ЖОСПАР

КIРIСПЕ                                                                                                            3

1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ                                   5
2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР 11
3. ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ   30
4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ  БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ                           32
5. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ  ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ    36
6. ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ      37
7. МЕРЗІМДЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАЗА МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ                     39

ҚОРЫТЫНДЫ                             41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                               43

КIРIСПЕ

  Қылмыстық жаза — мемлекеттік күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.

Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.

Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.

Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз — қылмыс істеген аламға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысыны сайкелетін,әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.

курстық жұмыс / 42 бет


You must be logged in to leave a reply.