әдісі, осы құбылыстың себептерін анықтау, ерекшелігін нақтылау үшін салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи, бақылау әдiстері қолданылды.

Кешегі КСРО шекпенінен шыққан республикалардың ішінен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заң алғвш болып біздің елімізде жарияланды.Содан бері жемқорлыққа қарсы күрес үнемі үздіксіз жүргізіліп келеді.Нәтиже жоқ емес,бар…бірақ осы бір келеңсіз құбылысты біржолата құрту тіпті мүмкін емес…2001жылдың күзінде Парламент үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы халықаралық конференция өткен  болатын.Алқалы жиында сөз сөйлеген академик Салық Зиманов:“Сыбайлас  жемқорлықты түбегейлі жеңу мүмкін емес,оны басқару керек” деген ой айтқан болатын.Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейгенімен,қоғам бұл дерттен құлан таза айыға алмай отыр.

  Курстық жұмыс / 30 бет


You must be logged in to leave a reply.