Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.

Қылмыстық заңның түсінігі.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.

Қылмыстық заңды түсіндіру.

      3.  Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

 

Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика  Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.

Ал осы қылмыстық заңның міндетіне тоқталатын болсақ, қылмыстық заңның міндетері                               болып – бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсізділігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Осы жазып өткен  міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті   іс — әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.

Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу     арқылы      адамның     жеке    басына,    қоғамға  мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.

Қылмысытық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.

курстық жұмыс / 31 бет


You must be logged in to leave a reply.