Мазмұны

КІРІСПЕ…..3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ……6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі……6
1.2  Сақтау шартының елеулі жағдайлары….15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын  қамтамасыз ететін жағдайлар…..18
1.4  Сақтау шартын өзгерту және бұзу …..25
2  САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі……31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері…..36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы….42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары………………43
ҚОРЫТЫНДЫ……48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….50

КІРІСПЕ

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.

Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.

Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.

Кез-келген азаматтық құқық субъектісінің коммерциялық жоспарын жарыққа шығару, ол жеке кәсіпкер немесе өнеркәсіп болмасын, мәмілелер мен шарттар жасаудан тысқары қала алмайды .

Сонымен қатар, заңды, сауатты жасалған  сақтау шарты – бұл субъектілердің алдарындағы мақсаттары мен тапсырмаларының сәтті орындалуының және олардың құқықтары мен мүдделерінің жақсы, сапалы қорғалуының кепілі.

Ал, алдын-ала болжаусыз жасалған шарттың нәтижесінде азаматтық айналымға қатысушылар арасында даулар туады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: шарты орындау кезінде туатын даулар, шарт талаптарын бұзғандығы үшін айыппұл өндіру т.б.

Бұл дипломдық жұмыстағы көзделген басты мақсат сақтау шарты туралы жалпы ережелерге қатысты сұрақтардың жауаптарын жарыққа шығарып, осы мәселеле жөнінде тың көзқарас, тұжырымдама беру.

Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауда – сақтау шартының жалпы жағдайлары, соның ішінде: сақтау шартының түсінігі, пайда болып, дамуы, шарттың мазмұны, елеулі жағдайлары, шарт жасасу тәртібі,  сақтау шартының жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар, шартты өзгерту және бұзу тәртібі сипатталады. Жұмыстың екінші тарауында- сақтау шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуі сипатталады. Соның ішінде, кәсіпкерлік саласында жаңадан қолданысқа түскен тауар қоймасында сақтау, даулы заттарды сақтау шарттарына жекелей тоқталып, аталған шарт түрлеріне мысалдар келтіріледі.

Сақтау шартын құрастырудың негізгі заңнамалық қайнар көздері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және басқа да жекелеген заң актілері болып табылады.

Азаматтық Кодекстің Ерекше бөлімінде сақтау шартын құқықтық реттеуге арналған нормалар бар.  Сақтау шарты жөнінде толық және дұрыс мағлұмат беретін материалдарды дипломдық жұмыс барысында ашып, анықтап, саралап, тұжырымдап көрсете келе, оны жасаудағы маңыздылықты, ұқыптылықты, тәртіпті сақтау жөнінде мәлімдемелер сипатталады.

Сонымен қатар сақтау шартының пайда болып, даму сатысындағы жетістіктер, қоғамның өзгеруіне байланысты туындаған ерекшеліктер, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған қажеттіліктер туралы ақпараттар жүйесі дипломдық жұмыстың тақырыбына арқау болып отыр.

Субьектілердің санасында шарт жөнінде дәйекті, сапалы, дұрыс ұғымды қалыптастыру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық саласында даму жолдарына дұрыс бағыт сілтеу, нарықтық экономика кезеңінде тараптар арасында кездесіп жататын әр түрлі келеңсіздіктерді болдырмауға, даулардың пайда болуын тежеуге ат салысу – дипломдық жұмысты жазудағы негізгі мақсаттардың бірі болып отыр.

Кез-келген білімді адамның, әсіресе мемлекеттік тілде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық кұқығы туралы, соның ішінде- шарттық құқық жөнінде де дұрыс бағыт-бағдары болуы тиіс.

Келешек өсіп келе жатқан ұрпак тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар кұқықтық, егемендік қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар. Сондықтан бұл жұмыс Қазақ азаматтарына сақтау шарттарының негізгі мәселелерін түсінуге өзіндік көмегін тигізсе, жұмысты жазудағы негізгі мақсат орындалды деп есептеуге болады.

 Дипломдық жұмыс / 45 бет


You must be logged in to leave a reply.