МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………….3

1. ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыс істеу сатыларының ұғымы……….5
1.2 Қылмыс істеуге дайындалу…………10
1.3 Қылмыс істеуге оқталу………..14

2. АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Аяқталған қылмыстың негізгі ерекшелігі……20
2.2 Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту……22
2.3 Қылмыс істеуден өз еркімен бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары……..25

ҚОРЫТЫНДЫ………26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………..27

КІРІСПЕ

Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой – ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой – ниет адамның нақты мінез құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда белгілі себептерге байланысты адамның қасақана ойлаған іс-әрекеті ақырына дейін детпейтін кезеңдері болады. Мысалы, қылмыскер кісі өлтіру үшін қару сатып алады, бірақ осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ұстайды. Сол сияқты қылмыскер қаруды алып, жәбірленушіні өлтіру мақсатымен атады, бірақ жәбірленуші жеңіл жарақаттанып тірі қалады.

Сондықтан қылмыстық құқық теориясымен сот тәжірибесі қылмыстық заңға сүйене отырып, қасақана қылмыс істеу сатыларын ажыратады.

Қасақана қылмыс істеу сатылары деп қасақана дайындалу, оқталудан аяқталғанға дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз. Олар қылмыстың объективтік жағымен кінәлінің қасақаналық ниетін жүзеге асыру дәрежесіне байланысты бір бірінен ерекшеленіп ажыратылады. Көрсетілген сатыларды анықтау, аяқталған қылмыс құрамын құрамайтын қасақана қылмыстық іс-әрекет жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін және жаза тағайындау үшін өте қажет.

ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыс істеу сатыларын үшке бөледі.

  • Қылмыс істеуге дайындалу
  • Қылмыс істеуге оқталу
  • Аяқталған қылмыс.

Қылмыс істеуге дайындалу — қылмысты жасау үшін қасақана жағдай туғызудың кез-келген түрлерін құрайды.

Қылмыс істеуге оқталу деп – тұлғаның қылмыс істеуге тікелей іс-әрекет жасағанымен, қайсы бір себептермен қылмыс іс жүзіне асырылмаған жағдайды айтамыз.

Аяқталған қылмыс деп – тұлғаның жасаған әрекетінде нақты қылмыс құрамының барлық белгілері бар қылмысты айтамыз.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Адам белгілі бір қылмыстық іс-әрекет жасағанда міндетті түрде қылмыс істеу сатылары бойынша сараланады. Ал егер де қылмыстық іс — әрекет  істеуге дайындалса немесе оқталса, қылмыс істеуге дайындалу және оқталу бабы бойынша сараланады, яғни бұл аяқталмаған қылмыс болып табылады. Яғни бұл жұмыста ең алдымен қылмыс істеу сатыларын айыра біле тұра, тиісті жаза қолдануға негіз болады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ. Қылмыс істеу сатыларының ара – жігін және айырмашылығын ашу, яғни, қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу, сондай – ақ аяқталған қылмыстарды бір – бірінен ажырата білу.

Қылмыс істеу сатыларынсыз бір қылмысты саралау мүмкін емес. Сондықтан, мен осы қылмыс істеу сатыларының белгілі бір қылмыстық іс — әрекетті саралау үшін, оларды бір – бірінен ажырату үшін алатын орны және маңызы өте зор деп ойлаймын.

курстық жұмыс / 27 бет


You must be logged in to leave a reply.