ЖОСПАР

КІРІСПЕ………………3

І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ
1.1 Қылмыстық сот ісін жүргізудің мәні мен  мазмұны…………….7
1.2 Қылмыстық сот ісін жүргізу құқығының құрылымы…………9
1.3 Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен оның құқық жүйесіндегі  орны…………11

ІІ.  ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру………….14
2.2 Қылмыстық iстi қысқарту……………………20
2.3 Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау…………….25

ҚОРЫТЫНДЫ…………26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………..29

КІРІСПЕ

Жұмыс өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық іс жүргізу құқығы дамуының кеңестік кезеңіне осы сала мәнінің мәселелері түрліше шешілген кезеңдер тән. 50-ші жылдарға шейін кеңестік қылмыстық процесс — нақты қызмет саласын реттейтін құқықтық нормалар жуйесі, ал доктринаға байланысты барлық нәрселердің процеске қатысы жоқ деп саналып келді. Басқаша айтқанда, қылмыстық іс жүргізу қызметі бар да, қылмыстық іс жүргізу құқығы дейтін сала жоқ. Н. Н. Полянский, В. Я. Лившиц, И. Д. Перлов сияқты ғалымдар өз еңбектерінде қылмыстық процеске тек қана қолданбалы, материалдық құқықтан туындайтын сипат беруге тырысты. XX ғасырдың екінші жартысында қылмыстық процеске дербес сала сипатын беруге арналған алғашқы жарияланымдар, осы айқындамаға негіздемелер пайда болды. Ең көрнекті зерттеушілердің бірі — М. С. Строгович қылмыстық іс жүргізу құқығының кеңестік құқық жуйесіндегі орны туралы проблемаларды ғылыми талдауға айтарлықтай елеулі үлес қосты.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының мән-жайы жөніндегі ең соны көзқа-рас құқықтық реттеу әдісін түсінуге негізделген. Сонымен бірге құқықтық реттеу әдісінің проблемалары жеткіліксіз зерттеп шешілген.

Осыған байланысты заң режимімен өзара байланыста қаралатын ұғым көкейкесті болып табылады. Л. Б. Алексеевтің атап көрсетуінше, заң режимінің негізгі элементтеріне мыналар қамтылады: а) құқықтық реттеу әдісі; ә) құқықтық принциптер; б) құқықтық реттеу механизмі.

Курстық жұмыстың мақсаты. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы қылмыстық істі тоқтату негіздерін зерттеу мақсатында тақырыпқа сәйкес мәліметтер жинап, тақырыпты зерттеу.

Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтатуға негiз болған жағдайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады. Әлгi жағдайлар жойылған соң анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен ол жаңартылады.

Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе жаңарту туралы процеске қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.

Тоқтатылып қойған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiн үзу туралы мәлiмет болмаса, қылмыстық заңмен белгiленген ескiру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша тоқтатылуға тиiс.

Қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын түсіну кepeк.

Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыру барысында бір факті бойынша түрлі өкілетті органдар қылмыстық істерді дербес қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бір мезгілде жүргізетін жайттар пайда болуы мүмкін. Осы фактінің аныкталуы бір адам және бір мән-жай бойынша екі іс жүргізілуінің дереу тыйылуына әкеліп соғады. Әйтпеген жағдайда қайтадан соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол беруге болмайтыны жөніндегі принциптің бұзылуына жол беріледі.

Бір оқиға жөнінде түрлі айыпталушыларға қатысты істердің бөлек жүргізілуі қылмыстың тұтас көрінісінің қалпына келтірілуіне бөгет жасайтын жайттар қалыптасуы мүмкін, оның өзі сот төрелігінің мақсаттарына қол жетуін қиындатады. Осы жағдайларды сол қылмыстық істерді бір іс етіп біріктіру жолымен жоюға болады.

Келтірілген және сол сияқты оқиғалар істі біріктіруге немесе бөлектеуге байланысты шешімдер қабылдануын кажет етеді. Қылмыстық істі біріктіру немесе бөлектеу туралы мәселені дұрыс шешудің маңыздылығы судьяның қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару немесе істі бөлектеу құқығымен атап көрсетіледі (ҚІЖК, 303-бап, 1-бөлік, 2-тармақ).

ҚІЖК 48-бабына сәйкес мыналар бір істе біріктірілмеуге тиіс:

1) әр түрлі адамдарға қатысты бірдей айыптау;

2) жеке айыптау ісі қаралатын жағдайларды қоспағанда, бір-біріне қатысты қылмыс жасағаңдағы тағылатын адамдарға қатысты айыптау;

3) біреуі бойынша қылмыстық ізге түсу — жеке түрде, ал екіншісі бойынша — жария түрде жүзеге асырылатын істер;

4) біріктіріп қарау істі объективті қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да айыптаулар.

ҚІЖК-тің 48-бабының мәнінен негіздер бар болған жағдайда істерді біріктіруге салынған тыйым орындау үшін міндетті болып табылатыны байқалады. Біріктіруге келетін болсақ, заңда оның орын алуы мүмкін екені, бірақ ешкімге де мағыналас міндеттер жүктелмейтіні айтылған. Біріктіру ережелері туралы нұсқаулардың факультативтік сипаты қылмыстық процесті жүргізуші органға бұл мәселені нақты қалыптасатын жағдайды негізге ала отырып шешу құқығын береді.

ҚІЖК-тің 49-бабына сәйкес сот, қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық істен:

1) қылмыстық іс тоқтатылуға тиіс болғанда жекелеген айыптаушыларға;

2) мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшін негіз оған қатысты болатын, бірақ басқа айыпталушыларға қатысты болмайтын жекелеген айыптаушыларға;

3) ересектермен бірге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға;

4) қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға катысты басқа қылмыстык істі жеке жүргізуге бөлектеуге құқылы.

Істі жеке жүргізуге бөлектеудің бірінші негізі заң шығарушының сот ісінің шапшаң жүргізілуін қамтамасыз етуге, жәбірленушілердің, азаматтық талапкерлердің және процеске қатысушы басқа да адамдардың мүдделерін барынша сақтауға ұмтылуымен байланысты. Іс жүргізуді тоқтата тұру дәлелдер жинау, іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру уакытша тоқтаты-латынын білдіреді. Егер іс бойынша екі және одан көп айыпталушы өтетін болса, олардың бірі тергеу мен соттан жасырынып, оны іздеу өте қиынға соғатын болса, бүкіл қылмыстық іс жүргізудің токтатып қойылуы процеске өзге қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін елеулі түрде шектеуі мүмкін. Өзге айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында оларға қатысты істер жеке жүргізілетіндей етіп бөлектелуі мүмкін.

Қылмыстық істі жеке жүргізуге бөлектеу—соттың, қылмыстық ізге түсу органының құқығы. Занда істің бөлектелуі орынды болатын жағдайлар белгіленген:

— істі бөлектеу зерттеудің және істі шешудің жан-жақтылығына, толымдылығына әсер етпеуге тиіс;

— бөлектелген істерді сотта қарау шешімнің объективтілігі мен зандылығына әсер етпейді;

— процеске қатысушылардың құқықтары толық көлемінде сақталады;

— істің бөлектелуі сот төрелігіне байланысты емес мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес.

Істі жеке іс жүргізуге бөлектеудің іс жүргізушілік негіздері қылмыстық процесті жүргізуші органның ол туралы қаулысы болып табылады, қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жолдануға тиіс.

Бөлектелген қылмыстық іс бойынша іс жүргізу мерзімі жаңа тұлғаға қатысты істі бөлектеу туралы немесе жаңа қылмыс бойынша қаулы шығарылған күннен бастап есептеледі. Барлық басқа жағдайларда мерзім негізгі қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап есептеледі.

Курстық жұмыстың міндеттері:

— Қылмыстық істі тоқтату негіздерін;

— Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруды;

— Қылмыстық iстi қысқартуды;

— Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау және т.б. зерттеу.

курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.