Кіріспе…………4-6

1. Қылмысқа қатысудың түсінігі және белгілері……….7-8
2. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары………………………..8-13
3. Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі  және  шегі…………….14-17
4. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері………….18-20
5. Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы…… 20-22
6. Қылмысқа жанасушылық…………..22-25

Қорытынды…………26-27
Пайдаланылған әдебиеттер …………….28

 Кіріспе

Қылмысқа  қатысу  қылмыстық  құқық  бойынша  қылмыс істеудің ерекше  нысаны   ретінде  қарастырылады,  өйткені  жеке  дара  қылмыс жасауға қарағанда  қылмысты осы нысанда істеудің кауіптілік дәрежесі  және  келтіретін  залалы да зор. Бірнеше  адамның  күш  біріктіріп  бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың — қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді  жеңілдетіп  қана қоймайды,  сонымен  бірге Қылмыстық  Заң  қорғайтын коғамдык қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру каупін туғызады. Қылмыс   істеуді  осылай  жүзеге  асыру  қылмысты    іс-әрекеттің  өзін жоюға, кайсыбір  жағдайларда  бір  адамның  қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мелшері де жеке дара адам істеген кылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ  бұл адамдардың жауаптылығының  негізі мен  шегін,  олардың  әрқайссының бірлесіп қылмыс  істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір  қылмыскердің жеке тұлғасының  ерекшеліктерін  анықтаудың  маңызы зор.  Қылмысқа   қатысу   институты   ғана осы мәселелерді аныктауға толык мүмкіндік туғызады.
Қылмыстық занда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілері және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (Қылмыстық кодекстің-тің 27, 28, 29, 31-баптары).
Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте кеп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқгы жұмыстар бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады.

Қылымысқа қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «Екі немесе оданда көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады»-делінген.

Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік обьективтік және субьективтік белгілері бар.Қылмысқа қатысудың обьективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы болып табылады.Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы керек.Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып табылады, сол себептен ол қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмысты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысы бірлесіп істейді. Обьективтік жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу деп – оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет.Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін.Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей  орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың, айдап салушылардың, көмектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен  себепті байланысы болуы шарт.Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген қылмыстық қатысушыларының бірлескен қылмысты іс-әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.

Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзра байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады.Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады.Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады.Субьективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.

Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады.Абайсыздықпен істелетін қылымыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды. Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекетті қасақана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмысты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмысты іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен де болуы мүмкін.

Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының істейтін қылмысының қоғамға зияндылығының мәнісін сезіну, сондай-ақ сол адамның қылмысты жалғыз өзінің емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын мән-жайларды сезінуі шарт. Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін, ниетін, және өздерінің орындаушының қылмысты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі қажет.Ал, қылмысты орындаушы болса ол қылмысқа басқа қатысушылардың өзіне қылмысқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да хабардар болады.

Қылмысқа қатысу – барлық қатысушылардың бірыңғай қылмысты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді.Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін.Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін.

Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушылар қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыруы үшін өздерінің қылмысты әрекеттерін білдіреді.

курстық жұмыс / 27 бет


You must be logged in to leave a reply.