Жоспар:

Кіріспе

  1. Қылмыс ұғымы және оның әлеуметтік мәні. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық; және мемлекеттік мүдделерге қолсұғушылықтың қауіптірек түрі ретінде.
  2. Қылмыстық құқықтағы қылмыстың ұғымы және оның белгілері.
  3. Қылмыстардың жіктелуі және оның маңызы.
  4. Қылмыстың әкімшілік құқық бұзушылықтан, азаматтық және тәртіптік қылықтардан айырмашылығы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қылмыстық кұқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың үғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы кақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықгау және оған осы мәселеде қылмыстык құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу-қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің ( әрекет немесе әрекетсіздіктің)  көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.

Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұскаулар немесе арнаулы жарлықгар, бұйрыктар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықгы қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықган қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.

Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.

Міне, осы тақырып барысында ҚР ҚК-нің тиісті баптарына сәйкес қылмыстың ұғымын, белгілерін, олардың жіктелуін және олардың басқа да құқық бұзушылықтардан өзгешеліктерін қарастырамыз.

курстық жұмыс / 27 бет


You must be logged in to leave a reply.