Мазмұны

Кіріспе

1. Қылмыс ұғымы
1.1. Қылмыс ұғымы және белгілері,түрлері
1.2. Қылмыс құрамы және түрлері, қылмыс субъектісінің түсінігі және міндеттері
1.3. Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың шарты
1.4. Жасқа толу – қылмыс субъектісі белгілерінің бірі
1.5. Қылмыстың арнаулы субъектісі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық — нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.

Қылмыстылықпен  күрес, қылмыскердің  тұлғасына  ғылыми негізде зерттеу, орын  алған қылмысты құбылыстардың  себептері мен оған  мүмкіндік  жасайтын мән — жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің  бір болып  саналады.

Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қылмыстың арнаулы субъектісі». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:

  • Қылмыс ұғымы және белгілері,түрлері

Қылмыс құрамы және түрлері, қылмыс субъектісінің түсінігі

және міндеттері

  • Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты
  • Жасқа толу – қылмыс субъектісі белгілерінің бірі
  • Қылмыстың арнаулы субъектісі

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстың ұғымын және оның белгілерін,түрлерін, қылмыс құрамы және қылмыс субъектісінің түсінігі мен міндеттерін және қылмыстың  арнаулы субъектісі жайлы толықтай зерттеу болып табылады.

Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды  қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

Негізгі бөлімнің тақырыбы бойынша қылмыс ұғымының жалпы түсінігі, белгілері және түрлері, қылмыс құрамы және қылмыс субъектісінің түсінігі мен міндеттері, сондай-ақ есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың шарты, жасқа толу – қылмыс субъектісі белгілерінің бірі, қылмыстың арнаулы субъектісіне жалпы түсінік берілген.

Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты  қылмыстың арнаулы субъектісін толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, қосымша, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

курстық жұмыс / 29 бет


You must be logged in to leave a reply.